Қызығушылықты ояту | Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі. Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өр, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату - тәтті бірге өмір сүруді ойлайды. Сөйтіп ол ат қою үшін бәйге жариялайды: Балалар біз де сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді? Ол үшін, төмендегі жұмбақтарды шешіп көрейік. Жұмбақтардың жауаптарының бірінші әрпін қосып айтсақ хандықтың аты белгілі болады.
1. Белі бүкір, алысқа түкір.(Мылтық) 2. Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке. Суреттері әдемі, Бұл қай кітап? (Әліппе) 3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. (Найзағай) 4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, Тебеміз сәті түссе аяқпен де. Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын, Басынан сипамайды аяп пенде.(Доп) 5. Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді.(Ерін) 6. Сырт - сырт соғады, Уақыт озады. (Сағат) Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктіріп мәндес деген сөзді шығарады. |
Мағынаны тану Жаңа сабақ Ой ашар Екеуара жұмыс | Оперециялық орындаушылық кезінде жұмыс әдеттегіндей тілдік құбылыстарды көрнекі кесте арқылы байқатудан басталады: Мәндес сөздер ♦ Сөйлемдер 1. Апам жолға тамақ әзірледі. 2. Апам ас пісірді. 3. Апам тағамдарды дорбаға салды. 4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді. тамақ ♦ Мағынасы ұқсас сөздер ас тағам дәм - Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр? - Адамның ішетін тамағы дегенді білдіреді. - Бұлар қандай сөздер? - Мағынасы жақын сөздер. - Дұрыс, балалар. Тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер де болады. Ал өздерің қандай мәндес сөздерді білесіңдер? - Адам, кісі. |
Ой толғаныс | 1-топ Сары балапан Жем бергенде, жем жейді, Кел! Дегенде, келмейді. Балапаным сары үрпек Әрі қорқақ, әрі үркек. Өлеңдегі мағынасы жуық сөздерді табады. Одан әрі оқулықтағы 291 - жаттығу мұғалімнің тікелей басшылығымен орындалады. Жаттығуда көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасын жуық сөз тауып жазу тапсырылған. Мәселен: Алыс, қашық, шалғай: Зәулім, биік: Әдемі, сұлу, көркем: Батыр, ер, батыл, ержүрек: Таяу, жақын: Аяз, суық: 2-топ Сабақта берілген ұғымды үлестірмелі қима қағаздардан таратып беруге болады: №1 Төменде берілген сөздердің мәндес сыңарларын тауып, тұсына жаз. Дос,... батыр,... Бет,... ақырын,... №2 Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін таңдап алып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Күн /нұры, сәулесі/ түсті. 2. Менің /досым, жолдасым/- Серік. 3. Қонақтар төрге /отырды, жайғасты/. 3-топ ІІІ. Рефлекциялық - бағалар кезінде берілген ұғымды «қане, кім жылдам?»ойыны арқылы да бекіте түсуге болады. Ойынның шарты: тақтаға бір сөйлем жазылады. Мысалы: Айгүл - әдемі қыз. Сөйлемдегі әдемі сөзіне оқушылар баламаларын ойлап табады. Ең көп ұпай жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі.(әдемі, сұлу, әсем, көркем). Берілген «Қанат» сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып жазыңдар.
Қ - қайратты, қажарлы, т. б. А - ақкөңіл, ақжарқын, адал, т. б. Н - намысшыл, намысқой А - ақылды, анғарымпаз Т - тапқыр, талантты |