kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Каспий те?ізіні? экологиясы" дидактикалы? материал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Каспий те?ізі  (орыс. Каспийское море?з. X?z?r d?niziпарсыша????? ???‎ — Daryâ-ye Xazarт?рікм. Hazar de?zi) — Еуропа мен Азия аралы?ында орналас?ан жер шарында?ы е? ?лкен т?йы? к?л. ?лкендігіне ?арап, оны те?із деп атайды. Аты XVI ?асырды? ая?ында осы те?із жа?асында ?оныстан?ан Каспи тайпаларына байланысты ?алыптас?ан. Грузияда Каспи ?аласы ?азір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ?асыр), Хазар (ІІ-Х ?асыр), Хвалын (Х-ХІІІ ?асыр) ж?не т.б. тарихи атаулары бар. Олар со??ы ?ш мы? жылда?ы ?мір с?рген халы?тарды? ?ой?ан аттары. Каспий те?ізі неоген д?уіріні? ая?ында жер ?ыртысыны? к?терілуінен ?ара те?ізденб?лінді. Б?л кезді Каспий те?ізіні? пайда бол?ан уа?ыты деп есептеуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Каспий те?ізіні? экологиясы" дидактикалы? материал»



Каспий теңізі  (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізденбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады.



Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%,Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы- 14% тиеді.





Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыста температура өзгеше. Солтүстігінде қысы аязды болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі.



Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді.

\

Каспий албырты (ағылш. 'Salmo trutta caspіus') – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы.

Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік-батыс аймағын мекендейді.

Албырттардың ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 100 см, жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 – 7 кг. 

Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі аз зерттелген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) өзеннің түбіндегі малтатасты жерлерге, қазан – қаңтар айларында (судың температурасы 3 – 13°С-қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шықпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді.






Каспий итбалығы (лат. Pusa caspica) – ескекаяқтылар отряды, итбалықтұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды.

Дене тұрқы 125 – 160 см, салмағы 65 – 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен тұтасып біткен, сондықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлаққалқаны болмайды, аяқтары ескек тәрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді,бауыры ақшыл болады.






















Каспий қаязы (ағылш. Barbus brachycephalus caspіus) – Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық.

Негізінен Каспийдің оңтстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен және батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі.

Дене тұрқы 56 – 76 см (103 см-ге дейін), салма5ы 3 – 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфологиялық белгілері Арал қаязына ұқсас (негізгі айырмашылығы – тіршілік ететін жерінде).

Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сәуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді.

Көктемде өрлегендері судың температурасы 20 – 23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 – 1259 мың) ағысқа шашады.













Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.


Каспий теңізінің су көлемінің азаюы Сары түстісі бұрын болған көлемі












Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.


Мысалы; 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер,аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған.




Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Каспий те?ізіні? экологиясы" дидактикалы? материал

Автор: Ержан Арай

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства