А. Барлық оқушы орындай алады: 1- тапсырма 1.Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін анықтайды, мағынасын түсіндіріп жазады. өнердің жеті жілігін шағу, майын ішу- өнерді жақсы білу мәжбүрліктен- амалы жоқтан қанат бітіру- қолдау епсіз- бейімі жоқ өнерді, өнерліні шын бағалау- құрметтеу жанның тазарғаны- мидың тынығуы- адамды тәрбиелеу- рухани азық- Бағалау критерийлері: Мәтінді дұрыс оқиды. Таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін табады. Сөйлемдер құрастырады. 2- тапсырма 2.Мәтіндегі басты ойды түсініп, негізгі ойды түртіп алып, бөлімдерге бөлу. а)Негізгі ойды «РОМБ» әдісі бойынша түртіп аламыз. Бағалау критерийлері: Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 2. «Ромб» торларын толтырады. 3- тапсырма ә) Мәтінді «Хикая картасы» әдісі бойынша бөлімдерге бөлу. Бағалау критерийлері: Мәтінді бөлімдерге бөледі. «Хикая картасын» толтырады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 4- тапсырма Жазылым. 1. Мәтіннің желісіне байланысты өз көзқарасын білдіреді және өзгенің пікірін бағалайды, сұрақтарға жауап бере алады. - Өнер мен өмірдің байланысы қандай? - Өнер мен өмір дегенді қалай түсінесің? - Киноға, театрға, симфониялық оркестрге қызығушылығыңыз қайдан пайда болды? - Классикалық музыканы тыңдағанда өзіңізді қалай сезінесіз? - Сіз театрға барасыз ба? - Театрда өнер көрсететін адамдарға ерекше назар аударасыз ба? - Егер өз бойыңызда қандайда бір өнер болса, оны өмірде қалай қолданар едіңіз? -Өзіңіздің қандай да бір өнеріңіз бар деп ойлайсыз ба? Бағалау критериі: Мәтін желісі бойынша сұраққа жауап береді. Өз көзқарасын жаза алады, өзгенің пікірін бағалай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: 1. Мәтіннің желісіне байланысты өз көзқарасын білдіреді және өзгенің пікірін бағалай отырып, эссе жазады. 5-тапсырма. Өзіңнің жақсы көретін өнері туралы 8-10 сөйлем жазу. Бағалау критериі: Өзінің жақсы көретін өнері туралы сөйлем жазады. Тірек сөздер арқылы өз ойларын жазу Менің ойымша ........., менің пікірімше.......... |