Пәні | Дүниетану |
Сыныбы | 3-сынып |
Тақырыбы | Табиғат құбылыстары |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар «Дүниетану» 3-сынып |
Жалпы мақсаттар | Табиғат құбылыстары туралы түсінікті кеңейту, білімді жүйелеу; зейін қою, топта жұмыс істей білуге дағдылану. |
Ресурстар, дерек көздері | Жүнісқызы К. «Дүниетану». 3-сынып оқулығы. - Алматы: Атамұра, 2014 жыл. Аудио, интерактивті тақта, флипчард, суреттер, фотосуреттер, доп, т.б. |
Әдіс-тәсілдер | Әдістер | Тәсілдер |
Шаттық шеңбері, миға шабуыл, «Ойлан, тап» оқыта үйрету ойыны, топқа бөлу, «Қарлы кесек» | Жекелей, жұптық, топтық. |
Оқу нәтижелері | Табиғат құбылыстарын біледі, жыл мезгілдері бойынша табиғат құбылыстарының тізімін құра алады, табиғат апаттарының қауіпін, зардабы мен нәтижесі туралы айта алады. |
Өзекті сұрақ | Табиғат құбылыстары адам өміріне қауіп төндіре ала ма? |
Сабақтың құрылымы | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Жұмыс түрі қолданылатын әдісі | Уақыты |
Ұйымдас-тыру кезеңі | ҚР Әнұраны айтылады Шаттық шеңбері: «Амандасу түрлері» | Әнұранды айтады. Шаттық шеңберіне тұрады. Амандасу түрлерін көрсетеді. | Шаттық шеңбері | 2 мин |
Үй жұмысын тексеру | Үйге берілген «Математиканың дүниетанумен байланысы» тақырыбы сұралады. Суреттерді бір оқушыға беріп, жауабын тыңдаймын. | Суретте берілген затты күнделікті өмірде қалай қолданатынын айтады. Келесі суреттер бойынша сол оқушы басқалардан сұрайды. | «Ыстық микрофон» Қол шапалықтау арқылы бағалау жүргізіледі. | 5 мин |
Жаңа сабаққа кіріспе | Интербелсенді тақтадан алма суреттері беріледі. Таңдау арқылы әрқайсысында жасырылған дыбыстарды анықтайды. Топқа бөлу (жыл мезгілдерінің суреттері). | Тыңдап, қандай құбылыс екендігін табады. Әр оқушы өзіне алған жыл мезгілінің суреті бойынша тобын тауып отырады. | Миға шабуыл Топқа бөлу | 3 мин |
Жаңа сабақ | Мәтінмен танысу, топтар жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарының тізімін құрастыруға тапсырма беріледі. Уақыт интербелсенді тақтадан таймер арқылы өлшеніп отырады. «Ойлан, тап» оқыта үйрету ойыны ойналады. Әр топ бір табиғат құбылысын суреттейді, бірақ оның атауын айтпауы қажет. Басқа топтар жасырылған табиғат құбылысын табады. Сергіту сәті Топқа бөлу. Өзекті сұрақ: «Табиғат құбылыстары адам өміріне қауіп төндіре ала ма?» жауап алу мақсатында фотосуреттермен (найзағай, қар көшкіні, жер сілкінісі, топан су) жұмыс жүргізіледі. Топтарға табиғат апаттарының фотосуреттері және сұрақтар беріледі: | Мәтінмен оқушылар жекелей танысады. Топ ішінде талқылап, тізім құрады. «Аралас» командасы бойынша, оқушылар бір-бірімен кездейсоқ кездесу арқылы әркім өз тапсырмасы бойынша ой қосуды сұрайды. «Қатып қозғалма» командасы берілгенде тоқтап, топқа оралады. Сыныптастарының өзгеше пікірін қосып, жазады. Топтан баяндамашы шығып, жауапты таныстырады. Интербелсенді тақтадан көрсетілген қимыл-қозғалыстарды қайталайды. Оқушылар табиғат құбылыстарының шартты белгілері бойынша жаңа топтарға бөлінеді. Берілген сұрақтарға жауап жаза отырып, шағын эссе жазады. | «Аралас/ Қатып қозғалма» Бас бармақ «Ойлан, тап» оқыта үйрету ойыны Смайлик Суреттер бойынша топқа бөліну. Эссе Мадақтау | Топ ішінде 3 мин Қозғалыста 1 мин Топта толық-тыру 1 мин 5 мин 2 мин 1 мин 9 мин |
Жаңа сабақты пысықтау, қорыту | Бүгінгі өткен тақырып бойынша, топтар ішінде сұрақтар әзірлеуге тапсырма беріледі. | Оқушылар дайындаған сұрақтарын доп лақтыру арқылы келесі оқушыға қояды. Сұрақтар: Жыл мезгілдерін ата; Табиғат құбылыстары деген не? Табиғат құбылыстарын ата. Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажеттіліктеріне пайдалана біледі? Табиғат апаттарына не жатады? Апат кезінеде өзіңді қалай ұстауың керек? | Қарлы кесек | 6 мин |
Бағалау | Топ басшыларының бағалау парақтары жиналады, жиынтық баға қойылады. | Топ басшы бағалау парағына топ мүшелерінің әр дұрыс жауабын белгілеп отырады. | Бағалау парағы | 2 мин |
Кері байланыс | Рефлекция жүргізіледі. Стикерлер таратылады. | Стикерлерге бүгінгі сабақтан не алды, жазып. Алма ағашына іледі. | Стикер | 3 мин |
Үйге тапсырма | Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Бір табиғат құбылысының суретін салу. | Күнделіктеріне жазады. | | 2 мин |
Жаңа сабаққа кіріспе кезеңінде "Миға шабуыл" әдісін пайдаландым, мақсатым табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын анықтау еді. Интербелсенді тақтадан алма таңдау арқылы табиғат құбылыстарының (жаңбыр, найзағай, бораны, өзеннің ағысы, өрт) дыбыстарын тыңдап, кейбір дыбыстарды ести сала тауып жатты, мысалы найзағай, жаңбыр, өзеннің ағысын бірден тапты. Бұл жерде оқушылардың аудио-визуалдылығын ескердім. Себебі, кейбір оқушылар естігенді жақсы есте сақтайды, ал кейбірі көргенін есте жақсырақ сақтайды. Оқушылар еш кідірмей табиғат құбылыстарын тапты. Осылайша жаңа сабағымыздың тақырыбын оқушыларды сыни ойландыра отырып анықтадым.
Топтарға жыл мезгілдерінің суреттері таратылып, топға бөлінді. Осы сабақ барысында оқушылардың "Табиғат құбылыстары" таырыбында жалпы мәлімет алу үшін мәтінмен танысты. Соңынан топға бөліну кезінде түскен жыл мезгіліне байланысты өз тобының жыл мезгіліне сәйкес табиғат құыбылыстарының тізімін құрды. Олар бұрыннан табиғат құбылыстарымен таныс, бірақ жыл мезгіліне сәйкес топтастырмаған. Оқушылар топ ішінде талқылап, білетін табиғат құбылыстарының тізбегін құрды. Осы тапсырманы орындауда уақытты тиімді пайдалану мақсатында таймердің көмегіне жүгіндім. Себебі, бастауыш сынып оқушыларының зейінін қайта шоғырландыру қиындыққа соғады. Көңілдері тек тапсырмада болсын деген мақсатпен, таймердің көмегіне жүгіндім. Таймердің белгісі бойынша тізбек құру жұмысы тоқтатылып, "Аралас/қатып қозғалма" оқыта үйрету ойыны ойналатынын айттым. Аралас дегенде оқушылар басқа да топтармен араласып, жұптасып жыл мезгілдері бойынша басқа оқушылардың білетін табиғат құбылыстарын сұрап, өздеріне мәлімет жинақтады. 1 минут уақыттан соң, "Қатып қозғалма" белгісі берілді. Жұмыс тоқтатылып оқушылар өз топтарына оралып, алдағы жазған тізбектеріне тағы да 1 минут ішінде толықтырулар енгізді. Әр топтан бір баяндамашы шығып, өздерінің жазғандарын, сонымен қатар жинақтаған жаңа ақпараттарын айтты.
Мен өзімнің осы сабағымда АКТ-ны осылайша пайдаландым. Және сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі жоғары екеніне көзім жетіп отыр.