+Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық: «Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін. Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін. Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін» | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Ойын - Күз қандай? - Күзде не болып жатады? - Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек сызбаларды жасайды. Кім жылдам, жүйрік және дұрыс жауап берген болса, сол жеңімпаз деп аталады. Қыз болса, қамшысын алып шығады, ұл болса қызға әдемі гүл сыйлап береді. Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады. Күз? Жапырақтар түсіп жатыр, жеміс жидек жиналады, алтын жиналды, берекелді, бай түн ұзарды, суық аспан қорғасындай ауыр болады жыл құстары ұшып кетеді күн қысқарды, жаңбырлы, - Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? (мәнерлеп оқыту). | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да - табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан - жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. |
Сергіту сәті | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай.,
| Ой сергітеді,шаршағандары басылады |