kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қуаныш - жан жылуы" тақырыбында өзін - өзі тану пәні бойынша ашык сабағы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы:4 «А»   Пәні :Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы:Қуаныш –жан шуағы.

Мақсаты:Оқушылардың «бақыт»,сыйластық», махаббат»құндылықтары  туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-қуаныш сезімінің өміріндегі мәнін түсіндіру;

-өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі :Жаңа ұғымды қалыптастыру.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Ой қозғау,топтастыру.

Көрнекі құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер (көбелектің,гүлдің жүрекшелердің суреттері)

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері (оқушылар шеңберге тұрғызылады)

-Оқушылар бүгінгі сабақта сендерді көргеніме қуаныштымын.Бүгінгі сабақ арқылы бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.Бәріміз көңілді ән шырқайықшы.

Ән:  Айгөлек»Сөзі:Н.Баймұхамедов

Әні:Б.Байқадамов

-Өте тамаша !Қуанышты сезіммен айтқан әнадамның көңіл-күйін көтереді.

Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі,оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесетін боламыз.

IIМағынаны тану.

Мәтінмен жұмыс.(оқулықта берілген,әр топқа бөліп оқуға беріледі)

Тақырыбы :Балалардың көз қуанышы.Авторы:В.А Сухомлинский

Әңгімелесу

I топ

-Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

II топ

-Сіздердің ойыңызша қарт балаға не айтуы мүмкін?

III топ

-Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

-Балалар дұрыс айтасыңдар!Бала жылап тұрғандықтан айналасындағы, табиғат сұлулығына көңіл аударған жоқ.Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы,айналасының бәрі әсемде.әдемі боп көрінді.Барлық адамдар,табиғат,айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді.Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты!

Бізде көңілді,қуанышты,күлімдеп жүру үшін өзгелерге,айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Ойын-жаттығу      «Көршіңе қуаныш сыйла»

Оқушыларға әдемі етіп жасалған түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің кескіндері
таратылып беріледі.
Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Ойын-жаттығу соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі.
Бір-бірін бес рет шапалақ соғумен мадақтайды.
Мәтінмен жұмыс. «Қуаныш»өлеңі. Е. Ашықбаев
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма? Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?
Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Шығармашылық жұмыс.
Суретпен жұмыс. Оқушыларға кітаптағы сурет арқылы сөйлем
құрастыру тапсырылады.
Сергіту сәті.(Өлең жолдарында берілген сөздерге байланысты
қимыл-қозғалыспен айтылады.)
Шаршадым «Уһ!»дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!»дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
Дәйексөз
«Қуаныш-өмір шаттығы»
- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-өмір шаттығы» деп айтқан болатын.
ІІІ Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты
күндерің туралы жазыңдар.
«Бес жолды өлең» әдісі
Оқушыларға «Қуаныш» сөзіне бес жолды ¬өлең құрастыру тапсырылады.
Мысалы: 1. Қуаныш          2. шаттық, думан
3. күлдіртеді, қуантады, шаттандырады.
4. Қуаныш жүрекке нұр сыйлайды.                           5. Бақыт
Оқушылар осылайша өз ойларын білдіріп жазады.(Өз ойларын әртүрлі қылып жазуы да мүмкін)
Қорытындылау
- Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп
амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет.
«Топтастыру» әдісі
Күн шапағына жақсы тілек жазып тақтадағы күннің айналасына орналастырайық.
Жүректен-жүрекке
Оқушылар ортаға шығып екі-екіден дөңгеленіп, қол ұстасып тұрады.
«Көңілді балалар» өлеңі авторы: Е. Өтетілеуов

Мадақтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қуаныш - жан жылуы" тақырыбында өзін - өзі тану пәні бойынша ашык сабағы.

Автор: Утегенова Сарбиноз Маратовна

Дата: 11.01.2018

Номер свидетельства: 449275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства