Пәні: қазақ тілі
Сабақтың өту мерзімі:
|   Сабақтың тақырыбы:  |    Қайталау  |  
|   Сабақтың мақсаты:  |    Өткен тақырыптар бойынша алған білімін қайталау және бекіту  |  
|   Оқыту нәтижелері:  |    Өткен тақырыптар бойынша алған білімін қайталайды және бекітеді  |  
|   Негізгі дерек көздер:  |    Оқулық, бағалау парағы, суреттер, сызба, плакат, маркер  |  
|   Сабақ кезеңдері  |    Мұғалімнің іс-әрекеті  |    Оқушының іс-әрекеті  |  
|   І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин  |    Оқушылармен амандасу Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту. Тұлға аралық байланысты орнату: Түсті қағаздарарқылы топтарға бөлу  |    Мұғаліммен сәлемдеседі Оқу құралдарын дайындайды. Жақсы тілектер айтады. 5 топқа бөлінеді  |  
|   ІІ. Өткенді қайталау: Еске түсіру, түсіну: 12 мин  |    1. Үй тапсырмасын тексеру: 75-жаттығу (Берілген шылауларды қатыстырып, сөйлемдер құрап жазу.) 2. «Ой қозғау». Сөйлемдерді оқу, одағай, қаратпа және қыстырма сөздерді табу, тыныс белгісін қою, ойын дәлелдеу: 3.Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды: 1-топ: Одағай дегеніміз не? 2-топ: Қаратпа сөз дегеніміз не? 3-топ: Қыстырма сөз дегеніміз не? 4-топ:Бұл сөздердің жазылу емлесі мен тыныс белгілері қандай? 5-топ: Бұл сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?  |    1. Жеке жұмыс: берілген шылауларды қатыстырып жазған сөйлемдерді оқиды, шылауды талдайды. 2. Топтық жұмыс: сөйлемдерді оқиды, талдайды, дәлелдейді 3. Топтық жұмыс: одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге тән белгілерді топтастырады, қорытынды жасайды  |  
|   ІІІ. Жаңа сабақ: Талдау және қолдану:6 мин  |    1. Жаңа сабақты хабарлау 2. Оқулықпен жұмыс. 77 — жаттығу. Мысал әңгімені оқу, одағай сөзді табу, мағынасын айту, қаратпа, қыстырма сөздерді табу, сөйлемдегі орнын, тыныс белгісін талдау, қорытынды жасау  |    1. Сабақ мақсатын қояды. 2. Жұптық жұмыс: мәтінді оқиды, одағай, қыстырма, қаратпа сөздерді табады, талдайды, қорытынды жасайды.  |  
|   6 мин  |    78-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады, одағай сөзді табады, мағынасын түсіндіреді:  |    Жеке жұмыс: жаңылтпашты жатқа жазады, одағайды табады, мағынасын түсіндіреді  |  
|   Сергіту сәті: 2 мин  |    80-жаттығу. Сурет пен одағай сөздерді сәйкестендіру  |    Жеке жұмыс: сурет пен одағай сөздерді сәйкестендіреді, одағай түрін анықтайды  |  
|   І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау: 12 мин  |    1. 81-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сөз таптарына талдау. 2. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу: Мені танымай тұрсың-ау сірә. Бәріміз шынында да жас едік. Ата сізге қолғабыс жасайын. Апырай ата қонысым еді! Қап бәлем сені ешкіге айтпасам ба!  |    Жеке жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, сөз таптарына талдайды, тексереді  |  
|   Бағалау: 2 мин  |    Бағалау  |    Өзін өзі және топ жетекшілері  |  
|   Рефлексия: 1мин  |    1. Бүгінгі сабақта не үйрендің? 2. Қай тапсырма қиынға соқты? 3. Қай тапсырма оңай болды?  |    Ауызша жауап береді  |  
|   Үйге: 1 мин  |    Қайталау  |    Күнделікке жазады  |  
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    