Қазақ тілі.
7- сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қымыз.
Мақсаты: Лексикалық тақырыпқа сүйене отырып,грамматикалық тақырыпты игеру, оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.
Міндеттері:
1.Білімділігі: Қазақтың ұлттық тағамдарын есте сақтау, ол жайында әңгімелей білу.
2.Дамытушылық: Айтылған сөйлемдердің дұрыс айтылып,дұрыс құралуына мән беру, сұраулы сөйлем, құрмалас сөйлем, шылаулардың сөйлемде дұрыс пайдалануы.
3.Тәрбиелік: Асты дұрыс пайдалану. Қазақтың ұлттық тағамдарының атауы мен адам ағзасына пайдасын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, деңгейлік тапсырмаларды орындау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Кезекшімен тілдесу.Сенің атың кім?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
Үйге не берілді?
II .Үй жұмысын тексеру.
III. Өткенді қайталау.Күрделі сөздер.
IV. Сабақтың мақсатын,барысын айту.
V. Граматикалық тақырып. Интерактивті тақтадағы сызбалар бойынша түсініктеме беріп мысалдарды қарастыру.
А.с қатысты: туралы, жайында,сияқты,тәрізді,секілді,үшін,сайын.
Қымыз туралы әңгіме естідік.
Б.с. дейін, қарай, тарта, таман,жуық.
Етке дейін шұбат іштік.
Ш.с. кейін, соң, әрі, гөрі, бері.
Еттен соң демалдық.
К.с. бірге, қабат, қатар.
Қымызбен бірге ет әкелді.
Ауызша жұмыстар. № тапсырмадағы сөздіктермен жұмыс.
Жаңа сөздермен таныстыру.Мұғалім оқып,олардың айтылуына көңіл аудартады.
Қымыз-кобылье молоко
Саумал қымыз-только что заквашеный кумыс
Түнемел қымыз-однодневный кумыс
Тай қымыз-двухдневный кумыс
Құнан қымыз-трехдневный кумыс
Дөнен қымыз-четырехдневный кумыс
Бесті қымыз-пятидневный кумыс
Сүр қымыз-выдержанный кумыс
Ашыту-заквасить
Қор-закваска
VI. Қайталап оқыту.
Мәтінмен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.
VII. Мәтін бойынша сұрақ қою.
1. Қымыз дегеніміз не?
2. Қымыздың қандай түрлері бар?
3. Қымызды қалай жасайды?
4. Сен қымыз ішіп көрдің бе?
5. Дәмі қандай? Саған ұнады ма?
6. Қалай ойлайсың, дүкендегі сатылатын қымыз бен ауылдағы қымыздың айырмашылығы бар ма?
7. Қандай айырмашылықтар?
8. Қымызды дәрі деп неге айтады?
Мәтінге берілген тірек сызба бойынша қымыз туралы мәтін құрау.
Тірек сызба бойынша әңгімелеу.
Жазбаша орындау
№ тапсырма.
Қымыз қазақ халқының ....
Ол биенің сүтінен ......
Қымыздың түрлері:
Бесті қымыз өте бағалы,өйткені .....
Қымызды ашыту .....
Деңгейлік тапсырмаларды орындату
III-деңгей
1. Деңгей бойынша сұрақтарға жауап беру.
2.Мәтіннің мазмұнына сәйкес септік шылауларды қатыстырып, сөйлемдер құрау.
II-деңгей
1.Тірек сызбаны толықтырып,қымыз туралы мәтін құраңдар.
2.Қымыз ашыту өнері туралы бір-екі сөйлем құрау.
I-деңгей
1.«Қымыз-бағалы сусын»деген тақырыпқа реферат жазыңдар.
2. № тапсырма. Жаңылтпаштарды тез айтып жаттығыңдар.
VIII. Үйге: Нәтиже сабаққа дайындалу.