-Балалар б?гінгі саба?ымызды ертегімен бастайы?.Ерте,ерте заманда ?аза? тілі шахарында С?з табы деген ата болыпты.Оны? т?рт баласы болыпты. а
Олар ?те ?йымшыл болыпты.?р?айсысыны? ?зіні? ат?аратын ?ызметі болыпты.Біз ?аза? тілі шахарына кіру ?шін осы с?з таптарыны? тапсырмаларын орындауымыз ?ажет. Е? алдымен біз Сан есіммен танысып алайы?.Затты? санын,ретін білдіретін с?здер сан есім деп аталады.Сан есімдерге ?анша?неше?нешінші ?деген с?ра?тар ?ойылады.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен саба? жоспары 2-сынып "Сан есім" »
Қазақ тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: Сан есімнің заттың санын,ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру.
ә)дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын,сөйлеу тілін дамыту,қиялын ұштау.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін,шығармашылық қабілеттерін дамыту б)тәрбиелік: Сан есімнің мағынасын дұрыс түсінуге,әдемі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:Топтық жұмыс
Көрнекілігі:Слайд,кесте.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.Түгендеу.Сыныпты топқа бөлу.Зат есім.Сын есім.
Психологиялық дайындық.
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Екі аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсең туған жерге жету үшін.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
-Балалар бүгінгі сабағымызды ертегімен бастайық.Ерте,ерте заманда қазақ тілі шахарында Сөз табы деген ата болыпты.Оның төрт баласы болыпты.а
Олар өте ұйымшыл болыпты.Әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі болыпты.Біз қазақ тілі шахарына кіру үшін осы сөз таптарының тапсырмаларын орындауымыз қажет. Ең алдымен біз Сан есіммен танысып алайық.Заттың санын,ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады.Сан есімдерге қанша?неше?нешінші ?деген сұрақтар қойылады.
Зат есімнің тапсырмасы.
1-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.Қарамен жазылған сөздерге сұраққой.Осы сөздер нені білдіріп тұр.
Етістіктің тапсырмасы.
2-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа оқы, жаз.Заттың санын білдіретін сөздерді тауып,оларға сұрақ қой.
Сын есімнің тапсырмасы.
3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сөйлемдерден сан есімдерді тауып,астын сыз.Оларға сұрақ қой.
Сан есімнің тапсырмасы.
4-жаттығу.Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдың тиістісін сөзбен жаз.Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Сергіту сәті.
-Адамда қанша бауыр бар?
-Біреу.
-Қанша өкпе бар?
-Екеу.
-Бір тоқсанда қанша ай бар?
-Үшеу.
-Есеп шығаратын амал қанша?
-Төртеу
-Күнде оқитын намаз қанша?
-Бесеу
-Әлемде қанша құрлық бар?
-Алтау.
-Бір аптада қанша күн бар?
-Жетеу
-Малда қанша жілік бар?
-Сегіз
-Домбыраның пернесі қанша?
-Тоғыз
-Цифрлар қанша?
-Он
ІV.Бекіту.Сөзжұмбақ.Сан есім.
1.Жанды сағат,
Айғай салады.(есек)
2.Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.(балық)
3.Жерде туып,көкте өледі.(түтін)
4.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады.(жел)
5.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.(су)
6.Дегендей ешкім тимесін
Алыпты қадап инесін.(кірпі)
7.Өзі жап-жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.(мысық)
V.Қорыту.Сөз табының тапсырмасы.
Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары.
Жұмбақ.
Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда,үндемейді адам жоқта.(домбыра)
2 топқа мақал-мәтел жарысы.
Сонымен балалар Сөз табы және оның балалары сендерді достыққа,ұйымшылдыққа бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.
VI Бағалау.Оқушылардың білімін бағалау.
VII Үйге тапсырма.177 бет 5-жаттығу.
«Шежін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі