kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарыш. Ғаламшарлар қалай орналақан?

Нажмите, чтобы узнать подробности

2-сынып  Ғарыш. қалай орналасқан? тақырыбында ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарыш. Ғаламшарлар қалай орналақан?»

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Жаратылыстану Мектеп: Е.С.Бозғұлов атындағы № 249 мектеп – лицей

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 – бөлім. Жер және ғарыш

Мұғалімнің аты-жөні: Қарақұл Гулмира Байболатқызы


Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 2 – сынып Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

4.2 Ғарыш. Ғаламшарлар қалай орналасқан ?

Оқу мақсаттары

2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:

  • Күн жүйесі және ғаламшар ұғымдары туралы біледі;

  • Күн жүйесінің ғаламшарларын анықтайды;

  • Ғаламшарлардың орнын көрсетеді.


Көптеген оқушылар орындайды:

  • Ғаламшарлардың атауларын есте сақтайды;

  • Ғарыш денелерінің орналасу реттілігін табады.


Кейбір оқушылар орындайды:

  • Ғаламшарларды атауымен сәйкестендіреді.


Бағалау критерийлері

Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер: Ғаламшар – планета – planet

Күн жүйесі – солнечная система – solar system

Орналасу – место – location

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біздің жүйеміз қалай аталады ?

  • Ғаламшар туралы не айта аламыз ?

  • Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар ?

  • Жер нешінші орында тұр ?

  • Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан ?

  • Қай ғаламшар Күнге ең қашық орналасқан ?

  • Қандай ғаламшарлар Жермен көрші орналасқан ?

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы бірін-бірі тыңдауға,өзгелердің пікірін құрметтеуге, топта жұмыла жұмыс жасай білуге тәрбелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі,көркем еңбек, АКТ.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізіледі.

Бастапқы білім

Ғарыш денелерін атайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып,ынтасын сабаққа аудару мақсатында

Шаттық шеңбері жасалады

Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын – Күн!
Қуан, шаттан алақай!

2.Топқа бөлу. Ғарыш денелерінің суреттері бейнеленген қима қағаздарды таңдап алу арқылы үш топқа бөлінеді.

І топ – Күн тобы


ІІ топ – Ғаламшар тобы



ІІІ топ – Жер тобы


3. « Күн және күн жүйесі » атты бейнефильм көрсетіледі.

( АКТ пәнімен байланыс орнатылады.)

Бейнефильмде Күн жүйесі, Күн жүйесіндегі денелер және Күнді айналып жүрген 8 ғаламшарлар туралы айтылады.Әр ғаламшардың ерекшеліктері мен олардың серіктері туралы және Плутон кішкентай болғандықтан ғаламшарлар қатарынан 2006 жылы шығарылғандығы туралы .

баяндалады.

4. «Миға шабуыл»

Бейнефильм мазмұнымен жаңа сабақ мақсатын байланыстыру мақсатында сұрақтар қойылады.

- Бейнефильм не туралы екен ?

- Күн қандай ғарыш денесіне жатады ?

- Жер қандай ғарыш денесі ?

- Біздің жүйеміз қалай аталады екен ?

- Күн жүйесін нелер құрайды екен ?

сұрақтарына жауап алынады. Олай болса,бүгін біз Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың орналасқан орындарымен танысамыз.






Күн, Жер, Ғаламшар суреттері бейнеленген қима қағаздар
























«Күн және күн жүйесі » бейнефильмі

https: // bilimland.kz cайты


Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

29 мин


Топтық жұмыс

Оқушыларды белсенді оқуға, өз бетінше білім алуға дағдыландыру үшін және Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу реттілігін есте сақтау мақсатында жүргізіледі.

Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға оқулықтың 59- бетінде «Есте сақта» айдарымен берілген Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу реттілігі туралы сөзбен жазылған мәліметке сүйеніп отырып жұмыс жасау керектігі ескертіледі.Оқушылар соған қарап отырып жұмыс жасау барысында оқу әрекетіне кіріседі.

1 – топ «Күн жүйесінің » сұлбасын жасау.

Ғаламшарлардың атауларын Күннен алыстауына қарай орналасу ретімен шеңберлер сызып жазып,ермексаздан ғаламшарларды жасап,ретімен орналастырады.

( Көркем еңбек пәнімен пәнаралық байланыс орнатылады.)

ІІ топ « Айырмашылығы неде ?» әдісі.

Төменде бейнеленген екі түрлі сурет көрсетіледі.Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтайды. Қай суретте ғарыш денелерінің орналасуы дұрыс көрсетілгендігін табу керек.Екінші суреттегі Күн жүйесінің бейнеленуін кімдер жасауы мүмкін ? деген сұраққа өз болжамдарын айту керек.

ІІІ топ Ойлан тап әдісі

Мұғалім қандай да бір мәліметті есте сақтау үшін қолданылатын мнемоникалық тіркестер болатынын айтады.

Мысалы: Жыл басының атауларын жаттау үшін

«Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап мойыма,

Тайма именіп ділмардан» деп айтылатын шумақ өлеңді

жатқа айтып беріп, осу өлеңнің әрбір тамағының басқы әрпі Жыл басының реттілігімен дәлме-дәл келетіндігіне көдерін жеткізеді.

Ғаламшарлардың аттарын реті бойынша қалай оңай есте сақтауға болады ?

Ғаламшарлардың орнын есте сақтау үшін мнемоникалық тіркестерін ойлап тап.Ол үшін

8 ғаламшардың басқы әріптерін алып, сол әріптерден басталатын сөздерден бір тиянақты сөйлем құрастырады.

М –

Ш –

Ж –

М –

Ю –

С –

У –

Н –

( Әдебиеттік оқу пәнімен байланыс орнатылады. )

Кері байланыс.

«Ашық микрофон » әдісі арқылы жүргізіледі.

- Күн мен ғаламшарларға қандай ортақ атау беруге болады?

- Екінші суреттегі қателіктерге қарап нені еске түсіреміз ?

- Атаулары бірдей әріптен басталатын ғаламшарлар бар ма ?

-Қай ғаламшардың ауа райы ең ыстық және неліктен ?

- Жер Нептунның орнында болса,ол қазіргідей болар ма еді ? Неліктен?

Бағалау. Мұғалім көмегімен « Осы ғаламшарлардың ішінде ең алып әрі ең әдемі ғаламшар қайсы деп ойлайсыңдар ?» деген сауалға жауап бере отырып топтар бірін-бірі ең алып әрі әдемі ғаламшар Юпитердің суреттері арқылы бағалайды.



Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптық жұмыс жасау үшін топ ішінде жұпқа бөлінеді.

Жұптық жұмыс оқушыларға ғаламшарлардың орнын дәл көрсетіп үйренуі үшін ұйымдастырылады.

Тапсырма оқушыға арналған жұмыс дәптерінен беріледі.Жұптарға ғаламшарлардың атаулары жазылған қима қағаздар таратылады.

Дәптермен жұмыс. 41 – беттегі 39 – жұмыс парағы. Ғаламшарлардың орны қайда ? Жұлдыз бен ғаламшарлардың атауларын бос ұяшықтарға орнын сақтай отырып желімдеу қажет.

Қажетті сөздер: Юпитер,Шолпан,Жер,Марс,Нептун,Күн,Сатурн, Меркурий, Уран.

« Ғаламшарлар сауалы » ойыны арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін пысықтау үшін тілдік ( қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі ) пәндермен байланыс жасау арқылы ғарыш денелерінің атауларының жазылуы емлесін тиянақтау.

Шарты: Ғаламшарлардың қималарының артында жазылған сұрақтарға жауап беріледі.

  • Қандай ғаламшарлар Жермен көрші орналасқан?

  • Ғарыш денелерінің атаулары қалай жазылады екен, не себепті ?

  • Бас әріптен бастап жазылады, себебі олар жалқы есімдер.Қала,адам,жер-су аттары сияқты ғаламшарлардың да аттары бас әріптен басталып жазылады деп Жалқы есімнің ережесін еске түсіреміз.

( Қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс орнатылады.)

  • Ғаламшар,Күн жүйесі,орналасу сөздері орыс тілінде және ағылшын тілінде қалай аталады?

  • Ғаламшар – планета – planet

Күн жүйесі – солнечная система – solar system

Орналасу – место – location

Интербелсенді тақтадан көрсетілген сөздерді 3 тілде хормен оқиды.

( Орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады.)

Бағалау

Әр жұп дәптерлерін бір-бірімен алмастырады.Интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен салыстырады.Бір-бірінің жұмыстарын толықтырады,қателіктерін түзейді.

Мұғалім көмегімен « Осы ғаламшарлардың ішінде белінде сақинасы бар ерекше ғаламшар қайсы ?» деген сауалға жауап бере отырып жұптар бір –біріне Сақиналы ғаламшар Сатурнның суретін сыйлау арқылы өзара бағалау жүргізеді.


Сергіту сәті «Біз қозғалыстамыз»

Әр топ өз алдына шеңберге тұрады. Мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес қимылдар жасайды.

Жер десе, бір орында айналады.

Күн десе, бір орында тоқтап қалады.

Басқа ғаламшарды айтса,шеңбер бойымен қол ұстасып айналады

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.

Тапсырма

Бос ұяшыққа Күн жүйесіне енетін басқа ғаламшарлар-

дың атауын жаз.Ғаламшарларды Күн жүйесіндегі орналасу ретіне сәйкес нөмірле.

Нептун












Шолпан




Юпитер








Уран


Меркурий






Дискриптор

  • Күн жүйесі ғаламшарларының қатарын толықтырады

  • Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін анықтайды.

Кері байланыс

«Жұмбақ сөздер» әдісі бойынша жүргізіледі.

  • Бос ұяшықтардағы ғаламшарларды атаңдар.

Мұғалім ғаламшарлардың орналасу ретіне сәйкес реттік нөмірін атайды.Оқушылар қай ғаламшар екенін табады.

Мысалы : Жетінші – Уран

Үшінші – Жер

Төртінші - Марс






Ермексаз,

А3 пішінді парақ,

маркерлер,сурет- тер






















Интербелсенді тақта,

Күн жүйесі денелерінің орналасуы бейнеленген екі түрлі сурет























Интербелсенді тақта


8 ғаламшардың басқы әріптері жазылған

А3 пішінді парақ





























Юпитердің суреттері









Жұмыс дәптері

Жаратылыстану

2 – сынып



























Ғаламшарлар

дың қималарының

















Интербелсенді тақта









Сатурн суреті

























Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма ?

  • Біздің жүйеміз қалай аталады ?

  • Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар ?

  • Ғаламшарлар туралы оқыған қызық па екен ?

« Зымыранға мінеміз » әдісі бойынша

бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ғаламшарларды зымыран терезесіне жабыстыру арқылы білдіреді.Тақтаға зымыран суреті ілінеді.



Оқушылар мұғалім үстелінде тұрған

ғаламшарлардың қималарынан қалағанын алып, артына өз әсерлерін жазып, оны зымыранның терезелеріне әкеп жабыстырады.


Бірінші терезе - толық түсіндім

Екінші терезеге - түсінбеген сұрағым бар

Үшінші терезеге - қиындық тудырды.




















Саралау


Бағалау қалай тексеруді

Денсаулық

және

қауіпсіздік

техника

сының

сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырма

«Өрмекші» әдісі Оқушылар параққа өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне Күн сөзін,8 аяғына күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауын рет санымен сәйкестендіріп жазады. Күн жүйесінің сұлбасын өрмекшінің денесімен үйлестіре отырып жасайды.Не себепті өрмекші таңдап алынды, қалай ойлайсың ? деген сұраққа жауап алынады.


Қабілеті төмен оқушылар үшін тапсырма

«Тізбектен не түсіп

қалған ?»

Оқушыларға арасынан сөздері түсіп қалған

тізбек жазылған парақтар таратылады,түсіп қалған сөзді табады.

Меркурий,...., Жер,...., Юпитер,.......,Уран,Нептун.


Ең алып әрі әдемі ғаламшар Юпитердің суреттері - оқушыларды ынталандыру үшін топтық жұмыс барысында топтар бірін-бірі бағалау арқылы жүргізіледі.

Сақиналы ғаламшар Сатурнның суреті -бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу,оқушылардың уәжін арттыру үшін жұптық жұмыс барысында өзара бағалау арқылы қолданылады.

Топтық жұмыс барысында қаламдарын көздеріне тығып алмауын,ермек сазды аузына салмауын, Жазда Күннің зиянды сәулесінен қорғанып бас киім киіп жүру керектігі ескертіледі.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғарыш. Ғаламшарлар қалай орналақан?

Автор: Қарақұл Гулмира Байболатқызы

Дата: 19.02.2020

Номер свидетельства: 540257

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Дүниетану сабағы "Ғарыш туралы алғашқы түсінік""
    ["seo_title"] => string(52) "duniietanu_sabag_y_g_arysh_turaly_alg_ashk_y_tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "361346"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479796282"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашық сабақ "Ғарышқа математикамен бірге""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_g_aryshk_a_matiematikamien_birghie"
    ["file_id"] => string(6) "449596"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515766018"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Облысты? семинардан ашы? "?арыш?а математикамен бірге"."
    ["seo_title"] => string(54) "oblystyksieminardanashykgaryshkamatiematikamienbirghie"
    ["file_id"] => string(6) "322138"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461512921"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?арыш?а математикамен бірге"
    ["seo_title"] => string(36) "g-aryshk-a-matiematikamien-birghie-1"
    ["file_id"] => string(6) "257725"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448376974"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Ашы? саба? та?ырыбы: «?арыш?а математикамен бірге» "
    ["seo_title"] => string(56) "ashyk-sabak-tak-yryby-g-aryshk-a-matiematikamien-birghie"
    ["file_id"] => string(6) "191431"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427302769"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства