Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыш-тардың орнын ауыстырса, қосынды өзгермейді. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті оқушыларға тиімді әдіспен есептеуді меңгертеді. Алдыңғы са-бақтарда аталған заңдылықты таныстыру бойын-ша дайындық жұмысы жүргізілді. “Бізді қоршаған әлем” тақырыбына сәйкес қосудың ауыстырымды-лық қасиетін түсіну үшін сабақ барысында заттар-ды қолданып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру керек. Сабақты ауызша есептеу жүргізуден бастаңыз.. Кіріспе тапсырма. Жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз. Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы дорбадан” бірнеше фишканы алып санауды және мысал құрас-тыруды тапсырыңыз. Бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Қандай қорытынды жасауға болатынын біліңіз. Өз бетінше қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау үшін оқушылардың талдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырыңыз. Егер қиындық тудырса, онда өзіңіз: “Қосуда санның орнын ауыстырса, қо-сындының мәні өзгермейді” деп тұжырымдаңыз. Қай кезде есептеу тиімді болды деп сұраңыз: “Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?” Қосу амалын орындауда сандардың орындарын тиімді ауыстыру бойынша нақты мысалдар келтіріңіз. Мысалы: 1 + 9 және 9 + 1; 3 + 7 және 7 + 3. Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін дұрыс қолдана білу тез және жеңіл есептеуге кө-мектесетінін айтыңыз. Сонымен қосудың ауысты-рымдылық қасиетін қолдану тиімді болатынына көздерін жеткізіңіз. | Суреттерге қарап, қорытынды жаса. Тә-жірибелік жұмысты орындау алған білімдерді бекі-туге бағытталған. Оқулықта “қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді” деген заңдылық үш түрде: заттардың суреті, оларға сәйкес сандық өрнектер және сандық сәуледегі үлгісі ар-қылы көрсетілген. Бұл ақпараттың осындай тәсілмен берілу мақсаты әртүрлі деңгейде оқушыларға жаңа тақырыпты қабылдауға көмектесу болып табылады. Шығарып көр. Тапсырма қосудың толық емес кестесін қолданып, мысалдарды шығаруға бағыт-тайды. Екінші жартысы — қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан алынған мысалдар болады. Осы кестеге сүйене отырып, оқушылар қажетті қосын-дының мәнін тауып жаза алады және тиімді әдіспен есептеу дағдысын бекітеді. |