Балалар, менің үстелім үстінде 9 карточка жатыр. Сыртында сандар жазылған. Осы ондық сандарды өсу ретімен орналастыру керек.
10
20
30
40
50
60
70
80
90
Қ
А
Ж
Ы
М
Ұ
Қ
А
Н
Біз бүгін классикалық күрес өнерінің асқан шебері Қажымұқан Мұңайтпасов туралы Сәкен Сейфуллиннің «Қажымұқан» өлеңімен танысамыз.
ІV. Дәптермен танысу.
Дәптерімізге бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазайық.
Автор туралы мәлімет беру.
Сәкен Сейфуллин (Садуақас) (15.10.1894 ж. қазіргі Жезқазған обл, Ақадыр ауд, «Ортау» селосының «Қарашілік» қыстағында дүниеге келген.) – қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушы, Октябрь революциясына қатысқан ардагер, мемлекет және қоғам қайраткері. 1914 ж. Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Жазықсыз жаланың құрбаны болды.
сыншы
драматург қайраткер
Сәкен
ақын жазушы
ардагер әдебиет негізін салушы
Қажымұқан туралы кіріспе сөз. Мұқан (1871 – 1948ж.ж.)
Қажымұқан Мұңайтпасов қазақ халқының атақты палуаны. Ол 1871 жылы Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауданының Қоспа деген жерінде туылған. Оның аталары шетінен батыр болған. Қажымұқанның әкесі Мұңайтпас алып күш иесі болса да, бар өмірін жалшылықта өткізген. Қажымұқан 8 жасында ауылдың 15 – 16 жасар жігіттерін жығып жүрген. Жастайынан байдың ауыр самаурынын көтеріп, қаппен тезек, астық, 60 шелектік бөшкемен су тасып, жалшылықта өсіп, күшін шыңдайды. 1904 жылы көкек айында Қызылжар базарында мұсылмандардың рамазан мейрамы өтеді. Сонда палуандар күресі болатын, соған орыс палуаны Злобинмен белдесіп, күрескен. Жалшылықтан құтылып, палуандық жолға түседі. Ол қалың тақтайдың астында жатып үстінен машина жүргізген, ұзындығы 7-8 метр темірді иығына қойып, қалыңдығы 2 см темірді беліне белбеу етіп байлаған. Теңдессіз палуандығымен жер шарын аралап, 24 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. 1927 жылы «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Мұқанның шын есімі Муханура. Оның ұстазы Ержақ палуан. Күрес өнерінде көбіне Поддубныймен бірге жүрген. ХХ ғасырдың басында қазақ халқында Мұқан жалғыз болды. Палуандылығына тәнті болған түріктер оған «қажы» деген атақ берді. Бұл есіммен ол Ресейдегі Саратов қаласындағы ағайынды Никитиндер циркінде 1912 ж. 3 – мамырда 1 рет өнер көрсетеді. Французша күрестің Пауль де Пуан, Том Кеннеди, Поплавский, Петр Крылов және түрік палуаны Нұрлымен, жапон палуаны Сара Кики секілді атақты шеберлерімен күш сынасты. Мұқан тамаша цирк әртісі де болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында өнер көрсетіп жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, оны майдандағы қазақстандықтарға сыйлайды. Бұдан палуанның өз Отанын сүйетіндігін көреміз. Қажымұқан туралы тек Сәкен Сейфуллин ғана емес, басқа да жазушылар жазған болатын. Мыс: М.Тәнекеев «Қажымұқан», Ә.Тәшімбетов «Күш атасы», Қалмақан Әбдіқадыров «Алып бала», Ә.Қоңыратбаев «Қажымұқан» әңгіме, кітаптар жазған.
Сергіту сәті: Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Y.Оқулықпен жұмыс.
а) өлеңді мәнерлеп оқимын.
ә) оқущылардың оқуы
YІ.Сөздікпен жұмыс.
Ұрпақ – тіршілік көзі. Қажымұқанның ұрпақтары бар. 1940 ж. туған
YІІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақты бекіту үшін тақтаға қағазға салынған кішкене кір тастары суреттері ілінеді. Артына сұрақтар жазылады. Оқушылар жауап береді.