kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология негіздері. Тақырыбы: "Өсімдік өсуі үшін не қажет?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Келесі кезеңде балалар өсімдіктерді бақылауға алады. Сусыз, ауасыз, жарықсыз, топырақсыз оларда қандай өзгерістер болғанын бақылайды.

Қорытынды: Өсімдіктің бастапқы қалпы мен кейінгі өзгерістерін салыстыра отырып, өсімдіктер тіршілік ету үшін белгілі бір жағдайлардың болу керектігі анықталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология негіздері. Тақырыбы: "Өсімдік өсуі үшін не қажет?"»

ТАҚЫРЫБЫ: Өсімдік өсуі үшін не қажет?

Мектеп


Күні:


Педагогтың аты-жөні:

Сыныбы: Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқытылу


мақсаты

0.1.2.1. Өсімдіктің жанды табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• өсімдік түрлерін атап бере алады;

• өсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;

• сабақта бақылау тақырыбын анықтай алады;

• өз төңірегіндегі өсімдіктерді атай алады.

Көпшілік балалар:

• 3-4 ағаштар және соншама бұталар мен шөпті өсімдіктерді атай алады;

• тіршілік үшін өсімдіктерге не қажет екенін анықтай алады;

• өсімдік түрлерін салыстырады және оларды ажырата алады, олардың ұқсастықтары мен

ерекшеліктерін таба алады.

Кейбір балалар:

• өсімдік бөлігін, олардың қызметін атай алады;

• бақылау іс-әрекеті барысында талқылай алады.

Тілдік мақсат

Дағдыны дамыту:

Өзінің жинақтаған білімінің нәтижесінде балалардың, сабақтың тақырыбын, танымдық іс- әрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «қалай?», «неге?», «не үшін?», «бұл немен байланысты?», «егер..., не болады? деген сұрақтарды еске түсіру сөздерімен пайда- лану.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Көптілділік: өсімдік – растение – plant.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: бақылау тақырыбы, сұрақтар, өсімдіктер, бағбан.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

• Өсімдік жылу, жарықты қайдан алады?

• Өсімдік тыныс ала ма?

• Адам өмірінде өсімдіктің пайдасы қандай?

Өткен сабақтардан

алған білім

Өсімдік тіршілігінің жағдайы туралы қарапайым білім; ағаштардың, бұталардың, шөптердің айрықша қасиеттері; қарапайым бақылау дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.






II. Өмірлік

тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері. Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым (Жеміс).

Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? (Мақта).

Ашулы қонақ бұл анық,

Тонын шешсе, жыладық (Пияз).

(Ұ) Өсімдік дегеніміз не? Неліктен оны жанды табиғат бөлігі деп атай- мыз? (Өсімдік дегеніміз – құрлықтың барлық жерінде өсетін, суда да кездесетін түрлері бар, тыныс алатын, қоректенетін жанды табиғат бөлігі) Бұл жұмбақтардың барлығын не біріктіреді? (Бәрі де өсімдіктер жайын- да.)

Педагог суреттерге назарларын аударады.

Қорытынды: Өсімдіктер – біздің ғаламшарымыздың жасыл киімі. Өсімдік әлемі бай және әртүрлі.

Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар. Педагог балаларға өздерінің бол- жамдарын дәлелдеп беруге ұсыныс жасайды.

Талдап қорыту: өсімдік өседі, қоректенеді, дем алады, көбейеді, өледі. Өсімдіктер жайлы мағлұмат:

Өсімдіктің жерүсті бөлігі – жер астында қалған бөліктен жыл сайын жерүсті бөлігі өсіп шығады. Олар: сабақ және жапырақ. Жапырақ – тыныс алу, ал сабақ – арқаулық, тасымалдаушы қызметті атқарады. Өсімдіктің жерасты бөлігі – тамыр. Тамыр – өсімдікке қоректік заттар- ды тасымалдаушы, өсімдікті топыраққа берік орнықтырушы, көбеюге қатысатын негізігі бөлігі. Жеміс – тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің таралу мүшесі.

Өлең.



Сабақтың ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.

– Сендер өсімдіктер жайында не білесіңдер?

Толықтырып қорыту: өсімдік өседі, қоректенеді, дем алады, көбейеді, өледі. Өсімдік – жанды табиғаттың бір бөлігі.

– Өсімдікке су не үшін қажет?

– Өсімдіктер топырақсыз өсіп-өне ала ма?

(Ұ) Өсімдіктер туралы бейнетаспа көрсету.

«Бау-бақша» ойыны. Көп карточкалардың ішінен бір өсімдіктің суреті бар карточканы алып, сызба бойынша өсімдіктің бөліктерін, олардың қызметін сипаттайды.

(Ұ) Динамикалық кідіріс.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық!

(Ұ, Ө) Практикалық жұмыс: «Өсімдік тіршілігі үшін қажетті жағдайлар».

Бір өсімдікті жабық ыдысқа салып, бақылау жүргізу. Оның ауасыз, сусыз, топырақсыз, жарықсыз тіршілік ете алмайтынын дәлелдеу.

Жұмыс барысы. Бірінші кезеңде әрбір қатысушыға өсімдіктің бір түрінің бірнеше жапырақтарын бақылау ұсынылады. Оларды мұқият қарауға, қолмен сипалауға, иіскеуге, қолмен жұмарлауға, салмағын алақанда сезінуге болады. Әрі қарай ойынға қатысушылар бұл өсімдікті жабық ыдысқа салады. Келесі кезеңде балалар өсімдіктерді бақылауға алады. Сусыз, ауасыз, жарықсыз, топырақсыз оларда қандай өзгерістер болғанын бақылайды.

Қорытынды: Өсімдіктің бастапқы қалпы мен кейінгі өзгерістерін салыстыра отырып, өсімдіктер тіршілік ету үшін белгілі бір жағдайлардың болу керектігі анықталады.

(Ұ, Ө, Ж) Бақылау іс-әрекеті. «Әртүрлі жағдайдағы өсімдік тіршілігін бақылау». Өсімдіктің бірін жарық, екіншісін қараңғы бөлмеге қойып, бақылау жүргізу. Өсімдікке қажетті жағдайлар болмаса, оның өсіп жетілмейтінін түсіндіру.

Ұзақмерзімді жұмыс барысы:

Балаларға үрме бұршақтың тұқымын отырғызып, мынадай түрлі жағдайлар жасауға көмектесу:

• Суғару және суғармау;

• Жарыққа жақын және қараңғы жерге қойып қою;

• Жылы және суық жерге қою;

• Тұқымдарға толығымен су құю.

Қорытынды: Тұқымның әртүрлі жағдайда қалай өсіп, дамығанын салыстыру. Олардың тіршілігіне ең қажетті жағдайларды анықтау.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1. Өсімдік бөліктерімен танысады (1-тапсырма).

2. Өсімдік өсіп, дамуы үшін не қажет екенін белгілейді (2-тапсырма). 3. Түймедақты бояйды (3-тапсырма).

Өсімдікердің суреттері.


«Өсімдіктер әлемі» бейнетаспасы.



Музыкалық сүйемелдеу.










Әртүрлі өсімдік түрлері.



Өсімдіктің бір түрі, жабық


















Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарын-

даштар.ыдыс.

Сабақтың соңы

IV. сабақтың

қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ) Педагог сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

– Балалар, өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап беріңдер? Өсімдіктердің бір-бірінен ерекшелігі неде? Олар қандай жағдайларда өмір сүре алмайды?

(Ө) Егер бала тақырыпты түсінсе және білімі мен ісмерлігін қолдануға қабілетті болса, ол гүлшанақты (бітеугүлді) және екі гүлді бояйды. Мақсатқа жартылай қол жеткен болса, онда – гүлшанақ пен гүлді, мақсатқа қол жетпеген болса – гүлшанақты бояйды.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарын-

даштар.

Қосымша ақпарат

Жіктелу – балаларға көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек балаларға қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Бағалау – балалардың прогресс/ білімін бақылауды қалай жоспарладыңыз?

Пәнаралық байланыстар:

«Өзін-өзі тану»

Белсенді балалардың мотивация деңгейін арттыру.

Әлсіздеу балаларға көңіл бөлу және бақылау.

«Жеке басты дамыту картасы (жеке жетістіктер)». Табыстар шартты белгілермен жазылады:

+ - материал толық көлемде меңгерілді;

- материал жартылай меңгерілді;

– - материал меңгерілмеді. Рефлексия нәтижелерін қадағалау.

Коммуникативті құзыреттер. Білімқұмарлықты, ботаника ғылымына қызығушылықты ынталандыру және дамыту. Шығармашылық елестетуін және саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру. Әлеуметтендіру – бақылауды жоспарлағанда техника қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескеру.

Байқаулар

Оқытудың мақсаттары қолжетімді болды ма? Балалар бүгін неге үйренді?

Оқыту жағдайы (атмосфера) қандай болды? Балаларды топқа бөлу (топтастыру), саралау бойынша әрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым және неге?

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабақ туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жау- ап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Топ жайында және оның жеке балалары жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабақты өткізуіме әсерін тигі- зе ме?


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Экология негіздері. Тақырыбы: "Өсімдік өсуі үшін не қажет?"

Автор: Баймырзаева Турсынай Коктаубаевна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385793

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Семинар саба?, Экология негіздері "
    ["seo_title"] => string(38) "sieminar-sabak-ekologhiia-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "238740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444646256"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Мөлдір су""
    ["seo_title"] => string(9) "moldir_su"
    ["file_id"] => string(6) "406097"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491215222"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Экалогия негіздері "
    ["seo_title"] => string(23) "ekaloghiia-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "292640"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455298889"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Саяжайдағы өсімдіктер"
    ["seo_title"] => string(25) "saiazhaidag_y_osimdiktier"
    ["file_id"] => string(6) "461829"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521010078"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Б?лме  ?сімдіктері" (ашы?  о?у  іс - ?рекеті) "
    ["seo_title"] => string(42) "bolmie-osimdiktieri-ashyk-ok-u-is-riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "227099"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440600678"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства