Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы Түрі | Оқушыны Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте. |
Психологиялық ахуал | І. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа әзірлігін тексеру. Саламатыңдар ма, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір - бірімізді көргенімізге, осы күнге қуанайық Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!: - Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз? - Күнді көреміз - Күн жылуы не істейді? - Күн жылуы жүзімізді жылытады. - Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін? - Жүрегімізді. - Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды.) Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады. - Енді осы жүректердің жылуын бір - бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Көрінбейтін адам» романының авторы кім? 2. Әңгімеде сол романнан қандай үзінді келтірілген? 3. Оқымысты Джеймс Чедвик тапқан жаңа сәуле қалай аталады? ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: • Егер сен көрінбейтін адам болсаң не істер едің? ІҮ. Қызығушылықты ояту 1. Жұмбақтар арқылы, сөзжұмбақты шешу үкі тоқылдақ көкек түлкі
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. /Үкі/. Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды. Табыңдаршы, балалар, Ол қандай құс болады? /Тоқылдақ/. Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа табамын. /Көкек/. Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі) • Ерекше тор көзден қандай сөз шықты? • Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Маматбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесі екен, 2. Жаңа сабаққа даярлық. • Үлек деген не? Естуің бар ма? Түйенің қандай түрлері бар? ІІІ. Мағынаны тану Автор туралы Қалдыбаев Мамытбек Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған. 1964-65 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1970-78 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редаксиясында, кейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Қазір Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы, филология ғылымының кандидаты. М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан. Алматыда тұрады. 1. Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік, мүмкін осы сұрақтарға жауап таба алармыз?! 2. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып тізбектей оқу 3. Сөздік жұмыс. Үлек – нардың бурасы( сыңар өркеш түйені «нар» дейді. ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1 - топ Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер. Үлек – нар түйенің бурасы. Ол жалғыз өркешті. Өркеші тік. Айбарлы, сескенуді білмейді. кісіге шабады. Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің аттарын жазып ал. (Бозоба, Сарапан, Тасқұдық – жердің аты; изен, жусан, сар шөптердің аты). Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар. 2 - топ Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды? 3 - топ Балалар неден, неге қатты қорықты? 1 - топ Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді? 2 - топ Әңгіменің соңғы сөйлемінен қандай қорытынды ой айтуға болады? 3 - топ Әңгіменің соңғы сөйлемінен қандай қорытынды ой айтуға болады? б) Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін тіркестерді теріп жаз. (Қоржиған кішкентай, арық, кіп-кішкентай ап-арық) Есіңде болсын! «Түйесі бардың - киесі бар» Слайд 1 - топ Түйе малына қатысты мақалдар жазу 2 - топ Топтастыр 3 - топ Адам аттары мен өсімдіктер, жер - су аттары Ботакөз, Ақбота, Түйебай, Бурабай, алабота ҮІІ. Қорытынды. Не үйреніп, не білдік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқу, 2. «Менің ботам» тақырыбында әңгіме немесе өлең жазу ІХ. Бағалау. |