Ақан – әнші ақын. Ақан – солтүстік Қазақстан облысы, айыртау ауданында, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Сері деп айтатын себебі, қасыма өнерлі адамдарды жинап алып, бір ауылдан, екінші ауылға барып, өнерлерін көрсеткен, сондықтан сері деп атаған.
«Ақан сері» мәтінін түсіндіру.
Сұрақ – жауап арқылы мәтінді әңгімелеу.
Ақан кім? (әнші, ақын)
Қандай тұлпары болған? (Құлагер)
Ол бәйгеден нешінші келген? (бірінші)
Бүркіті ге деп аталады? (Қараторғай)
Қараторғай туралы не шығарған? (Ән)
VІ.а) Іштей оқыту.
ә) Тізбектей оқыту.
Кеспе әріппен жұмыс: оқушылар орындарында отырып, мұғалім айтқан сөздерді жазады.
Оқушылар Гүл, жүген сөздерін жазады.
Сөздері буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды, дауысты, дауыссыздарға ажыратады.
VІІ. Ойын «Қателерді тап»
Қате жазылған сөздерді мұғалім тақтаға іліп қояды.
Сегіз , бәйге , мерген, гүл
Балалар тақтаға шығып, сөздерді оқып, қателерін сызып, дұрыс әріптерді жазады.
VІІІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап,
Қана, қанат қағайық.
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық.
IX. Дәптермен жұмыс.
«Г» дыбысының жазылуын көрсету.
а) Ауада жазу
ә) Тақтаға жазу.
б) Дәптерге жазу.
«Г» дыбысының жазылуы қай дыбысқа ұқсас?
X. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Шарды лақтыра отырып «Г» дыбысына қатысты сөздер айтқызу.
XІ. Сабақты қортындылау.
Қандай дыбыспен таныстық?
«Г» дыбысы қандай дыбыс? Қалай айтылады?
«Г» дыбысы қалай жасалады? Сөздің қай жерінде кездеседі?
XІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқандарды мадақтау. Ұлдарға ұшақ, машина суреттері беріледі, қыздарға гүлдер беріледі.
XІІІ. Үй тапсырмасы.
«Г» дыбысына байланысты сөздерді, мәтінді оқу. Әнді жаттау.