Білімділік: оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін
көтеру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлеу білу әрекеттерін жетілдіру; ата – ана мен мектеп, пән арасындағы қарым – қатынасты нығайту;
Тәрбиелік: жеткіншектерді Отан қорғауға, туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«Әкем, анам және мен (интеллектуалдық ойын)»
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен»
Интеллектуалды ойын.
Мақсаттары:
Білімділік: оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін
көтеру;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлеу білу әрекеттерін жетілдіру; ата – ана мен мектеп, пән арасындағы қарым – қатынасты нығайту;
Тәрбиелік: жеткіншектерді Отан қорғауға, туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
- деп ақын ағамыз жырлағандай, Отанымыздың ертеңі жарқын болуы – туған тілімізден басталады.
Олай болса, «Әкем, анам және мен» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!
Бүгінгі мерекеміздің мақсаты оқушылар мен олардың ата – аналарының қаншалықты мемлекеттік тілді меңгергенін бақылап, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру; ата – ана мен мектеп, пән арасындағы қарым – қатынасты нығайту.
Дорогие родители, учителя и ребята!
Сегодня наше мероприятие под названием «Папа , мама и я» приурочено на знание государственногот языка.
Олай болса, бүгінгі сайысымыздың ойыншыларымен танысайық!
Бірінші отбасы – Құрмаш отбасы
Екінші отбасы – Мәтім отбасы
Үшінші отбасы – Зыряновтар отбасы
Төртінші отбасы – Қонысбай отбасы
Бесінші отбасы – Қаражан отбасы
Алтыншы отбасы – Куантаев отбасы
Ал , енді сайысымызға келетін болсақ, сайыс 9 турдан тұрады:
1 тур – «Таныстыру»
ІІ тур – «Ассоциация құру»
ІІІ тур – «Мемлекеттік тіл - ортақ»
ІY тур – «Дұрыс па , бұрыс па?»
Y тур – «Мың бір мақал»
YI тур – Ата – аналарға арналған тур – «Қазақшаңыз қалай? »
YII тур – «Қазақ есімдері»
YIII тур – «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
IX тур – «Кім жылдам?»
Турлардың қорытындысы бойынша әр үш турдан кейін ең аз ұпай жинаған отбасы ойыннан шығады.
Состязание состоит из девяти туров. После каждого три тура семья которая набрала наименшее баллов выбывает из игры.
Итак, желаю всем Удачи!
Әділ қазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Іске сәт! Удачи!
ІІ . Негізгі бөлім.
І тур. «Таныстыру»
Бұл кезеңде отбасылар өздерін таныстырады.
ІІ тур. «Ассоциация құру»
Құрметті ойыншылар, бізден Америкаға тән белгілерді сұраса, біздің ойымызға ең алдымен доллар, Нью-Иорк, Барак Обама, Трамп келетіні белгілі.
Ал енді, біз «Қазақстан» сөзін естігенде біздің ойымызға не келетінін көрейік.
Ойыншылар бір минут ішінде алдарындағы параққа «Қазақстан» сөзіне ассоциациялар жазады.
ІІІ тур. «Мемлекеттік тіл - ортақ»
Бұл турда берілген мәтінді ата – аналар оқиды, балалар орыс тіліне аударады .
Әділ қазы алқасы мәтіннің дұрыс оқылуына , аударылуына көңіл бөледі.
Музыкалық үзіліс.
Үшінші турдан кейін, ең аз балл жинаған отбасы ойыннан шығады.
IY тур. «Дұрыс па, бұрыс па?»
Әр отбасына бес сұрақтан қойылады. Оқушылар сұрақтың бұрыс, дұрыс екенін айтады.
№ 1 отбасы.
Бәйге қазақтың ұлттық ойыны
Бешбармақ – француздардың ұлттық тағамы
Наурыз – шығыс қазақтарының мейрамы.
Хачапури – қазақтың ұлттық тағамы.
Қымыз – жылқы сүті.
№ 2 отбасы.
Илья Муромец – қазақтың батыры.
Масленица мейрамында орыстар бауырсақ пісіреді.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны
Қазақстан – біздің Отанымыз.
Роза Рымбаева - Италья әншісі.
№ 3 отбасы.
Ит – төрт түлік мал
Семей – Ұлы Абайдың туған жері
Қазақстанның астанасы – Алматы
Қымызды сиыр сүтінен жасайды
Төле би – қазақ халқының ханы
№ 4 отбасы.
Наурыз – күз айы
Астана – Қырғызстанның астанасы
Қазақ тілінде 42 әріп бар
Біздің мектепте неміс тілі сабағы болады.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі
№ 5 отбасы.
А.С.Пушкин – қазақ халқының ұлы ақыны
Әр адам өз ана тілін білуі керек
Ақын өлең жазады
Мектепте сабақ мамыр айында басталады
Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаев
Y тур. «Мың бір мақал»
Ойыншыларға мақалдың бір бөлігі айтылады, екінші бөлігін ойыншы тауып айтады.
№ 1 отбасы.
Кітап – білім ... . (бұлағы)
Отан үшін отқа түс ... . (күймейсің)
Көп біл, аз ... . (сөйле)
№ 2 отбасы.
Отансыз адам - ... . (ормансыз бұлбұл)
Туған жердей жер болмас, ... . (туған елдей ел болмас)
Уақыт алтыннан ... . (қымбат)
№ 3 отбасы.
Әкеге қарап ұл ... . (өсер)
Оқусыз білім жоқ, білімсіз ... . (күнің жоқ)
Аз сөз алтын, көп сөз ... . (көмір)
№ 4 отбасы.
Отанды сүю отбасынан ... . (басталады)
Туған жер алтын ... . (бесік)
Отан оттан да ... . (ыстық)
№ 5 отбасы.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе ... . (жердің көркі)
Білекті бірді жығады, білімді ... . (мыңды жығады)
Оқу инемен құдық ... . (қазғандай)
Көрермендермен ойын
Сұрақтары: 1. Абайдың шын аты кім?
Шоқанның шын аты кім?
3. Әл Фарабидің толық аты қалай?
(Жеңімпаздарды марапаттау)
YІ тур. «Қазақшаңыз қалай?»
Ата –аналарға арналған тур.
Олар «Мектеп», «Емхана», «Театр», «Дүкен», «Асхана» тақырыптарына білетін сөздерін жазып шығады. (1 минут)
Бұл турдан кейін ең аз ұпай жинаған екі отбасы ойыннан шығады.
Музыкалық үзіліс
YІІ тур. «Қазақ есімдері»
Осы турда ойыншылар кісі есімдерін қазақ тіліне аударады.
№ 1 отбасы.
Красивая как луна
Шелк
Ласточка
Гражданин
Торжество
№ 2 отбасы.
Утренняя звезда
Лунный свет
Жемчуг
Любовь
Глаза как у верблюжонка
№ 3 отбасы.
Надежа
Справедливый
Гранат
Лучик света
Счастье
YІІ тур. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Оқушылардың таңдап алынған әріптеріне сәйкес қойылған сұраққа осы әріптен басталатын сөзбен жауап береді.
№ 1 отбасы.
Қазақ тілінде сөйлей аласың ба?
Бүгінгі ауа райы қандай?
Қандай пәнді ұнатасың?
Қазақстанның қай қаласында тұрғын келеді?
№ 2 отбасы.
Үйдегілер сені қалай қалай еркелетеді?
Теледидардағы бағдарламалар ұнай ма?
Болашақта кім боласың?
Сенің мінезің қандай?
№ 3 отбасы.
Достарыңа қандай тілек айтасың?
Жазда қайда демаласың?
Ертең аптаның қай күні?
Сүйікті асың?
Таңдалатын әріптер: Ж, К, Т, С, Б.
ІХ тур. «Кім жылдам?»
Әр оқушыға сұрақтар қойылады.
№ 1 отбасы.
«Независимость» сөзінің аудармасы (тәуелсіздік)
ҚР Президенті (Н.Ә.Назарбаев)
Жақсы сөзінің антонимы.
Мұхтар Әуезов кім? (жазушы)
Конституция күні (30 тамыз)
Христиандардың басты мерекесі (пасха)
Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)
Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубакіров)
Адамда неше саусақ бар?
Жаз мезгілінен кейін не келеді? (күз)
Күнге ең жақын планета? (Меркурий)
Сиырдың төлі (бұзау)
Мұсылмандардың діні (ислам)
«Мұғалім сөзінің синонимдері (ұстаз, оқытушы)
Қазақ алфавитінде неше әріп? (42)
№ 2 отбасы.
1.Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы (Ыбырай Алтынсарин)
2. Қазақ халқының ұлттық ойыны? («Қыз қуу, «Бәйге, «Көкпар)
Қазақстанның оңтүстік астанасы?(Алматы)
Ресей астанасы ? (Мәскеу)
Бір жылда неше ай бар?(он екі)
Америкалық ақша (доллар)
Жылқының төлі (құлын)
Наурызды қашан тойлаймыз? (22-наурызда)
«Ұзын» сөзінің антонимі (қысқа)
Астана қаласындағы РФММ – нің директоры кім?
Неше септік бар? (7)
Жүз жасаған ақын (Жамбыл)
Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
Қыста не жауады? (қар)
Руың кім?
№ 3 отбасы.
Ән ұранның авторлары кім?(Ж.Нәжміденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)
Қазақстандағы мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)
Неше септік бар?(7)
Қазақ халқының ұлттық, музыкалық аспабы?(домбыра)
Қыста ауа райы қандай? (суық)
«Ақ» сөзінің антонимі (қара)
Туда не бейнеленген?(қыран құс, күн, ұлттық өрнек)
Етістіктің аудармасы (глагол)
Анаңның анасы саған кім болады?(әже)
«Отбасы» орысша қалай ?(семья)
Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)
Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
Етістік қандай сұраққа жауап береді? (не істеді? не қылды?)
Сенің жасың нешеде?
Мектепте сабақ қай айда басталады?(қыркүйекте)
Ата – аналарға тапсырма:
Сөздерді аудару.
№ 1 отбасы.
Учитель
Хлеб
Улица
Государство
Семья
№ 2 отбасы.
Класс
Сахар
Водитель
Зоопарк
Вопрос
№ 3 отбасы.
Учитель
Мука
Великий Шелковый путь
Сосед
Район
Музыкалық үзіліс
ІІІ бөлім. Қорытынды
Әділ қазылар қорытындысын шығарады.
Марапаттау рәсімі:
ІІІ орын:
ІІ орын:
І орын:
Белсенді қатынасқан жанұяға:
Сөз қонақтарға беріледі.
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Әкем, анам және мен » интеллектуалды ойынымызды Әбділдә Тәжібаевтың жыр жолдарымен аяқтағым келеді.