Просмотр содержимого документа
«Фигуралардың қиылысуы»
Сынып: 1
Сабақ тақырыбы: Фигуралардың қиылысуы .
Сабақ мақсаты: а) фигураларды қайталау, олардың қиылысуы және қиылыспауы туралы түсінікпен таныстыру; ә) Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауларын дамыту, ой-өрісін кеңейту,өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттерін қалыптастыру; б)Ұқыптылыққа, әдептілікке , бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, АКТ
- Бүгінгі сабақта геометриялық фигураларды еске түсіріп, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы аддымызда келе жатқан 8 – наурыз мерекесіне орай анамызға арналған гүл шоғын жасаймыз.
-жұмыс жасау ережесін құру.
Сабақтың ұраны: оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ!
ІІ. Өткен сабақты қайталау
логикалық есептер
Ағаштағы төрт алмұрт, Өскен екен тимей құрт. Самал алып екеуін, Қалдырған екен нешеуін?
Үйге кірді Әсия
Оған қоса Әлия
Кейін келді Алида
Қанша болды бар бала?
Шығармақ болып кеше есеп, Жиналыпты бес есек. Біреуі ұйықтап отырды, , Ынталысы неше есек?
Логикалық сұрақтар:
1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше кг?
2) 1 жұмыртқа 3 мин піседі. 2 жұмыртқа неше мин піседі?
3) 2 сиырдың мүйізі нешеу? 4 4) 5 қойдың басы нешеу? 5 5) 3 адамның қолы нешеу? 6 6) 1 мысықтың аяғы нешеу? 4
Шешуіндегі сандардың кейбірін қазақша ағылшынша, білгендерінше орысша айтқызу. Және сол санмен әріпті өрнек құрастыру.
Бірінші гүл.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Геометриялық фигураларды еске түсіру
Жұмбақ шешу:
Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым .... (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға
Ал пішіні ұқсайды ғой ... (шаршыға)
Оқушылармен өздеріне таныс геометриялық фигураларды қайталау.
Слайд. Геометриялық фигуралар
Екінші гүл.
Мағынаны тану
Жаңа материалмен танысу
Фигуралар суреті бойынша жұмыс.
Фигуралардың қиылысқан нүктесін анықтап, нүкте қою. Неше қиылысу нүктесі бар екенін санату.
Жаңа материалды бекіту.
Суретпен жұмыс.
Бір бірімен қиылысқан фигураларды табу. Оларды атау. Әр фигураның неше қиылысқан нүктесі бар ?
Жұптық жұмыс.
Екі кесіндіні қиылысатындай, екі кесіндіні қиылыспайтындай етіп сызу.