Іле,Шу, Сырдария.Солтүстікте Ертіс өзені ағып жатыр. Оның салалары Есіл мен Тобыл өзендері.Ертістің ұзындығы 4248км.Өзен бастауын Алтай сілемдерінен алады.Ол жақта оны Қара Ертіс деп атайды. Біздің елімізде Өскемен, Семей, Павлодар арқылы ағады. Ресейдегі Обь өзеніне құяды. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансысы салынған.
Іле өзені – Балқаш көліне құятын ең үлкен өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км Іле өзеніне Қапшағай суқоймасы салынған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның өзендері мен көлдері»
Күні: 25.11.2016 ж
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлдері мен өзендері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзен және көл жайында баспапқы түсініктерін қалыптастыру. Өзен мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір менім қалыптастыру. Өзен және көл туралы өмірден білетіндерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатта су өте көп болғанымен тұщы судың аздығын ұға отырып, суды қорғауға әр адамның міндетті екенін түсіндіріп экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сызбалар, слайд, тест
Пән аралық байланыс: математика,әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2.Психологиялық дайындық.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп, жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
3. Үй жұмысын тексеру.
(Түсінгенін сұрау.Топтастыру әдісі)
Су – Табиғатта су айналымы болып тұрады.
Су табиғатта үш күйде кездеседі(сұйық,қатты, газ)
4. Жаңа сабақ: «Сөзжұмбақ»
Өзен:
1. Жер бетінің биіктеу жерін не деп атаймыз(төбе)
2. Тағамның дәмін не келтіреді?(тұз)
3.Мыс, корғасын,алюмений(металл)
4.Пайдалы қазбалардың жер қойнауынада немесе жер бетіне жиналған жері(кен)
Көл:
1.Арпа бидай ас екен , Алтын күміс тас екен(күміс)
2.Жанғыш зат (көмір)
3. Алтын көрсе періште жолдан таяр(күміс)
Қазақстан жерінде көлемі үлкен және шағын 85 мың өзен бар. Олардың жетеуінің ұзындығы 1000 км-ден асады.Олар: Ертіс, Есіл,Тобыл,Жайық.
Іле,Шу, Сырдария.Солтүстікте Ертіс өзені ағып жатыр. Оның салалары Есіл мен Тобыл өзендері.Ертістің ұзындығы 4248км.Өзен бастауын Алтай сілемдерінен алады.Ол жақта оны Қара Ертіс деп атайды. Біздің елімізде Өскемен, Семей, Павлодар арқылы ағады. Ресейдегі Обь өзеніне құяды. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансысы салынған.
Іле өзені – Балқаш көліне құятын ең үлкен өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км Іле өзеніне Қапшағай суқоймасы салынған.
Жайық өзені Орал тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, ал біздің жерімізде – 1032км.
Сырдария өзені – біздің жерімізден тыс Тянь – Шань тауларынан басталады. Жалпы ұзындығы 2219 км, ал біздің жерімізде – 1400. 1974 жылдан бастап, ол Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Картамен жұмыс(қазақстан өзендері мен көлдерін контур картадан тауып жазу)
5.Сергіту сәті:
Қатты нөсер басылды(жаймен тарсылдатады)
Күн жарқырай ашылды(қолдармен күн жасайды)
Көктен төмен әдемі, кемпірқосақ шашылды(жарты доға жасайды)
6.“Су туралы статистика”
А) Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты
Жердегі судың жартысына жуығын құрайды.
Ә) Әлемдегі ең үлкен көл - Каспий теңізі
Ол Азияда орналасқан. Ауданы 371 000 км2
Б) Қазақстандағы қорықты көл - Марқакөл, Қорғалжын.
7. Видео ролик (Арал теңізінін тартылуы)
8.Шығармашылық жұмыс
1 – қатар Көлдер мен өзендер. (мақал мәтел)
2-қатар . Тыйым сөздер
3-қатар. (Эссе)
9.Қорытынды
Тест жұмысы
Қазақстанның өзендері:
А) Ертіс, Ніл, Нұра
Ә) Сырдария, Ертіс, Нұра
Б) Лена, Енисей, Сена
2.Шипалы су шығатын жер қалай аталады?
А) Құдық
Ә) Бастау
Б) Арасан
3.Жер асты суының негізгі көзі:
А) Тұщы су
Ә) Құдық
Б) Жауын – шашын
4.Жер бетін өзгертетін апат:
А) Селдер
Ә) Су тасқындары
Б) Мұз айдындары
5.Судың үш күйін ата:
А) Қатты, сұйық, газ
Ә) Таза, ақ, көгілдір
Б) Сұйық, газ, мөлдір
10. Үйге тапсырма
Қазақстан өзендері мен көлдерін түсінгенін айту.
Ахмет Байтұрсынов атындағы № жалпы орта білім беретін мектеп