Просмотр содержимого документа
«"?айталау" саба?ы »
Сабақтың тақырыбы:Қайталау
Мақсаты:Ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдануға машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға жаттықтыру, ілгеріде енгізілуге тиісті күрделі ұғымдарды қарастыруға дайындық жүргізу; шамаларды және олардың өлшеу бірліктері арасындағы қатыстарды пысықтау.
I.Ұйымдастыру сәті.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі болғандықтан ,күн суық. Аспанды бұлт басыпты. Ендеше, көңілімізді түсірмей, бар білімімізді пайдаланып, аспанды бұлттан ашып алуға көмектесейік.
II.Өткенді еске түсіру
«Аспанды бұлт басты» ойыны:
Шарты: амалдарды орындаған кезде күн бұлттан «шығады».
55-55
51+14
24-10
41-30
52+23
Сиқырлы күн бар өкпе мен мұңды ерітіп жіберді. Жүрегіміз жылу мен махаббатқа толды. Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі ұранымыз: «Өткенді қайталаймыз!»
III. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Оқулықпен жұмыс
Қыстағы қандай белгілерін білесіңдер? Қандай табиғат құбылыстары болады?
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан......Жалғастыр
-Өлеңді жазған кім?
-Бүгінгі сабаққа байланысы қандай?
1.Боран неден пайда болады?
Басымызда, көңілде «Боран» болуы мүмкін бе?
Тапсырма: «Боранды тоқтату»
Теңдеулерді шеш.
45+х=100
2.Ойын: «Үйді жылыту».
Қыстың суығы шыдатпай барады. Үйімізге түтін түтетіп, от жағып, жылытпасақ болмай тұр. Ол үшін мына тапсырмаларды орындау.
Тапсырма:56 мен 65 –дің арасындағы сандарды өсу ретімен жазып, үйдің нөмірін анықта. Сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазып,салыстыр.
Есепті шешу тақтада орындалады, шығару жолы талданады, ал содан кейін тапсырмалар арасындағы байланыс анықталып, тапсырмаларды есепке айналдыру,оны шығару жұмысы ұсынылады.
Сергіту сәті
Бір-көтеріл, созыл
Екі- бүгіл, созыл
Үш- алақанды үш рет соқ
Төрт- дегенде қолдарыңды жай
Бес дегенде қол бұлға
Алты дегенде отырып қал
Рефлексия
+ =50
70- =
6. Үй иесінің тапсырмасы:Мысалдар құрастыр, оларды шығар.
Боран басылды, күн ашылды ... 4 пен 32-нің қосындысына 2-ні қос. 70 пен 9-дың қосындысынан 5-ті азайт.
6 мен 41-дің қосындысынан 3-ті азайт. 40 пен 8-дің қосындысына 1-ді қос.
56 мен 6-ның айырмасына 20-ны қос. 79 бен 9-дың айырмасынан 40-ты азайт.
78 бен 8-дің айырмасынан 20-ны азайт. 48 бен 8-дің айырмасына 50-ді қос.
7.Топтық жұмыс. Қар тазалау үшін , есептерді шығару және өзара тексеру.
Оқушылар 4 топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Өздері үшін жаңа сызықты анықтайды. (Сынық сызық) Шығармашылық тапсырма. Жұппен орындалады. Жұмысқа 3-4 минут уақыт беріледі. Шешу нұсқасы ұжым болып тексеріледі. Жауабы: кішісі 2 дәптер, ортаншысы 3 дәптер, үлкені 4 дәптер
8.Ойын:«Кел, ойнайық!» Сөз құрастыр: палитра.
Бүгін айтылған қыс құбылыстарынан алған әсерлеріңді қандай түспен, Математиканың қай таңбасымен берер едіңдер: «+» әлде «-». Күн ашылып балалар қуанды.