Сабақтың тақырыбы:Өткен шақ
Сабақтың мақсаты:1.Етістік шақтары жайында алған түсініктерін еске түсіре отырып, өткен шақ
етістігіне берілген жаттығуларды орындату.
2.Оқушылардың ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту. Сабаққа деген зейіндерін
арттыру.
3.Шапшаңдылыққа, сауаттылыққа дағдыландыру. Туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:әңгіме,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,жаттығу
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,ереже,карточкалар,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
А)Сабаққа дайындық
Ә)Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
129-бет. 35-жаттығу Етістіктерді салыстыру,талдау.
Танысты,үйренді,тыңдады,шақырды.-Өткен шақ.
Танысып жатыр.Үйреніп жүр.Тыңдап отыр.Шақырып тұр.-Осы шақ
ІІІ.Жаңа сабақ
А)Сабақтың мақсатымен таныстыру
Ә)Дәптермен жұмыс
-Күн реті
-Сынып жұмысы
-Сабақ тақырыбы
-Жазу үлгісі (әріп,сөз,сөйлем-талдау)
Б)Топпен таныстыру
І-топ. Топ жетекшісі Айкүміс
ІІ-топ. Топ жетекшісі Ақниет
В)Оқулықпен жұмыс
37-жаттығу. Өлеңді оқу.Етістіктерге сұрақ қоя отырып,қай жақ екенін айту.
Туған жерге жетпейді
Мен жасаған ұяға
Ұшып келді қиядан
Қараторған ән салды,
Тамашалап тамсанды.
-Туған жерім,армысың!
Жылы ұям-ау,бармысың?
-Күзде ұшып кеткеннен,
Оралғанша көктемде,
Дала кезіп шаршадым,
Туған жерді аңсадым.
Өттім талай көлдерден,
Жасыл құрақ көмкерген.
Бәрі,бәрі тамаша!
Ойлап оны қарасам:
Керемет жер көп,мейлі,
Бір өзіңе жетпейді.
І-топ Іжақ. Шаршадым,аңсадым,өттім.
ІІ-топ ІІжақ. Армысың,бармысың.
Шапшаң топ ІІІжақ Ән салды,тамсанды,жетпейді
38-жаттығу.Сөйлемдерді көшіру,талдау.
І-топ.
Мейіржан шаттанып күліп жіберген(жіберді).
Мәдина ән шырқаған(шырқады).
ІІ-топ.
Балалар ұйып тыңдаған(тыңдады).
Әжей бізбен талай рет әңгімелескен(әңгімелесті).
Шапшаң топ
Қонжық қолға тез үйренген(үйренді).
Мұндағы етістіктер-өткен шақта тұр.
39-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру,талдау.
І-топ. Аңсады,қонған. Әсем өз туған жерін аңсады. Құстар ағашқа қонған.
ІІ-топ. Жинады,айтқан. Аружан үйді жинады. Әсет өлеңді мәнерлеп айтқан.
VІ.Сергіту сәті
Қол ұшына қара да
Ұшбұрыш сыз ауаға.
Сол қол да бос тұрмасын
Шеңбер жасап зырласын
Зырласын,тұрмасын-келер шақ етістігі.
40-жаттығу. Сызбадағы берілген етістіктерді өткен шақта тұрғанын дәлелдеу.
І-топ .Көрді,көрген
ІІ-топ.Білді,білген
Шапшаң топ.Сөйлесті,сөйлескен
Бұлар өткен шақ етістіктері, өйткені, не істеді? не істеген? деген сұрақтарға жауап береді.
41-жаттығу. «Диалог-ертегі»ойыны. Ертегіні оқу,етістіктерді теріп жазу,талдау.
Болыпты, келіп қоныпты, айтыпты, жатыпты, құлап кетемін, жат - етістіктер
1-диалогты оқу
2-етістіктерді шақ бойынша жазу
3-ертегіні аяқтау
V.Сабақты қорыту
1.Сөзжұмбақ «Қазақ тілі»
2.Үлестірмелі материалдармен жұмыс
V.Үйге тапсырма
131-бет,42-жаттығу
Ереже Етістіктің шақтары
VІ.Бағалау
1.Топпен бағалау
І-топ
ІІ-топ
2.Әр топтағы оқушыларды жеке-жеке бағалау
№26 жалпы білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Өткен шақ
Турабаева Шолпан Еркеулановна
Алматы 2014
І-топ
ІІ-топ
Айкүміс
Мәди
Жайна
Әйгерім
Ерасыл
Ақбота
Ғазиз
Әділет
Эльмира
Меруерт
Әлия
Аслан
Нұрсұлтан
Ақниет