Пәні: | Математика |
Сыныбы: | 2 сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Қосудың терімділік қасиетін қолдану |
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) ақпараттық: Ә) коммуникативтік: Б) проблеманы шешу: | Қосудың терімділік қасиетін есептеулерде қолданудың тиімділігін көрсетіп беру; есеп құрастыру, шығару, түрлендіру; бір амалмен шығарылатын өзара кері есептерді шығаруды пысықтай түсу; теңдеуді шешуде машықтандыра түсу; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруды пысықтай түсу. |
Сабақтың типі: | Білімді бекіту сабағы |
Сабақта қолданылатын педагоги-калық технологиялар: | Ақыл-ойды дамыта оқыту технологиясы |
Сабақтың әдісі: | Деңгейлеп, саралап оқыту, көрнекілік, дәстүрлі емес сабақ |
Пәнаралық байланыс: | Әдебиеттік оқыту, бейнелеу өнері |
Оқыту құралдары: | «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлері (суреттері), тақырыпқа байланысты суреттер. |
Сабақтың бөлімдері | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық ахуал | Амандасу, таныстыру, назарларын сабаққа аудару. - Балалар, бүгін қай мезгіл? Олай болса, барлығың бір тыныштық сақтап тренинг ұйымдастырайық: көзді жұмып, де-немізді бос ұстап, елестетеміз. Ал, қанеки, кө-зімізді жайлап жұмамыз. «Көктем келді. Ай-нала жасыл шөпке оранды. Біздер сыныбы-мызбен серуенге шықтық. Күн шуағын бізге төгуде. Барлығымыздың көңіл-күйіміз өте жақсы. Далада доп ойнап, тамақтанып, таза ауамен тыныстап қайттық». - Ал, көзімізді ашайық! Өздеріңді қалай се-зіндіңдер? Осы сабақ бойы осындай көңіл- күйде болайық. | Амандасады, танысады, назарларын сабаққа аударады. - Көктем. Тыныштық сақтап, мұғалімнің айтқанын істейді. Тренингтен соң өздерін жақсы сезінеді. | Қарым-қатынас орнайды. Оқушылар сабаққа дайындалады, дайындық деңгейлері анықталады. |
ІІ. Үй тапсырма-сын тексеру. | - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады? Тақтаға бір оқушыны шығарып, орындата-мын. Дәптерлерін парта аралап тексеріп шығамын. | Тақтаға шығып орындайды. | Оқушылардың үй тапсырмасына деген дайындық деңгейлері анықталады. |
ІІІ. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру № 1. | - Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Бәріміз «Ер Төстік» ертегісін біле-міз бе? Кейіпкерлерін кім еске түсіреді? Алдымен күннің жадын дәптерімізге түсірейік Ерте заманда Ерназар деген байдың Ер Төстік деген баласы болыпты. Ер Төстік батыр, ер-жүрек те батыл болып өседі. Оның жұт кезін-де хабарсыз кеткен сегіз ағасы болған екен. Ер Төстік ержетіп, хабарсыз кеткен сегіз аға-сын іздеуге шығады. 3топқа бөлу. Суретке қарап, есептер құрастыр. Ол есептер мына өрнектер бойынша шығарылатын болсын: 1 топ: 70-30; 2 топ:70-(20+30); 3 топ: (70+20)-30; Ол сегіз ағасын тауып алып, ауылға әке-ше-шесіне қайта оралады. Ер Төстік ата-анасы және сегіз ағасымен ба-қытты өмір сүріп жатады. Мұны көре алмаған перінің қызы Жалмауыз кемпірге тапсырма береді. Жалмауыз кемпір Ер Төстікті қолға түсірмек болады. Ер Төстік өзінің сенімді серігі – тұлпары Шалқұйрық екеуі айла тауып, жалмауыз кем-пірден қашып құтылады. Жолда келе жатып Ер Төстік көп достармен танысады. Алдымен танысқан досы – Епті. | Ертегілер әлеміне саяхатқа шығады. - Иә, білеміз. Ер Төстік, аты – Шал-құйрық, Епті, Желаяқ, Саққұлақ, Тау-соғар, Көлтауысар, Көреген, Самұрық құс. Суретке қарап, есептер құрастырады. Ол есептер мына өрнектер бойынша шығарылады: 1 топ: 70-30; 2 топ:70-(20+30); 3 топ: (70+20)-30; | Зейіндері жаңа сабаққа ауады. Әр топ жарысып, өрнек құрасты-рады, мәнін табады. |
IV.Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту. №2. Есепті шығар. | 1 топ: Әлия 9 дәптер, ал Мәншүк 7 дәптер сатып алды. Екеуі неше дәптер сатып алды? 2 топ: Әлия мен Мәншүк 16 дәптер сатып алды. Оның 9-ы Әлиянікі. Мәншүк неше дәптер сатып алды? 3 топ: Әлия мен Мәншүк 16 дәптер сатып алады. Оынң 7-еуі Мәншүктікі. Әлия неше дәптер сатып алды? Мазмұнын талдау. - Есепте не туралы айтылған? - Есепте не белгілі? - Есепте нені сұрайды? Есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр. Ер Төстік пен Епті екеуі жүріп келеді. Алды-нан шаң жұқпас жүйрік Желаяқ шығады. Үшеуі достасып, әрі қарай сапарын жалғас-тырады. | 1 топ: Әлия 9 дәптер, ал Мәншүк 7 дәптер сатып алды. Екеуі неше дәптер сатып алды? 2 топ: Әлия мен Мәншүк 16 дәптер сатып алды. Оның 9-ы Әлиянікі. Мәншүк неше дәптер сатып алды? 3 топ: Әлия мен Мәншүк 16 дәптер сатып алады. Оынң 7-еуі Мәншүктікі. Әлия неше дәптер сатып алды? | Ауызша амал қойып, өрнектің мәнін табады, дәптерге көшіреді. |
№3 Қосуды ең тиімді тәсілмен орында: | 8 + 2 + 7 20 + 5 + 3 40 + 50 + 2 27 + 3 + 6 Берілген қосындыларды қандай қосындылармен алмастырдың? Неліктен? Неге солай жасауға болады? Қосу амалының қандай қасиетін қолдандың? Соны тұжырымдап бер. Қосылғыштарды түрліше топтай отырып, әр қосындының мәнін тап. Үшеуі жүріп келеді. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тың тыңдап жүрген бір адам кө-рінді. Ол Саққұлақ еді. Саққұлақ та Ер Төстік ке дос болады. | 8 + 2 + 7 20 + 5 + 3 40 + 50 + 2 27 + 3 + 6 Сұрақтарға толық жауап береді. | Мазмұнды есептің шартын түсініп оқып, талдап, шешуін шығарып, жауабын табады. |
№4 Теңдеуді шеш: | 1 топ: х + 40 = 92 2 топ: x – 40 = 52 3 топ: 92 – x = 40 Сөйтіп, төртеу болып жүріп келеді. Алдары-нан тауды көтеріп, қайтадан орнына қойып жүрген бір адам кездеседі. Ер Төстік пен Тау-соғар достасады. | 1 топ: х + 40 = 92 Х = 92-40 Х = 52 52+40 = 92 2 топ: x – 40 = 52 Х= 52+40 Х = 92 92-40=52 3 топ: 92 – x = 40 Х=92-40 Х=52 92-52= 40 | Әр топ бойынша жұмыс. 3топтан шығып, теңдеу түрінде жылдам есептеп шығаруға үйренеді. |
№5. Санды кестеге цифрмен жаз | Елу үш бірліктен құралатын; алты бірліктен құралатын; сексен бірліктен құралатын. Олар бесеу болып келе жатады. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді. Кенет көлдің суы көз-ді ашып-жұмғанша жоқ болып кетеді. Сәлден кейін ұзамай қайта пайда болады. бұлар оған таңғалады. Қараса, Көлтауысар отыр. Ол да Ер Төстікке дос болады. Қарама-қарсы келе жатқан бір адамға жолығады. Бұл жер асты-ның қырағысы Көреген еді. Жетеуі дос бо-лып, сапарын жалғастырады. | Ондықтар | Бірліктер | 5 | 3 | | 6 | | 8 | | Ойлау қабілеттері дамиды. |
№6 (а). Есеп шығару. | 6 + 4 = 10 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандарға 6-ны қосуға болады? Қандай екі таңбалы сандарға 4-ті қосуға болады? Түсіндір. Осы екі таңбалы сандарды жаз. Жетеуі 7ай жүріп, Темір хан еліне жетеді. Темір хан Ер Төстікке өнерлерін көрсетуін сұрайды. Ер Төстік және оның достары барлық өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалды-рады. Ер Төстік жер асты достарымен қоштасып, жер үстіне шықпақ болып, жолға шығады. Жолда Ер Төстік демалғысы келіп, үлкен бәй-терек ағашының жанына тоқтайды. Сәлден кейін шырылдаған балапандардың даусы естіледі. Ер Төстік бәйтерек ағашына өрмелеп бара жатқан айдаһарды көріп, садағымен атып түсіреді. Балапандар аман қалады. | 6 + 4 = 10 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандарға 6-ны қосуға болатынын. Қандай екі таңбалы сандарға 4-ті қосуға боладынын. Түсіндіріп. Осы екі таңбалы сандарды алдымен ауызша айтып, жазады. Таусоғар тауды көшіреді. Көлтауысар көлді ішіп тауысады. Көреген ешкім көрмегенді көреді. Саққұлақ ешкім естімегенді естиді. Желаяққа жеткен ешкім болмайды. Ептінің істегенін ешкім байқамайды. | Ауызша амал қойып, өрнектің мәнін табады, дәптерге көшіреді |
V. Жаңа материалды өз бетімен бекіту. | 1) Бақтиярдың 4ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше бала-сы бар? 2) Дорбадағы 10асықты 10бала бір-бірлеп ал-ды. Сонда 1асық дорбада қалды. Бұл қалай? 3) Егер ең үлкен екі таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қосса қанша шығады? | Жауабы: 5бала – 4ұл, 1қыз. Жауабы: 1бала асықты дорбасымен алды. Жауабы: 99+1=100 | Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады, ойлана отырып жауап береді. |
VI. Үйге тапсыр-ма. | № 6 (ә) есеп. (118-бет). | Күнделікке жазып алады. | Мәлімет беруге дайындалады. |
VII. Қорытынды. Бағалау. | - Ертегі саяхатымыз ұнады ма? Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау. | - Иә. Күнделікке баға қойғызады. | Сабақ мақсатына жетіп, қорытын-дыланады. |