kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Формирование коммуникативных навыков на уроке казахского языка в 1 классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Формирование навыков чтения и письма на уроке казахского языка в 1 классе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Формирование коммуникативных навыков на уроке казахского языка в 1 классе»

№1

Өркениеттің ақ таңы шығыстан бастау алған. Білгенге, шығыс – көне түркі мәдениетінің темірқазығы. Алғашқы көшпенділер дәуірінің от жаққан ошағы.

Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев басқаратын Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми экспедициясы жүргізген жоспарлы зерттеулер нәтижесінде аталған жол бойында екі қорған табылды. Оның бірі жерге көмілген, бірі таспен жабылған екен. Алғашқы қорғаннан жартымды дүние кездеспеген соң археологтар екінші қорғанға ауысыпты. Екеуінің арасы шамамен жеті шақырымдай болады. Биыл осы ескерткіштерді қазу жұмыстарының екінші кезеңінде отандық ғылым қоржыны үлкен олжамен толықты.

Жалпы, Үржар өңірі археологиялық зерттеулерден мүлде тыс қалмаса да кенжелеп келе жатқаны рас. Осы жайттарды ескерген болуы керек, еліміздің Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаевтың басқаруымен арнайы экспедиция жасақталды.

Елеусіз, топырақ қабатынан көрінер-көрінбес болып жатқан тас қорғанды 2011 жылы керекулік археолог Тимур Смағұлов тізімге алып, тіркеген болатын. Былтыр Ә.Марғұлан атындағы Археология институты құрған экспедицияға да осы ғалым жетекшілік етіп келеді. Зерттеуші-ғалымдар мен археологтардың аптап ыстық астында, суық жел өтінде жүргізген қажырлы еңбегі еш кеткен жоқ. Мамыр айында жасақталған экспедиция жұмыстарының арқасында тас жолдың бойындағы Лайбұлақ және Жаңатілек ауылдарының орта тұсындағы қорғаннан жас қыздың мүрдесі табылды. Қазба жұмыстарының дәл осы жерден басталуы біріншіден, тыңғылықты археологиялық барлау арқылы мүмкін болса, екіншіден, аталған ескерткішке жол жөндеу жұмыстары кезінде техногендік қауіп төнген болатын. Сондықтан, қорған кезек күттірмейтін қатардағы ескерткіш ретінде қазыла бастады. Нәтижесі барша халықты таңғалдырып отыр. Дәлірек айтқанда, қорғанның 1,7 метр тереңдігінен жас қыздың мүрдесі қойылған тас саркофаг шықты. Ғалымдар оған «Үржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді. Бұл үлкен олжа әйгілі Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі екінші соған ұқсас ескерткіш болып отыр. Сондай-ақ, археологтар қорғанның жоғарғы тұсынан тағы бір адамның мүрдесін тапты, олардың пайымдауынша ол ханшайымның қызметші құлы не болмаса құрылыс аяқталғаннан кейін құрбандыққа шалынған адам болуы мүмкін дейді.



№2

«Үржар ханшайымы» табылған ескерткіш біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға жатады. Сол кездегі патшаның зайыбы, бәлкім қызы болуы да мүмкін. Ханшайымның сол аяқ жағындағы шұңқыр бұрышында ағаш табақ, ішінде қой саны салынған керамикалық қазан, тағы бір керамикалық ыдыс табылып отыр. Ең қызығы, мықты тас қабырғалармен қоршалған қорғаннан жас қызбен бірге қойылған керамикалық және ағаш ыдыстармен, қой сүйегімен қатар алтын әшекейлі бас киімнің табылуы болды. Жас әйелдің ханшайым болғаны туралы тұжырымды ғалымдар негізінен соған сүйеніп жасап отыр. Ол алтынды «мүйіз» ою-өрнегімен безендіріліп, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген. Келбеті мен өрнегі жағынан сәукелеге ұқсас. Сонымен қатар, алтыннан жасалған сым сырға, салпыншақтары да бар. Археологтар бұл жәдігерлердің барлығы өткен тарихтан мол мәлімет беретінін айтып отыр. Сақ көсемдерінің салтанатты сәукелесіне ұқсас жәдігер қыз мүрдесінің билеушілер әулетінен екенін айғақтайды. Бұл ерте замандағы жерлеу, әдет-ғұрып дәстүрінен, киім мәдениетінен, діни наным-сенім жайынан құнды деректер жайында білуге болады. 
Археологтардың пайымдауынша бойы 170 см, жасы 40-45 шамасындағы Сақ Әйелі. Оның басындағы алтыннан жасалған және түрлі өрнектермен безендірілген Сәукелесі өзіне ерекше назар аударған. Ханшайымды жерлеу дәстүрі аса салтанатты тұрғыда атқарылғаны байқалады. Жерлеу салты Есік қорғанындағы "Алтын адаммен" (К.Ақышев) ұқсас болғаны ежелгі қазақ даласындағы Сақ жауынгерлерінің орасан территорияны еркін және тәуелсіз мекендегенін көрсетеді.
Біз зерттеу жұмысын жүргізген күні күн ашық болды. Табиғаттың бізге жайлы болуы оның алдында мол мөлшерде жауын-шашынның жауғанын байқатады. Жалпы қорғанның аумағы ұзындығы 40 метр, ені 25 метр жерді алып жатыр. Тас жол одан 3,5 - 4 м жерде тым жақын орналасқан. Жерлеу салтының бұл жерді таңдап алуы бізді алаңдатты. Жердің тым жазық болып келуі және солтүстік-шығыста 5 км жердегі Тарбағатай тау етегінің тасты-шалғынды алқаптың таңдалып алынбауы көңілімізге күдік ұялатты. Жерлеудің мұндай кездейсоқ сипат алуы жалпы салтанатты жерлеу дәстүрінің құпия түрде өткізілгенін (алтын әшекейлердің қолды болып кетпеуі, жаугершілік сапар немес жорық себептері) айғақтайды.
Жалпы рельеф мал жайылымы мен тұрмыс қарекетке өте ыңғайлы. Тарбағатайдың ортан белінен бастау алған Егінсу өзені аңғары (3 км жерде орналасқан) бұл жердің сәнін келтіріп тұр. Қорған тұрған жер аласа биіктікте (теңіз деңгейінен 75-110 м) орналасқанмен оңтүстіктен (Жаңа тілек ауылы) солтүстікке қарай (Лай бұлақ) созылған ені 50-60 м жазық жонды алқапты қамтып 8-10 км дейін созылған. Қорғаннан тік солтүстік шығысқа қарай құлай түскен жазық жон 50 м кейін тік келген қазандыққа ұқсайтын терең сайға ұласқан. Қазандық сай солтүстіктен оңтүстікке дейін едәуір алқапты алып, Тарбағатай тауының етегіне дейін созылып жатыр.Оның ені 2 км, ұзындығы жазық жонның шақырымына пара-пар.

№3

Қорған аймағынан өзен суының алыстығына қарамастан жердің өсімдік-топырақ жамылғысы көк шалғынды алқапты қалыптастырған. Онда жабайы қызғалдақ, жусан, бетеге, шырмауық, көк мия, селеу, тікенек, бақ-бақ және қарағай ағаштары тығыз өскен.
Демек, Тарбағатайдың бұл жері көне ата-бабаларымыздың сайран құрған жері болғаны анық. Ханшайым киімі мен алтын өрнектерінде және қыш ыдыстар мен ағаш кеселерде өзге елдің мемлекеттік белгілері мен жазуларының кездеспеуі (Араб-Парсы, Қытай, Ресей, Еуропа т.б) бұл жерді мекен етке Сақтардың дербес мемлекет деңгейінде билік құрғанын және Іле мен Ертіс өзені арасында сайран құрғанын дәлелдей түседі.

Аталған қазба жұмыстарының басы-қасында болған тарихшы Амантай Исин:

«Тас саркофагтың бетіндегі тақта тастары алынып, биік төбелі бас киім көрінгенде қазақтың мүйіз бедерлі ою-өрнегінен аумай қалған алтын жапсырмалар көзге ыстық тартып, жарқырап шыға келді. Бәрі өз орнында, қозғалмаған десе болады. Бас сүйегінде тас орнатылған сым сырға, бас киімінен төмен қарай салбыраған алтын салпыншақтар – бәрі ғажап та әдемі көне әлемді елестетті. Ауыр салмақты алтын әшекейлер тіпті ертеде, ерте темір заманының бас кезеңіне тиесілі. Кейінірек, мына «Үржар ханшайымы» заманында жеңіл, қаңылтыр алтын қолданылған. Себебі, алтын бұл замандарда алтын ақша үшін мол қолданыла бастайды», дейді алғашқы әсерінен әлі арыла алмай жүрген ғалым.

Қазба орнынан сегіз шақырым жерде Алтыншоқы атты ауыл бар. Экспедиция мүшелері қазба жұмыстары кезінде аталған ауылда тұрған екен. Елді мекеннің Алтыншоқы аталуында да бір гәп бар сияқты. Қайбір замандарда алтын табылғандықтан аталуы да мүмкін. Қалай болғанда да, Алтыншоқының өз атын дәлелдеп шыққанына таңданбасқа болмайды.

Қазіргі кезде «Үржар ханшайымы» елімізде табылған бесінші «алтын адам» деп әспеттеушілер көп. Өйткені, бұған дейін Есік, Аралтөбе, Шілікті, Талдыдан табылған «алтын адамдар» легі Лайбұлаққа келіп тоқтады. Амантай Исиннің сөзіне сүйенсек, мұндай тұжырыммен келісуге де, келіспеуге де болады. Өйткені, ғылыми ортада мұның бірін «алтын адам» ұғымына жатқызса, екіншісін жатқызбайды. Мысалы, Шілікті мен Талдыда адам сүйектері шашыранды түрде кезіккен еді.

Тағы бір айта кетерлігі, патша әулетіне жататын билік белгісімен Есікте табылған әйгілі «алтын адам» мен «Үржар ханшайымы» өте ұқсас. Ал, Үржар ханшайымының заманы Тұмар патшайымның уақытынан кейінге жатады. Ханшайым жерленген жерде ағаштан жасалған ыдыс және табақ сақталған. Бұл – радиокөміртегі әдісімен ханшайымның өмір сүрген уақытын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Кемел Ақышевтан кейін Есік қорғанындағы алтын адамның 20 пайызға жуығын, Берел қорғанындағы жылқыларды түгелімен, Ресейдің Аржан қорғанындағы жолбарыс терісін жамылған киімді жаңғыртқан белгілі археолог-реставратор Қырым Алтынбеков қорғаннан алтын бас киімді мүрде табылған заматта жеткен болатын. Ол қазба жұмыстары басында бірнеше күн болып, мүрдені консервациялау және тұтас күйінде топырағымен бірге қиып алу жұмыстарына басшылық жасады. «Үржар ханшайымы» Алматыға жеткізілген соң, белгілі реставратор зертхана жұмыстарына кірісті.

Амантай Исиннің айтуынша, Лайбұлақ ауылы маңындағы қазба жұмыстары аяқталып, бұл күнде Үржар ауданының басқа да ескерткіштері зерттеле бастады. Қазір археологтар Тамды өзенінің бойында зерттеулер жүргізіп жатыр.

Осы ретте қазба жұмыстарының қаһармандарын атап өту орынды сияқты. Экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов пен тарихшы Амантай Исиннен өзге ғылыми қызметкерлер қатарында археолог әрі суретші Георгий Пересветов, жас археолог Талғат Айлыбаев, қазушы археологтар ретінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 11 студенті, Семейдегі «Жас Ұлан» лицей-интернатының 2 оқушысы жұмыстардың бар ауыртпалығына төтеп берді. «Үржар ханшайымы» археогиолялық жаңалығы ашылған соң Павлодардан 3 жас археолог келіп қосылды. Еміл өзені бойы мен Елтай ауылы маңындағы ескерткіштерді барлауға Семейден Құсмілия Нұрқасымов, Үржардан Оразамбай Бекбаев қатысты.

Бұл күндері зерттеушілер мен жас археологтар «Үржар ханшайымын» киім қалдықтарымен монолит түрінде тұтас алу жұмыстарын жүзеге асырды. Үржар ауданынан алдағы уақытта тағы басқа ескерткіштер зерттеледі деген ойдамын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Формирование коммуникативных навыков на уроке казахского языка в 1 классе

Автор: Чаймарданова Жанар Оразбековна

Дата: 22.05.2021

Номер свидетельства: 581207

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(275) "статья на тему,«Формирование межличностного общения учащихся, развитие творческих навыков через языковые и речевые игры на уроках казахского языка»"
    ["seo_title"] => string(161) "statianatiemuformirovaniiemiezhlichnostnoghoobshchieniiauchashchikhsiarazvitiietvorchieskikhnavykovchierieziazykovyieiriechievyieighrynaurokakhkazakhskoghoiazyka"
    ["file_id"] => string(6) "313683"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459522199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Речевая деятельность на уроках казахского языка и литературы"
    ["seo_title"] => string(64) "rechevaia_deiatelnost_na_urokakh_kazakhskogo_iazyka_i_literatury"
    ["file_id"] => string(6) "592823"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1638082879"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(268) "Развитие ключевых языковых компетенций учащихся на уроках казахского языка и литературы через применение стратегий РКМЧП критического мышления"
    ["seo_title"] => string(178) "razvitiie-kliuchievykh-iazykovykh-kompietientsii-uchashchikhsia-na-urokakh-kazakhskogho-iazyka-i-litieratury-chieriez-primienieniie-stratieghii-rkmchp-kritichieskogho-myshlieniia"
    ["file_id"] => string(6) "316288"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460048501"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Игра на уроках русского языка "
    ["seo_title"] => string(33) "ighra-na-urokakh-russkogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "190371"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427139448"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "презентация к уроку казахского языка по теме "Абай Кунанбаев - сын народа""
    ["seo_title"] => string(80) "priezientatsiia-k-uroku-kazakhskogho-iazyka-po-tiemie-abai-kunanbaiev-syn-naroda"
    ["file_id"] => string(6) "294000"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455588784"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства