Білімділігі: Оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
*Оқушы өз пікірін еркін айтып,өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
* Өзгенің пікірімен санасып, өз пікірін қорғай, дәлелдей алады.
*Шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Ресурстар: постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық материалдар, компьютер, стикерлер,формат А-3
Топтық жұмыс
Оқытуды басқару, бағалау, диалогтық оқыту, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ-ны қолдану; ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары 4-сынып»
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «Б»
Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Мақсаты: оқушыларға бірыңғай мүше туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту ауызша сөйлеу, тілін дамыту; ұқыпты, таза жаза білуге тәрбиелеу.
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.Психологиялық дайындық
Стикердің көмегімен топқа бөлініп отыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берген жаттығуды орындауда қиындық тудырған сұрақтарды анықтау
ІІІ Ереже қайталау (кубизм заңы бойынша)
Дыбыстың түрлерін ата?
Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Мәтін түрлерін ата
Сурет бойынша сөйлем құра (сабақ аралық байланыс)
–Бірдей сұраққа жауап беріп тұрған сөздерді тап.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
а) дәптермен жұмыс Күн реті, көркем жазу
Оқулықпен жұмыс
41-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларды санамалап оқы. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Тақтамен жұмыс. Сөйлемді жазып, синтаксистік талдау жасау.
Осы жаттығуды орындау арқылы оқушылар бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқаратынын және бәрі бір ғана мүшемен байланысатынын байқайды.
Топтық жұмыс. Сөйлемдерді оқы. Сызбаларға қарап, бірдей сұраққа жауап беретән сөздер сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқаратынын байқа.
1-топ: Орманда тал, қайың, терек өседі.
2-топ: Ол сенен ұқсын, үйренсін.
3-топ: Біз табиғатты, ауаны, қоршаған ортаны қорғаймыз.
Ү. Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыс
Көру диктанты
Көк аспан, күн, қыран – сәні құт,
Жарасқан байрақтың мәнін ұқ.
Көк туды қастерлеп сүйіп те,
Көтеріп ұстаймыз биікке!
Топтар аспан, күн, қыран сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
Бекіту: 45-жаттығу. Себеттегі сөйлемдерді оқып, талдау, дәлелдеу.
ҮІ Сабақты қорытындылау Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
ҮІІ Үйге тапсырма: 43-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып, сөйлем мүшесіне талдау.