Просмотр содержимого документа
«К дыбысы мен ?ріпі »
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту. К дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Салауаттылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.
2. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру: Е дыбысы қандай дыбыс?
Сөздің қай жерінде жазылады? кесе, кеме,сен
Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру:
Қызықтап күнде сен
Оқисың одан сен,
Ертегі, өлеңді
Суретін көресің,
Әріптің төресін
Ол не ? (Кітап)
Дұрыс айтасыңдар! "Кітап" өлеңін оқып беру.
Жақсылықты жақтаймыз
Әріптерді жаттаймыз
Кітаппенен дос болып
Сенімдерді ақтаймыз.
-Кітап оқу үшін нені білуіміз керек? -Әріптерді. Суреттегі заттардың атын атаңдар. Дыбыстық талдау жасау.К -нің дауыссыз екенін аңғарту. Хормен оқыту. Жеке оқыту.
Білімді бекіту: К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет, кес, кесте
Сергіту сәті:
Қарлығаш болып ұшамыз,
Торғай болып қонамыз.
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шұқимыз.
Дәптермен жұмыс: К әрпін жазып жаттығу.
Сабақты қорытындылау: Біз бүгін сабақта қандай әріпті үйрендік? К қандай дыбыс?