Өзі төрт қанатты, Және алты аяқты, Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды.
Тұмсығына жібін байлап Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты, Бүтіндейді жыртықты.
Есіңде сақта! И, и дыбысы дауысты дыбыс екен. Себебі, дауысты дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергісіз айтылады.Сондай – ақ, И и дыбысы сөздің басында, ортасында көп кездеседі.
Мысалы: Ит сөзінде и дыбысы сөздің басында айтылады. Сиыр деген сөзде сөздің ортасында бірінші буынында келіп тұр. Ол сөздің соңында сирек кездеседі.
И й әрпінің артикуляциясымен таныстыру И й әрпінің жазылуымен таныстыру. И й дыыбсы дауыссыз И й әрпі секілді жазылады. Бірақ жоғарысындағы үтірі қойылмайды.
3) Дауысты И й дыбысы және дауыссыз И й дыбыстарының айырмашылығы. Дауысты И және дауыссыз Й дыбыстарының айырмашылығы олардың сөз ішіндегі орнына байланысты. Мысалы ай сөзінде й дыбысының алдында дауысты а дыбысы тұрғандықтан ол дауыссыз й болады. Ал ит деген сөзде бар болғаны екі – ақ дыбыс. Олардың біреуі и және т дыбыстары. И дыбысынан басқа т дыбысы дауыссыз болғандықтан и дыбысы дауысты болады.
Есіңде сақта!
И дыбысының алдында ы,і естілгенімен,
олар жазылмайды: биыл (быйыл емес), киік (кійік емес)