kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі Қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі

3-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

2-сыныпта өткенді қайталау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а/дыбыстар және әріптер туралы 2сыныпта алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен  әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;
ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы,топтастыру әдістері.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.
Сөйлемдерді ауызша толықтыр:
Дыбыс дегеніміз.
Әріп дегеніміз.
Дыбыстар..бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп. айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп.айтамыз.
Қазақ тілінде..әріп бар.

Сергіту сәті

Фонетикалық жаттығу.
- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

а/Сурет бойынша жұмыс.


ә/өлеңді оқу.Жуан және жіңішке айтылы тұрған сөздерді тап.

Мектебіме арнаймын
Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
б/өлеңнің мағнасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Э дыбысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана  қолданатынын  түсіндіру;

ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;

б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру. Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын  дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Терме диктант.

Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.

«Жанұя» саусақ гимнастикасы

Оқулықпен жұмыс.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

№1 карточка

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.

Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

- Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.

Дәптер мен жұмыс.

Өз бетіндік жұмыс.

№2 карточка

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Э әрпі бар сөздердің астын сыз.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

В дыбысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау  жасауға үйрету.

ә) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

б) Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: В в әрпінің баспа, жазба түрі, плакат,

 суреттер, буындар.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар « В в » дыбысы мен әрпін танып, оның сөз  ішіндегі ерекшелігін толық меңгереді. Сонымен қатар в әрпі кездесетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауға үйренеді.

Психологиялық ахуал

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Сәлемдесу.

 Үлкенге де сіз,

 Кішіге де сіз,

 Сәлем бердік сіздерге

 Құрметпенен біз.

3. Психологиялық дайындық.

 Бір, екі, үш,

 Сынып іші тып-тыныш.

 Жалқаулықты тастаймыз,

 Сабақты біз бастаймыз.

- Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды бастайық

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

II. Өткенді пысықтау.

- Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

- В дыбысымен таныстық.

- В қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбыс.

- В әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

- Басында және ортасында. Адамның тегінде ғана в әрпін сөздің соңында

кездестіруге болады.

- В әрпіне байланысты сөздер айтқызу.

- Біз қандай әріптерді білеміз?« Сиқырлы » сандығымыздан алып көрейік. ( сандықшаның ішінен

әріптерді кезекпен алып шығамын ). Балалар айтып тұрады: А әрпі,

дауысты, қызыл түспен белгіленеді, сондықтан қызыл үйде тұрады.

( Тақтада ілінген қызыл, көк түсті үйлердің қызылына кіргіземін ).

 П әрпі, дауыссыз, көк түспен белгіленеді, көк үйде тұрады.

III. Оқулықпен жұмыс.

 а) Жұмбақтар жасыру.

1. Қосылса 1,3 арасы,

 Қандай әріп қарашы? ( В )

2. Екі аяқты бір басты

 Жүгіреді тым қатты. ( Ве-ло-си-пед )

3. Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,

 Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп. ( Ва-гон )

4. Арқасында ауыл жүр,

 Ала тайым шауып жүр. ( Ав-то-бус ).

Жұмбақтардың шешуіне оқушылар дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.

ә) Оқулықтың 118-бетіндегі «Вокзал» тақырыбындағы суретті мәтін жан-

жақты талданады. Оқушылардың өмірімен байланыстыра отырып, әңгіме

жүргізіледі.

- Суреттен не көріп отырсыңдар?

- Онда барғандарың бар ма?

- Хамит қайда келді? ( темір жол вокзалына )

- Вокзалдан кімді күтті? ( Әжесін )

- Әжесі немен келді? ( поездбен )

- Хамиттің әжесі қай қаладан келді? ( Атырау қаласынан )

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Вокзал

 Хамит темір жол вокзалына келді. Вокзал үлкен сарай тәрізді. Ішінде

халық көп. Оған жан-жақтан пойыздар келіп жатады. Хамит Атыраудан

келген әжесін қарсы алды.

Вагондар тұр тізіліп,

Бақытжан жүр қызығып.

Вокзал басын қызықтап,

Зәуре де жүр сызылып.

б) Оқушыларға танысқан сөздердің бірінші буыны ғана берілген

шығармашылық жұмысты орындау ұсынылады. Оқушыларға соларды

жалғастырып, сөз құрау тапсырылады.

Берілетін буындар: ва, вок, ви, трам. ( вагон, вокзал, витамин, трамвай ).

IV. Дәптермен жұмыс.

 1,2,3 жинап алып күш,

 Қолға қалам аламыз.

 Әсем етіп жазамыз.

 Жазу дәптерінің 24-бетіндегі В в дыбыстарының әрпін жазуға жаттығу

жұмыстары жалғаса береді.

 Сонымен қатар 24- бетте берілген вокзал, трамвай, автобус сөздеріне

дыбыстық талдау жасалады.

 Оқулықтың 118-бетінде берілген 4 жолды өлеңді дәптерге көшіріп жазу

тапсырылады.

V. Сабақты қорытындылау

 Оқушылар оқулықтың 119-бетінде берілген Тапқышбектің тапсырмасын

орындайды.

- «В» дыбысы қандай дыбыс?

- « Автобус » сөзіне сөйлем ойла.

- Сөйлем неше сөзден құралған?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілі Қайталау

Автор: Агнурова Мандайлы Амангельдиевна

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391357

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "1941-1945 жылдарда?ы ?аза?стан тарауын ?айталау "
    ["seo_title"] => string(52) "1941-1945-zhyldardag-y-k-azak-stan-tarauyn-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "180893"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425275364"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "«Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі»"
    ["seo_title"] => string(71) "k_azak_stan_t_uielsiz_miemliekiet_soiliemdieghi_sozdierdin_oryn_t_rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "358029"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478937497"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "XIII-XV ?асырды? І жартысында?ы ?аза?стан тарауы бойынша ?айталау"
    ["seo_title"] => string(72) "xiii-xv-g-asyrdyn-i-zhartysyndag-y-k-azak-stan-tarauy-boiynsha-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "298650"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456384453"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?аза? тілі, "?айталау" 7 сынып "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-tili-k-aitalau-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "180890"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425274486"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?аза? тілі   ?айталау саба?ы"
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-tili-k-aitalau-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "319823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460963826"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства