Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну. 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Әріпті таниды, жазады, ажырата алады. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлемнің соңына нүкте қойып жаза алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Бейне жазба , суреттер, ермексаз, сіріңкенің шиі |
Тілдік құзыреттілік | Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі: Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Көк аспан! Амансың ба, Жер-Ана! Амансың ба, Сен! Амансың ба, Мен! Балалар біз амандасып алдық енді сабаққа көңіл бөлейік. Сабақтың мақсатымен таныстыру. | |
Сабақтың ортасы 8 минут | 2.Өткен сабаққа шолу. (МК,Ұ)«Миға шабул» «Қағып ал, жауап бер» Өткен сабақта қандай әріптерді өттік. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай дауысты дыбыстарды білесің? Дауыссыз дыбыс Т дыбысынан басталатын адам аттарын ата. Оқушы сөзінде неше буын, неше дыбыс бар Әріп дегеніміз не? 3.Қызығушылықты ояту. Балалар біздің бүгінгі сабағымызға ертегілер елінен баурсақ қонаққа келіпті. Ол өзімен бір қоржын ала келіпті. Қане, бауырсақтың қоржынында не бар екен көреміз бе? Жұмбақ Біз жаздық аулым қонған текшесіне, Етіктің жез қақтырдым өкшесіне. Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар, Бөренесін байлаған бөксесніне. (Инелік) Адамға серік, Күзетке берік (Ит) -Инелік, ит сөдері қандай дыбыстан басталып тұр? -И и -Бауырсақтың қоржынында тағы не бар екен? Қоржыннан инелік, ит, итбалықтың суреті мен Ии әрпінің моделін алып көрсету. -И дыбыс – жіңішке дауысты дыбыс. Инелік сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау. Оқушыларға Ии әрпіне қатысты бейне жазба көрсету. Оқулықпен жұмыс (МК,Ө)№1 Оқылым. Ши иек ирек иық тиін ие Ти тиек сирек қиық тиын шие Ши, сирек сөзінің мағынасын түсіндіру. (МК,Ө,Қ) Керек Ие керек итке де, Ине керек жіпке, Икем керек іске, Иық керек жүкке. (Қастек Баянбай) (МК,Ұ,Қ)№2 Айырмашылығын тап. | Доп Бауырсақ, қоржын Суреттер АКТ оқулық Суреттер |
Сергіту сәті 1 минут | Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма 8 минут Аяқталуы 16 минут | (МК,Т) №3 Фильм не туралы? Фильмге ат қой. «Ит –адамның досы» дегенді түсіндір. (МК,Ж,Ө)Дәптермен жұмыс: Мұғалімнің әріптің баспа және жазба түрін таныстыруы Оқушылар әріпті модельдеу Тақтаға жазу Ауда жазу Жазу дәптеріндегі тпсырманы жазу. «Иә, жоқ» ойыны Бүгін И әрпін өттік. (иә) И дауыссыз дыбыс (жоқ) Инелік сөзінде екі буын бар (жоқ) Ине еңбек құралы (иә) т.б | Екі топқа суреттер Ермексаз, ши, дәптер |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз жұптық, топтық жұмысымен бірге басқа жұптың, топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста жұптық, топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. | Микрафон |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |