kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?уаныш жан шуа?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану саба?ы. Ашы? саба? "?уаныш жан шуа?ы".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?уаныш жан шуа?ы»

Өзін-өзі тану сабағының жүргізілуі

Сабақтың жоспары

Мектеп:15

Күні 19.11.2015 № 11

Тақырып: Қуаныш  жан шуағы.

Құндылықтар: Ішкі тыныштық.

Сапасы: Қуаныш, сыйластық, ынтымақтастық.

Мұғалім: Алимова Фарида Төреханқызы

Сынып: 4 «Б»

Оқушы саны:_____

Мақсаты: оқушылардың «ынтымақтастық» «сыйластық», «қуаныш» «сүйіспеншлік» сезімдерін туралы ойларын тереңінен түсіндіру

Міндеті:

  • қуаныш сезімінің адам өмірінде қаншылықты маңыз екендігін түсіндіру;

  • Қуанышты көңіл –күйдің адамдарға қалай әсер ететін түсіндіру;

  • Ынтымағы жарасқан ұжым болуға дағдыландыру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жақсы көңіл күйді сезіндіру.

Менің кішкентай лашығым.

Оқушылар орындықтарына жайғасады, олар денелерін бос ұстап, көздерін жұмады. Жағымды жай дауыспен мұғалім былай дейді: Сіздің қай кезде де жата кететін жайлы баспананыз бар делік. Мысалы таудың етегінде лашығыңыз бар деп есептеңіз және оны сізден беақа еш жан білмейді. Ойша осы жерді суреттеңіз. Сіз ол жерде дем ала аласыз, музыка тыңдайсыз және досыңызбен әңгімелесе аласыз. Сіз барлық мәселелер мен қиындықтарды ойламай демалғыңыз келген кезде осы баспанаңызда демаласыз.

Cезімдерін тексеру, олардың нені сезінгендерін,не ұнағанын,не есте қалғанын, олар қасында кімнің болғанын елестетті, не сезінді т.с.с.


Дамытушылығы:плакаттар,фламастерлер,түрлі қаламсаптар,А 4 қағаздар


Cезімдерін тексеру, олардың нені сезінгендерін,не ұнағанын, не есте қалғанын, олар қасында кімнің болғанын елестетті, не сезінді т.с.с.


2.Үй тапсырмасын тексеру

М.Дәуренбековтың «Сурет» атты әңгімесімен жұмыс. (оқып талдау)

1.Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсындар?

2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

3. Сендердің ашуланған кездерің болдыма? Не себепті ашуландыңдар?Сол кезде кандай күйде болдыңдар? Өмірде кешіре алмаған немесе кешірім сұрай алмаған кездерің болдыма?

ІІІ.Сабақтың тақырыбына байланысты дәйек сөз айту.

Дәйек сөз

«Қуаныш өмір шаттығы»

3- рет қайталаймыз

2.Дәйек сөздің мәнін ашу,аңгімелесу.




3. Шығармашылығын шыңдау,топпен жұмыс. (жағдайга қарай көрініс көрсету)







Оқушыларға «Қуаныш» сөзімдерін кеңейту мақсатында «Қуанышқа толы әр күнім» коллаж жасау.


4.Сергіту сәті

«Ең-ең» ойынын ойнаймыз. Ол үшін әрқайсысымыз ең –ең қуанған қуанышты күндеріңізді еске түсіреміз. / Әр оқушы қуанышты күндерін еске алып,баяндап береді/


5.Топпен бірге ән салу. (тақырыпқа байланысты)

Қуаныш вальсі

Жадырап жанымыз
Жарасып әніміз
Болашақ бүгіннен басталғандай
Нұр құйып көңілге
Жол сілтеп өмірге
Арман тұр асқақтап асқар таудай

А-а-ай, а-а-ай
Қуаныш көрем көзіңнен
Өзіңмен жан құрбым
Қосылды тағдырым
Қосылған қос өзен секілденіп

Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім
Сәулешім сенімен танысқалы
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей
Бойдақтық бізден де алыстады

Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе
Досымыз көбейсін, келе берсін
Жайнай бер жасқанбай
Мөлдір бол аспандай
Кірлетпе көңіліңнің терезесін

с. М.Шаханов
ә. Ш.Қалдаяқов

6. Топтастыру әдісі:


«Бір-бірімізге қуаныш сыйлайық» атты жаттығу жасаймыз.Барлығымыз гүл,көбелек, жүрек тәрізді парақшалаға тілек жазып бір-бірімізге сыйлайық.

7. Үйге тапсырма. (шығармашылық тапсырма болуыда мүмкін)

«Қуанышты күн» атты тақырыпқа эссе жазу.

8. Қуаныш, сыйластық, ынтымақтастық, мейірімділікке байланысты бейнеролик көрсетілді



8.Сабақтың аяқталуына байланысты 1 минуттық үнсіздік. (оқушылар сабақты 1-минуттық унсіздікпен аяқтайды,оқушылар озерінше қорытынды жасайды мысалы: біз немен айналыстық, не білдік деген сұрақтарға жауап іздеп қорытынды жасайды)










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?уаныш жан шуа?ы

Автор: Алимова Фарида Турехановна

Дата: 10.05.2016

Номер свидетельства: 325124


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства