Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «н» мен «ң» Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру; 2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту; 3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақта,әңгімелесу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Үй жұмысын тексеру
Жаңа материал Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз. Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң «Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық. Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт. Он - оң тон - тоң Шын - шың мен - мең Күн - күң сен - сең Ой тұжырымдамасы: «Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді. «Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс. «Н»- тіл ұшы дыбысы «Ң» - тіл арты дыбысы
Көркем жазу.
Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз. Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн
1 - жаттығу. Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз. Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар. Сергіту сәті. 3- жаттығу. Көп нүктенің орнына н,ң әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді әнерлеп оқу
Ойын : Жоғалған әріптер
4 - жаттығу. Суреттегі заттардың атауын төмендегі сөздермен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастыр. ҚОЯН - орғыды ҚОҢЫРАУ - Соғылды ЖАЙЫН - жүзді ДӨҢГЕЛЕК - дөңгеледі
Н мен Ң дыбыстарының ұқсастығымен айырмашылығын көрсету Ребус шешу
ІІІ. Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не білдік? ІV. Бағалау. V. Үйге тапсырма: 2- жаттығу 60 бет
Жеке жұмыс: Қате жазылған сөзді ата. Жәңдік, бәтеңке, үңгір шанғышы кең терең
Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./ 1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/ 2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/ 3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады. Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/ 4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/ КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «н» мен «ң» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дауыссыз н, ң дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;
3. Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа
баулу.
3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,үлестірмелі карточкалар,венн диаграммасы,семантикалық карта. Әдіс-тәсілдер: Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үлкенге де,сіз
Кішіге де ,сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ-үй тапсымасы:( л,р- дыб) д/о: «Мен бастайын,сен жалғастыр»
-Дыбысты біз .............
- Дыбыс..........
- Дыбыстан.....
-Әріп.......
Ой-қозғау:
Дауыссыз дыбыс түрлері:
І -қатар – Ұяң, үнді дауыссыз дыбыс
ІІ- қатар – Қатаң дауыссыз дыбыс
ІІІ. Жаңа сабақ
Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу
Н
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті “нан” осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әріпті қарашы.
Н А Н
“Н” әрпінен “Ң” әрпінің
Айырмасы бар қандай?
Оң аяқтың басына ол
Тұзақ іліп алғандай.
Ң
Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз. Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң «Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық. Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт. Он - оң тон - тоң Күн - күң сен - сең Ой тұжырымдамасы: «Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді. «Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс. «Н»- тіл ұшы дыбысы «Ң» - тіл арты дыбысы
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Жарысқа қатысқан бала он
Тілейміз сәтілік ........
Маң-маң басқан маң басқан
Шудаларын ......... басқан.
Көркем жазу.:Шш
/Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./ 1.Сені жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан,саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/ 2. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.Ол не? / аң/ 3. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/
Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз. Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн
Ойын: «Жоғалған әріптер». көп нүктенің орнына н , ң әріптерінің тиістісін қой.
133- жаттығу: Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп,ұйқастырып жаз.
Қон - қоң
Шын –
Тон –
Кен –
Мен –
Сен –
Он -
“Жұбын тап ойыны”
1. Киседе тонды,
Қатты ………….
2. Ел жайлауға қонды,
Малдар ……………..
3. Есінен танды,
Жарасын ………….
1-қатар
Д/ты
Д/з
Жуан
Жіңішке
Үнді
Ұяң
Қата
Сабақтың тақырыбы Дауыссыз н мен ң
Сабақтың мақсаты 1 Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы ұғымдарын кеңейту. 2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту , танымдық белсенділіктерін арттыру. 3. Оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше жұмыс ісеуге , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі аралас сабақ
1 Ұйымдастыру
. Н . бұл дауыссыз дыбыс. Себебі , өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады. 2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауыссыз. Себебі , бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым. 3. айтылу, жасалу тәсіліне қарай- мұрын жолды дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады
. 4. жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай –тіл алды дауыссыз.
Ң 1. бұл дауыссыз дыбыс. Себебі , өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауыссыз. Себебі , бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
3. айтылу, жасалу тәсіліне қарай- мұрын жолды дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады. 4. жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай –тіл арты дауыссыз. А, В, парақтары бойынша жеке тұлғаны бағыттау әдісі бойынша жүргізіледі.
4.Сергіту сәті Иіп беліңді Соғып қолыңды Жүгіріп шынығып Өсір бойыңды Жеке тұлғаны бағыттау әдісі бойынша әр деңгей сайын жасалған жұмыс қорытылып тексеріледі.
5. Қорытынды - біз не білдік? - қандай тақырыппен таныстық? -мақсатымызға жеттік пе ?
6. Бағалау А беті Тақырыбы Теориялық білім Тапсырмалар Қосымша тапсырма Бағалау 1 сабақ 1 деңгей 2 деңгей 3 деңгей Дауыссыз н мен ң 1.Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы ұғымдарын кеңейту. 2.дауыссыз н мен ң дыбысын айыра білу 3. жазуда н мен ң дыбысын шатастырмау Тест жұмысы ( үй тапсырмасы) Дауыссыздан соң у дыбысы дауысты болады. Сөз басында және дауыссыздан соң и дыбысы дауысты болады. Йу дыбыстары естілгенмен жазуда ю әрпі жазылады . үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й,у 145- жаттығу Шаңғы, әңгіме, жауынгер сөздеріне сөйлем құрастырып жаз 146- жаттығу Карточка №1 Теория- 1деңгей- 2деңгей- 3деңгей- Қосымша - Менің көңіл- күйім Үй тапсырмасы 55 бет 148- жаттығу 152-жаттығу 56 бет 153- жаттығу 56 бет В беті Карточка №1 Сөйлемдерге қажетті н ,ң үнді дауыссыз дыбыстардың тиістісін қойып, оқып шық Жолдасы...на... , бір ...әрсе алса,,, , оны... ескертусіз уақыты... да қайтып береті... бол. Тақырыбы Теориялық білім Тапсырмалар Қосымша тапсырма Бағалау 1 сабақ 1 деңгей 2 деңгей 3 деңгей Дауыссыз н мен ң 1.Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы ұғымдарын кеңейту. 2.дауыссыз н мен ң дыбысын айыра білу 3. жазуда н мен ң дыбысын шатастырмау Карточка №1 Карточка №2 Карточка №3 Карточка №4 Теория- 1деңгей- 2деңгей- 3деңгей- Қосымша - Менің көңіл-күйім Үй тапсырмасы Карточка №2 Берілген сөздерде н,ң дыбыстары қай буында болғанын баған бойынша жаз Апан, арман, көңіл, жан, күн, сен, өнер, үңгір,қуған, мәңгі. Бірінші буында екінші буында Карточка №3 торкөздерді сөздермен толықтыр. Ы,і дыбысын қосып айтып көр Ы , і , Карточка №4 и,й әріптерін сөздегі орнына қарай бөліп жаз И әрпі сөз басында И әрпі дауыссыздан кейін Й әрпі дауыстыдан кейін Пияз, иіс, түйе Иіс Пияз Тү
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№2 жалпы білім беру орта мектебі
Нугманова Гулнар Есбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң дыбыстары.
Сабақтың мақсаты: 1.Дауыссыз н-ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін
ұғындыруға алған білімдерін тиянақты, жетілдіру.Үнді дауыссыз
дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстардың
айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы
ұғымдарын кеңейту.
2. Спорт өнеріне оқушыларды үндеу, Отансүйгіштік, ұжымдық
сезімдерін,салауатты өмір салтын қалыптастыру.
3. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың
тіл белсенділігін, сөйлеу және жазу мәдениетін дамыту. Логикалық
- Балалар, осы жазда әлемде қандай спорттық іс-шара өтті?
- Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындары
2012 жыл. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама:13 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 12 орынға шықты және алтын медальдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді.
Спортшыларымыз 5 қола медалын жеңіп алды.Осы қола медалінің жеңімпаздарының бізге жіберген тапсырмалары:
1.42-әріп, 40-дыбыс, 2-ь мен ъ, .
2 Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата?
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
4. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата
5. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
Н мен ң дыбыстарына байланысты қандай сөздер білесіңдер ? ң дыбысы сөз басында ешқашан келмейді. Н мен ң дыбыстарына мінездеме беру
Н
1. Бұл -дауыссыз дыбыс. Себебі , өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауыссыз. Себебі , бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай- мұрын жолды дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.
4. Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай –тіл алды дауыссыз.
Ң
1. Бұл -дауыссыз дыбыс. Себебі , өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауыссыз. Себебі , бұл дыбысты айтқанда салдырдан гөрі үн басым.
3. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай- мұрын жолды дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.
4. Жасалу орны мен дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай –тіл арты дауыссыз.
Күміс жүлдегерлер, боксшы Ниязымбетов Адильбектің тапсырмасы:
Көркем жазу минуты
Н н нан
ң ң аң
Оқулықпен жұмыс.
179- жаттығу Винокуров Александр велоспорттан алтын медаль жүлдегерінің тапсырмасы
Өлеңді оқы. Қарамен жазылған сөздердің жазылуын есте сақта.
Поэзия минуты.
М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі оқылады.
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың көңіл бөлме,
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
ҚАРАҒЫМ Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме. Оқымай ойын қуған балаларға. Жолама, шақырса да қасына ерме! Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз қолың серме. "Қарманған қарап қалмас!" - деген рас сөз, Тоқтамай iсте болсаң батып терге. Жасынан оқу оқып, өнер қуған. Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге...
-Балаларға қандай өсиет айтады?
Сөздік жұмысы
Кемеңгер- ақылдың, дарынның ең жоғарғы даму деңгейі.
Ильин Илья Александрович ауыр атлетика тапсырмасы.
Ойынға және кемеңгер сөзіне фонологиялық талдау жасау
ойынға
1. Жуан буынды сөз
2. о- йын -ға
т.б. б.б. а.б.
3. ойын-
ға│
Бұл сөзде екпін –ға буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.
Манеза Майя
180-жаттығу. Көп нүктенің орнына н мен ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.
Е...бекті... на...ы тәтті,
Жалқауды... жа...ы тәтті.
Мақалдың мәнін түсіндір.
-Балалар еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Чиншанло Зүлфия Салахарқызы
Сергіту сәті
«Чемпиондар әні»
Подобедова Светлана Николаевна
182-жаттығу . Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап.
Үңгірде сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Қара үңгірде қара тас,
Қызуы бетті қаратпас.
(Жақан Смақов)
Жақан Смақов
1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы аулында дүниеге келген. Балаларға арналған «Сыйлық», «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Біздің тақпақ, жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ» және т.б. өлеңдер жинағы басылып шықты.
-Балалар, ана тілінен ж. Смақовтың қандай шығармасымен таныстық?
-«Отан» (оқушыларға айттыру)
Рыпакова Ольга Сергеевна жеңіл атлетика
Рефлексия дегеніміз – оқушының өзінің іс-әрекетін мақсатты түрде ой елегінен өткізу. Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
183. Шаңғыдан мектепішілік жарыс өтетіні туралы хабарландыру жаз.
Үлгі:
Хабарландыру
2012 жылдың 28-ші қазанда сағат 18:00 – де А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінің акт залында «Көңілділер мен тапқырлар» атты сайысы өтеді.
Келем деушілерге есік ашық.
Ұйымдастыру алқасы.
Сәпиев Серік Жұмағалиұлы бокс «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! »
Нан – хлеб – bread
Ән – песня – sond
Жаңғақ – орех – nut
Таң – утро – morning
Жаңбыр – дождь – raining
“Жұбын тап ойыны”
1. Киседе тонды,
Қатты тоңды.
2. Ел жайлауға қонды,
Малдар қоңды.
3. Айтқаныңнан танба,
Сүйекке таңба салма.
4. Есінен танды,
Жарасын таңды.
5. Таңғалтқан мені,
Беттегі меңі.
6. Әкетпесін сені,
Өзендегі мұз сеңі.
7. Байлықтың кені,
Жеріңнің кеңі.
8. Алуан гүлдер өнді,
Жер құлпырған өңді.
Ескен Елубай Еркешұлы
Сабақты “түртіп алу”
әдісімен қорыту.
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Н,ң –дауыссыз, үнді дыбыс
Хабарландыру жазуды,
М. Жұмабаевтің өлеңімен,
Ж. Смақовтың жұмбағымен таныстым.
Н мен ң дыбысына байланысты жұмбақтар мен өлеңдерді және чемпиондары, ойындары туралы мәліметтерді білгім келеді.
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі Мақсаты: 1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыруды жалғастыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату. 2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар ң дыбысы мен әрпімен танысады және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгереді, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқайды. 2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорлары дамиды, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдылары қалыптасады. 3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу. Көрнекілігі: Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.
Барысы: Мұғалімнің әрекеті Психологиялық дайындық Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі, Ән айтамыз көңілді, көңілді. Би билейміз ырғақты, ырғақты, Біз бастаймыз сабақты, сабақты. - Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық? - Ендеше, ң әрпін еске түсірейік. а) аңшы, шаң сөздеріне дыбыстық талдау жасау. ә) домбыра, оңаша, сараң сөздерін буынға бөлу. б) Алаң, таң, шың сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау. в) Оқулықтағы мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру Дом - бы - ра, о - ңа - ша, са - раң Біз алаңға шықтық. Таң атты. Альпинистер таудың шыңына шықты.
А) Суретпен жұмыс: - Балалар, суретте не бейнеленген? - Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Аңдар қайда өмір сүреді, оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма? - Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма? (сиыр, қой, жылқы) ә) Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру. - Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі? б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. в) Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау г) Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру. - ң (қайталап айту). Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау Бағалау өлшемдері Оқушыларды фишкалар арқылы бағалап отыру. - Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз? - Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.
а) Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру. - Сөздерді, мәтінді оқығанда.