?зен мен к?лдер. Адам тіршілігі ?шін суды? ма?ызы ж?не оны ?ор?ау.
?зен мен к?лдер. Адам тіршілігі ?шін суды? ма?ызы ж?не оны ?ор?ау.
?аза?станны? ?зендері мен к?лдері жайында бастап?ы т?сінік ?алыптастыру;
?зен мен к?лдерді тиімді пайдалану ж?не са?тау ж?нінде пікір, сенім ?алыптастыру;
?зен к?лдерді ?адірлеуге, ?немдеуге т?рбиелеу.
Балалар к?зір біз глобус ойынын ойнаймыз. Глобус домалайды бір топтан екінші топ?а.Сендер білгендері?ді жазасы?дар бір минут уа?ытта. Жазыл?ан кайтала?байды. ?р топтан бір баладан шы?ып о?иды.
Формативти ба?алау (к?н, б?лт).
Балалар та?ы ?осаты?дары? барма ?
- Балалар жалпы су туралы туралы не білесі?дер ?
- Жер шарыны? ?андай б?лігін су алып жатыр?
- Су неше т?рде кездеседі?
- Таби?атта?ы суларды д?міне ?арай жікте.
- Адам а?засында ?анша су бар?
- Балалар ?р топ ?зінін тобынын атын ?аза?станны? ?ай жерінде орналас?анын к?рсетеді, ж?не ?асында ?андай ?алалар бар ?
?р топтан бір бала ?здеріні? ?зен немесе к?лді картадан шы?ып к?рсетеді ж?не ?асында ?андай ?алалар бар ?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?зен мен к?лдер. Адам тіршілігі ?шін суды? ма?ызы ж?не оны ?ор?ау.»
№ 21 4 «А» сынып 19 қараша 2015 жыл
Дүниетану
Тақырыбы: Өзен мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және оны қорғау
Сабақтың мақсаты:
«Өзен және көл» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру;
Өзен мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір, сенім қалыптастыру;
Өзен көлдерді қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы: Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, кесте. Сабақтың көрнекілігі: Кітап, физикалық карта ,экран Пән аралық байланыс: Өзін - өзі тану, дүниетану, қазақ тілі. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Қонақтарман амандасу. Слайд (1 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: (глобус ойыны) (7 минут)
Балалар кәзір біз глобус ойынын ойнаймыз. Глобус домалайды бір топтан екінші топқа .Сендер білгендеріңді жазасыңдар бір минут уақытта. Жазылған кайталаңбайды. Әр топтан бір баладан шығып оқиды.
Формативти бағалау (күн, бұлт).
Балалар тағы қосатыңдарың барма ?
IІІ. Ой қозғау стратегиясы: (3 минут)
- Балалар не себепті сендер бүгін топтарға осылайша бөліндіңдер қалай ойлайсыңдар? - Иа балалар бүгін біз Өзендер мен Көлдер туралы оқып білетін боламыз.
- Балалар жалпы су туралы туралы не білесіңдер ?
- Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр?
- Су неше түрде кездеседі?
- Табиғаттағы суларды дәміне қарай жікте.
- Адам ағзасында қанша су бар?
- Балалар әр топ өзінін тобынын атын Қазақстанның қай жерінде орналасқанын көрсетеді, және қасында қандай қалалар бар ?
Әр топтан бір бала өздерінің өзен немесе көлді картадан шығып көрсетеді және қасында қандай қалалар бар ? (Ертіс- шығыста, Балқаш- оңтүстік, Алакөл- оңтүстік, Арал теңізі- батыста, Каспий теңізі- батыста)
ІV. Жаңа материалмен жұмыс кезеңі:
Топтық жұмыс. Топтағы оқушыларға мәтін бөліктері бөлініп беріледі. Әрбір топ мәтіннен аталатын өзен, көл , теңіз жайлы оқып, оқыған бөлігін шығып қорғайды.
Формативті бағалау (шапалақ арқылы) (9 минут)
Слайд . Қажетті деректер.
Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері26 м.
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы.
Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды.
Арал теңізі –көлемі жөнінен жер шарындағы үшінші орын алатын көл болатын. Бірақ оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын жер суаруға көп жұмсағандықтан ,соңғы кезде Аралдың деңгейі күрт төмендеп кетті. Оның көлемі 40 % -ға қысқарды.Суы тартылған теңіз түбіндегі тұз құрғап ,одан көтерілкен шаң мен тұз бораны айналадағы ауаны ластады. Табиғаттың күрт нашарлауынан халық арасында түрлі қауіпті аурулар тарады. Міне, өзен мен көл суларын ойланбастан ,ретсіз пайдаланудың неге апарып соғатынын осыдан-ақ көруге болады.
Слайд.Тақтамен жұмыс. Бес жолды олің (2 минут)
Зат есім: Сулар (бір зат есім)
Сын есім: Минералды , артезиан (екі сөз)
Етістік: Емдейді, ерітеді, жазады (үш сөз)
Сөйлем : Минералды сулар , бұл табиғат байлығы.
Синоним: Экология
Слайд .Сергіту сәті. (2 минут)
Топтық жұмыс 1-топ(Ертіс өзені) Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер өйлап жаз. (5 минут)
М а қ а л д а р
1. Сулы жер — нулы жер.
2. Таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
3. Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас.
4. Тау мен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар.
Т ы й ы м д а р
- Қайнамаған су ішпе.
- Суға түкірме.
- Суды ластама.
- Суды босқа ағызба.
2 –топ (Балқаш көлі) Ұқсастығы , айырмашылығы. Өзендер- Көлдер
Өзі салған арнамен ағатын су
. Көл өзен сияқты бірнеше км жерлерге ағып бармайды
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар
Екеуі де су, адам тіршілігі үшін қажет
3 -топ (Алакөл) Мен министр болсам суды қорғау үшін не істер едім?
4 -топ ( Арал теңізі) Мына әріптерден Қазақстан өзендері мен көлдерін құрастырып жаз.(бір әріпті бірнеше рет қолдануға болады). Ж, ш, й, қ, а, у, ы, с, е, л, і, т, р,п, и, б.
5 -топ(Каспий теңізі) Картадан Арал теңізіне және Балқаш көліне құятын өзендерді тауып жаз
V. Бекіту кезеңі: « Адасқан балық » ойыны.Слайд (5 минут)
Балалар адам болсын, жануар, жәндік кімде болсада бостандықты қалайды келісесіңдер ме? Олай болса мына балықтарға бостандық берейік.Балықтардың артында сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап беріп, балықтарды қалаған суларыңа жіберіңдер.
1.Сұрақ. Өзен, көлдерді не үшін пайдаланады?
2.Сұрақ. Табиғаттың жағдайы бұзылмау үшін халық не істеу керек?
3.Сұрақ. «Егер де» су әлемде жойылып кетсе табиғатта не болар еді?
4.Сұрақ. Дүние жүзіндегі ең терең көл қандай көл ?
5.Сұрақ. Арал теңізі неден құрып бара жатыр ?
Тақтадағы суретте аквариумда жүзіп жүрген балықтардың суреті берілген. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығыпбалықтың артындағы сұраққа жауап беріп, оны өздері қалаған көл немесе теңізге жібереді.
Формативті бағалау (күн мен бұлт)
Тақтамен жұмыс.«Судың ластануы» балалар тақтаға шығып, су неден ластанатынын жазады. (3 минут)