Сабақ мақсаты:Оқушылаға қуаныш сыйлау туралы айтып, ішкі тыныштық», құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - Оқушыларға адам болмысында сыйластық үйлесімді қасиет екенің ұғындыру - Ішкі сезім мен көңіл күйді басқара отырып, ашуға жол бермей өздерін қадағалай білуге үйрету. - Оқушыларға өз көңіл күйлерін басқара отырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу. | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Оқулық, дәптер, үнтаспа, түрлі – түсті бояулар, плакаттар |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Үй тапсырмасын тексеру № 12 сабақ 62 бет Балалардың көз қуанышы - Қарт балаға қандай ақыл айтты? - Баланың жақсы көңіл күйде жүруі үшін қандай қасиет болуы керек? - Өздеріңіздің өмірлерінізде осындай жағдай кесдесті ме? | Сабақ барысын талқылау: |
Дәйексөзбен жұмыс: «Ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз» Конфуций - Жан дүниеміз ішкі тыныштықта болу үшін қандай қасиеттер қажет? - Айналана қуаныш сыйлаған кезде қандай сезімде боласыздар? | Өзін – өзі тану. KZ журналы Кун-цзы, яғни ұстаз,"Ұстаз Күн" деп атаған. Ол (б.з.б. 551 – 479 ж өмір сүрген. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. |
Әңгiмелеу: Алма толы шелек.
Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алады. Уйдің жанында ескі үйде көршісі туратын еді. Ол әр қашар ренжулі жүреді. Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысыпты.Бір күні адам көтеріңкі көңіл күймен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратыып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстіңбе,бәлем !»деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып:-әркім өз байлығымен бөліседі, тату тәтті өмір сүреді.
1.Көршілер арасындағы келіспеушілік неден туындады? 2.Көңіл күйлерін басқара алды ма? 3. Көршісінің әрекетінен ойы қалай өзгерді? | |
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Оқушыларды 3 топқа бөлу. Ол үшін оқушыларға 3 түрлі гүлдің күлтелері таратылады. Оқушылар күлтелері бойынша бірігіп, бір гүлді құрап, топ болып бірігеді. Әр топ тыныштықта отырып көздерін жұмып сурет салады, өз жұмыстарын қорғайды. | |
Үй тапсырмасы. №13сабақ 67 бет Мақтаншақ жолбарыс | |
Топпен ән айту. «Көңілді күн» Әні: Айгерім Қалаубаева Теріп едік жемісін сезім бақтың, Сыйластықтың алауың өзің жақтың Сенің думан тойынның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3 рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! Бір тамаша отырдың өмірге еніп, Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде Қуандың ау балаша мені көріп Қ-сы Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3 рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! | Ғаламтор желісінен алынған материал. |
Сабақ соңындағы тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!! | |