kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен 4 сынып?а арнал?ан та?дау бойынша п?н "Тіл дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

        Б?гінгі бала, ерте?гі азамат, мемлекетімізді ары ?арай дамытушы т?л?а. Сонды?тан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап ?аланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге т?рбие де ж?реді.

«?аза? тілі» – бастауыш сынып о?ушыларын ал?аш?ы тілдік білім негіздерімен ?аруландыратын, тіл ар?ылы ?арым-?атынас жасау ?ызметіні? барлы? т?рін ме?гертетін ж?не оларды? а?ыл-ойын дамытатын п?н.

3. П?нді о?ытуды? жалпы ма?саты – тіл туралы о?ушыларда т?тас ?ылыми ??ым ?алыптастыру, тіл ?ылымы туралы негізгі ережелерді ме?герту; ауызша ж?не жазбаша с?йлеуді? коммуникативтік білігі мен да?дысын игерген тілдік т?л?а ?алыптастыру.

4. Бастауыш мектептегі «?аза? тілі» п?нін о?ытуды? ма?саты – ал?аш?ы тілдік ма?л?маттарды ме?герту, сауатты жазу, о?у да?дылары жетілдіру, интеллектісі мен шы?армашылы? ?абілеттерін, ?атысымды? ??зыреттілігін дамыту, жеке т?л?аны? ?алыптасуы мен дамуына м?мкіндік жасау.

«Тіл дамыту» ба?дарламасы о?ушыларды? с?здік ?орларын молайту, тілге деген с?йіспеншілігін дамыту?а ба?ыттал?ан.

О?у ж?ктемесі аптасына 1 са?ат, жыл бойы 34 са?ат.

        «Тіл дамыту» ба?дарламасы келесі ??жаттар бойынша ??растырыл?ан:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен 4 сынып?а арнал?ан та?дау бойынша п?н "Тіл дамыту"»



Түсінік хат

Бүгінгі бала, ертеңгі азамат, мемлекетімізді ары қарай дамытушы тұлға. Сондықтан да білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланады. Бастауыш сатыдан бастап білім беру процесімен бірге тәрбие де жүреді.

«Қазақ тілі» – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

4. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

«Тіл дамыту» бағдарламасы оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілге деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған.

Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат, жыл бойы 34 сағат.

«Тіл дамыту» бағдарламасы келесі құжаттар бойынша құрастырылған:


  1. «Астана – 2013» бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде

№ 8424 тіркелген.;

  1. «Әдістемелік нұсқау хат» - 2015-2016 оқу жылы;

  2. «Оқушы анықтамасы» арман-пв баспасы 2003жыл;

  3. О.И.Мырзагельдинова, «Сборник тестовых заданий»;

  4. Ә.Ә.Слямхановна, «Тіл дамыту құралы».













Павлодар қаласындағы №43 жалпы білім беру мектебі















Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған

«Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары




















Павлодар, 2015 жыл




Құрастырған: Жакенова Жанат Темирбулатқызы




















Бұл факультатив курсы 4 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінің алған білімдерін, жалпы бастауыш курсы бойынша меңгергенін ары қарай жалғастыруға, қосымша мәлімет алуға бағытталған















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. А.Қайырбекова, Б.Бағысбаева «Әдістемелік құрал» 1-4 сыныптар «Қазақ тілі» Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл;

  2. Ж.Қ.Балтабаева «Қазақ тілі» оқулығы 4 сынып, «Алматыкітіп» баспасы, 2011жыл;

  3. Б.Қ.Қапасова, Б.Х.Әбдіжүсіпова «Қазақ тілін жедел оқыту» Арман – пв, 2012 жыл;

  4. Ш.Қ.Бектұров «Қазақ тілі: Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис.» Атамұра 2006жыл;

  5. «Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сұрақ», Бастауыш мектеп-Шымкент: «Шикула және К» ЖШС, 2007 жыл;

  6. Ж.Қ. Балтабаева, Ф.С.Лекерова, М.Қ.Солтанғазина «Оқушының анықтамалығы» 1-4 сынып, «Қазақ тілі», Алматыкітап-2006 жыл.






























Бағдарламаның мазмұны


Кіріспе – сағат

Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу

Баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Сөйлеудің екі құралының бірі – ым-мимиканы түсіндіру, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеуге жатады. Мимика дегеніміз жан сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау, қолмен, ауызбен белгі беру) т.б. мұны кейбір дыбыстарды таныстыру барысында пайдалануға болады. Қазақ алфавитіндегі барлық дыбыстарды таныстыруда дауыс ырғағын, екпінін дұрыс келтіріп, дыбыстарды анық айтуға үйретіледі. Қатаң, ұяң, дауысты дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, оларды айтуда дыбыс аппараты мен артикуляцияны дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға жаттықтырылады. Дыбыстардың дауысты, дауысыз, қатаң, ұяң, үнді-үнсіз болып бөлінетіні меңгертіледі. Жазылуы басқа, айтылуы ұқсас с-з, с-ц, ж-ш, ч-щ, ч-ш, ж-з; ал айтылуында да жазылуында ұқсастық жоқ ч-ц, с-ш,л-р, дыбыстарды дауыс ырғағы мен тіл жылдамдығын реттеп, мәнерлі айтуға үйретіледі. Тілдің дыбысталуы мәдениетіне тәрбиелеуге дидактикалық ойындарды тақырып мақсатына сай: «Көркем жазуға үйренейік» - 2 сағат, «Дыбыс және әріп» - 4 сағат, « Мәтінді көшіріп жазу» - 2 сағат оқытылады.

Сөздік грамматикалық формасын қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымын бала өте ерте меңгере бастайды. Ересек балалардың тіліне тән қасиет әртүрлі типтегі мәтіндерді құрауды белсенді меңгеру. Балалар монологты меңгереді, грамматикалық құрылым байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.

Балаларды сөз құраудың амалдарымен таныстыру тілдің грамматикалық құрылымын дамыту да маңызды рөл атқарды. Білім дидактикалық ойындармен жаттығуларда бекиді. Бастауыш сынып балалардың адамдардың кәсібімен таныстыру барлық сөз таптарын жұрнақтардың көмегімен жалғау пайдалануға мүмкіншілік береді. Сөз құрау арнайы тілдік ойындармен жаттығулар арқылы іске асады. Соған байланысты «Сөз таптарын оқыту» бөліміне – 4 сағат уақыт бөлінеді.

Сөздік қорын байыту дамыту - 4 сағат

Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш,ертегілерді, сюжетті суреттерді ойын, жаттығуларды балаларға арналған мультфильм, кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау, шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың тілі дамытылады.

Әңгімелеуге үйретуде төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  • Сюжеттік суреттер бойынша әңгіме;

  • Үлгі (схема) бойынша әңгіме;

  • Құрылған жоспар бойынша әңгіме;

  • Рөлдер бойынша әңгіме (шығарманы сахналау).






Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Тілдің синтаксистік жағы байланыстырылып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жүзеге асады. Соған жалпы:

  • Мақал – мәтелдер – 2 сағат;

  • Жаңылтпаштар 1 сағат;

  • Ертегілерді оқыту – 3 сағат;

  • Жұмбақ – 1 сағат бөлемін.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында:

«Шығармашылық жұмысқа» - 10 сағат. Соның ішінде:

  • Мәнерлеп оқу – 4 сағат;

  • Жатқа жазу – 1 сағат;

  • Әңгіме құрастырып жазу – 2 сағат;

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру – 1сағат;

  • «Менің Отаным тақырыбына» эссе жазғызу – 1 сағат;

  • Шығарма жазу – 1сағат.

Оқу техникасын тексеру – 2 сағат.





























Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:

  • Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;

  • Оқылған әңгіме ертегі тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен жіне әдеби тілде айта білу;

  • Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс әрекетке пайдалана білу;

  • Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;

  • Сурет сериялары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;

  • Заттардың аттарын, қасиеттеріне белгісіне қарап ажырату;

  • Монологты және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;

  • Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктердің жетілдіру;

  • Оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып олар туралы өздігінен қорытынды жасау.































«Тіл дамыту» факультативінің

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

Ескерту

1

Кіріспе

1



2

Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер

1



3

Жуан дауысты дыбыстары бар сөздер

1



4

Сөздердің дұрыс жазылуы

1



5

Сөздердің дұрыс айтылуы

1



6

Мәтінді көшіріп жазу

1



7

Кім болғым келеді?

1



8

Қандай түсті таңдаймын

1



9

Жыл мезгілдері

1



10

Затқа қарап жұбын тап ойыны

1



11

Сюжеттік сурет бойынша әңгімелеу

1



12

Үлгі бойынша әңгімелеу

1



13

Құрылған жоспар бойынша әңгімелеу

1



14

Рөлдер бойынша әңгімелеу

1



15

Мақал – мәтелдер

2



16

Жаңылтпаш

1



17

Алдар көсе ертегісі

1



18

Жануарлар туралы ертегі

1



19

Менің атым - Қожа

1



20

Жұмбақ

1



21

Мәнерлеп оқу

1



22

Мәнерлеп оқу

1



23

Мәнерлеп оқу

1



24

Мәнерлеп оқу

1



25

Жатқа жазу

1



26

Әңгіме құрастырып жазу

2



27

Фильм бойынша әңгімелеу

2



28

Менің Отаным

1



29

Шығарма жазу

1



30

Оқу техникасын тексеру

1





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілінен 4 сынып?а арнал?ан та?дау бойынша п?н "Тіл дамыту"

Автор: Жакенова Жанат Темирбулатовна

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 250794


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства