Күні: 19.01.2017ж Сынып: 1 «В» | Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны: 2 |
Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою 1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Қар-снег-snow әтеш-петух-cоск |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут 5 минут | 1. Шаттық шеңбері. Амандасу Амансыз ба, Алтын күн! Амансыз ба, көк аспан! Амансыз ба, достарым! Амансыз ба, қонақтар! Амансыз ба, ұстазым! Сіздерді көріп қуанам. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! 2. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді сұрақ-жауап «Доп лақтыру» ойынынан бастайық. 1. Әріп дегеніміз не? (Әріпті жазамыз және көреміз) 2. Әріптің қандай түрлері бар? (баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп) 3. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз және айтамыз) 4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз? (Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар) 5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Екіге. Жуан және жіңішке) 6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (Үшке. Қатаң, ұяң, үнді) 7. Буын дегеніміз не? (Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады) 8. Сөз неден құралады? (Сөз әріптерден ,дыбыстардан құралады) 9. Дауысты дыбыс қалай айтылады? /кедергісіз, созылып айтылады/ 10. Сауат ашу оқу іс- әрекетінде не үйренеміз? /әріптер мен дыбыстарды /
| Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 25 минут | Дымбілместің тапсырмалары /өткенге шолу/ 1. Сөздерді буынға бөліп, з дыбысының орнын ажырату. 2. Берілген буындарды дұрыс оқу 3. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. /Әріпке байланысты сөз ойлау және сол сөзді үш тілде айтып шығу/ Жұмбақ шешу арқылы жаңа әріпті ашу Видео көрсету арқылы Ә әрпі мен дыбысын таныстыру №1 Оқылым. Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет. №2 Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр. Келген малшы Әрі әнші, Әрі аңшы. Дәптермен жұмыс: Ә әрпінің баспа және жазба түрі. - ә әрпін ауада жазу. - ә әрпін дәптерге көркем етіп жазу Ереже шығару. Ә-дыбысы жіңішке, дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз. Сөздің басында, ортасында кездеседі. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс, дәптерлер |
Сергіту сәті 1 минут | Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Қызықты тапсырма 5 минут | ТЖ. Топ бір-бірін саусақ ,қолшапалақтау арқылы бағалайды. І топ тапсырмасы Әже туралы әңгіме құрастыру ІІ топ тапсырмасы Суреттерде сөйлейді.....(постер қорғау) ІІІ топ тапсырмасы «Әтеш» сөзіне дыбыстық талдау жасау 1Y топ тапсырмасы 89-б. әріптерден сөз құрау. | А 3 қағазы, бояу қарындаштар |
Сабақтың соңы 5 минут 1минут | Кері байланыс - Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (ә) - Қай әріпті жазып үйрендік? (ә) Ә дыбысы қандай дыбыс екен? - Әріп таңбасы неге ұқсас? Ә дыбысына байланысты сөздер айту - Сабақта қай тапсырма қиындық туғызды? -Қайсысы жеңіл болды? -Сабақтың мақсатына жеттік пе? Сабақ ұнады ма? Рефлексия Сабақты толық түсінсең, сары жапырақ, түсінбегенім бар десең, қызыл жапырақты параққа жабыстыр. Бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді мына жапырақшалар арқылы білдіреміз. Әрбір топ өз жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын. | Қиылған жапырақтар, ақ парақ |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-- Балалар, мен сендердің барлығыңды да бүгін өте жақсы жұмыстанды деп есептеймін, сондықтан барлығыңызға да «Жарайсың!» деген баға-смайлик сыйлап, алда да тек сабаққа осылай қатысып отырады деп үміттенемін! | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар бір-бірінің қателерін жөндей отырып, бір-біріне көмектеседі. Достық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді. | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |