Бекітемін: ----
Күні: 12.04.2017ж.
Сынып: 2 г
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пәні: өзін –өзі тану
Козибагарова Ж.К.
Сабақтың тақырыбы
Келісім түбі- жарастық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
«Достық», «жарастық» ұғымының мәнін ашады. Өзара татулық, шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырады.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.
Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Тыныштық сәті
Тыныштық сәті
Жәймен көздеріңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
Сабақтың ортасы
5 мин
Дәйексөз: «Келісіп пішкен тон келте болмас»
(Мақал)
Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.
Өз ойларымен бөліседі
5мин
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру «Піл мен маймыл».
- Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
- Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
- Қандай көңіл күйде боласыңдар?
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
8мин
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: оқулықта берілген жағдаяттарды талдау.
- Тілес Бекарысты байқамай қағып кетті.
- Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды.
Осындай жағдайларды түсінісу үшін не істеуге болады?
2-топ: «Достық нұры»
Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.
- Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік.
3-топ: Мақалды жалғастыр.
- Қоянды қамыс өлтіреді,
........
- Еңбектің наны тәтті,
........
- Досы көпті жау алмайды,
........
Оқушылар тапсырмаларды орындайды
2мин
Топпен ән айту: «Бала тілегі»
Сөзін жазған: С.Молдасанұлы
Әнін жазған: Ф.Жолдасова
Бал балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
8 мин
( Аңыз әңгіме) Өсиет әңгіме
Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.
- Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас»-депті.
- Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,-депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.
- Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, - депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.
Бадырайған көзін анда-санда ашып-жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.
- Шақырған жерден қалма, - деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.
- Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! – деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.
Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып катіпті. Жапалақтың өз достарынан жеке-дара бөлектенуі, оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті. Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.
5мин
Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
2мин
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту «Уәде»
Күнделіктеріне жазады.
3мин
Соңғы тыныштық сәті:
- Балалар, тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.
Оқушылар көздерін жұмып демалады.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Смайликтер