kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дептілік бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                   1 "Г" сынып (21о?ушы)

2. 7жас - 17  8жас- 4

3. Бейнеу ауданы 21

4. Балапан телеарнасын -21

5. балапан телеарнасын к?ресі?бе ?

И? -21             Жо? -0

6. Са?ан "Балапан" телеарнасы ?найма ?

Иа -21             Жо?-0

7. Балапан телеарнасын ?ай уа?ытта к?ресі? ?

та?ерте? -0                т?стен кейін - 21                  кеште -0

8. мултифильмдерді?  ба?дарламаларды? ?за?ты?ы ?анша уа?ыт бол?анын ?алайсын ?

5-10 минут -0            10-20 минут- 15        20-30-  6 

9. Сені ?андай та?ырыпта?ы ба?дарламалар ?ызы?тырады ?

спорт туралы : 3       білім туралы: 4          ?н туралы:  7             салт- д?ст?р туралы: 7

10. Са?ан ?андай мультфильмдер телехикаялар ?найды ?

шытырман о?и?алы: 5         отбасылы?: 10          фантастика: 3                        камедия: 3

11. ?ай тілдергі мультфильмдерді ба?дарламаларда жиі к?ресі? ?

?аза?ша - 21              Орысша -0

12.

"?ли мен Айя" - 10                                      " Балапан ж?не оны? достары" - 15

"Санжар мен ?айсар" - 16                          "?н салайы?" - 21

"Ай ж?лдыз" - 15                                         "?демі  -ай"  - 8

"Жануарлар ?лемі" - 13                               "Он сауса?"  - 12

" 1000 т?рлі с?ра?"  - 7                                "Айг?лек" - 17

" Томпа?" -21                                                "Шытырман "  - 5

"Си?ырлы кітап " - 14

13.  "Балапан "телеарнасында ?андай ба?дарламаларды? ?ндері ?найды ?

"Айг?лек" -10            "?н салайы?" -11

14. "Балапан" телеарнасында ?андай мультфильмдерді? кейіпкерлері ?найды ?

 " ?ли мен Айя"-10              "Тайо" - 10     " Маугли" -1

15. ?андай кейіпкерлер ?намайды? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дептілік бастауы»

Тақырыбы: Екі жұлдыз

(1 кезең).

Фанфар.

Күй әуені естіліп тұрады.

Жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!

Бүгінгі концертті біз бастайық

Қошеметтеп, қол соғып отырайық!

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады

Қош келдіңіз «Екі жұлдыз» жобасына

Ұмытарсыз 1 ай бойғы шаршағанды, - дей келе Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар бүгінгі «Екі жұлдыз» дүлділдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» жобасына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!

Жүргізуші:

  1. - жұп

Жайдары жарқын бала мінезімен,

Жүретін жайраңдасып шәкіртімен,

Ортаңызда Бұқарбаев Ердәулет ағай

Амангелдиева Ботагөзбен!

  1. - жұп

Ботадай көздері бар мөлдіреген,

Шәкіртімен үнемі бірге жүрген.

Айгерімдей апайды қошеметпен,

Қарсы алайық оқушысы Сабинамен!

  1. - жұп

Шәкіртіне мейірлене күлімдеген,

Әдептілік әліппесін және үйреткен.

Меруерттей жас маманды қарсы алайық,

Еркинбаева Іңкәр деген аруменен!

4 – жұп

Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,

Сабақтарын әуендетіп өткізген,

Мырзағали ағайды қарсы алайық.

Анардай болашақ жұлдызбенен!

5 – жұп

Болашаққа үмітпенен қараған,

Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,

Жас ұстаз, Гүлжан апай алдыңызда

Жас өнерпаз Ақботасы қасында!

6 – жұп

Балалардың шығар әркез көңілінен,

Шәкірттерін мейіріміне бөлеген.

Утегенова Рано апайды шақыралық,

Береке атты әнші жұлдызымен!

7 – жұп

Домбырасын өзіне серік еткен,

Сұлу сазды әндерімен тербеткен

Сегіз қырлы, бір сырлы Сәбит ағай

Бұлбұлдай әнші ару Айнұрменен!

8 – жұп

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Айтбаев Мақсатты біз қарсы алайық,

Шәкірті Сұлтанбекова Арайлыммен!

9 – жұп

Шәкірттерге анасындай болып кеткен,

Күлімдеп мейірімінен жылу төккен.

Ляззат Тұрсынбекқызын қарсы алайық

Бауыржандай әнші, сері жігітпенен!


Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз.

Келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

  1. ________________________________________________________________

  2. ________________________________________________________________

  3. ________________________________________________________________

  4. ________________________________________________________________

«Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!

Жоба 3 кезеңнен тұрады.

Бүгінгі концерт 1 – кезеңде үміткерлер «Вальс королі» Шәмші атамыздың әндерінен 1 ән шырқауы керек.

Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады.

Орындаушылық техникасы оның ішінде вокалдық мүмкіндіктері – жоғарғы балл 5 балл;

Әртістігі – жоғарғы балл 5 балл;

Сахна мәдениеті – жоғарғы балл 5 балл.

Концерт соңында әділқазылардың шешімі бойынша аз балл жинаған 1 жұп жобадан кетеді.

Рахмет!

Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына шығарып салайық.

Жүрргізуші:

Кешікпей келем деген өзің бе едің,

Періште елеңдеген төзімдерім.

Қалқиып қос құлағың көрінші бір,

Кім көрген ән-өмірдің көз ілгенін?

Сергіткен тіршілікті, арды оятып,

Тәуелсіз күн шуақты таңды оятып.

Халқымның құшағына сыймай кеткен,

Оралды Әнұран боп Қалдаяқов! – деп ақындарымыз жырға қосқан Шәмші атамыздың әндеріне арналған «Екі жұлдыз» жобасының 1 – кезеңін бастаймыз.

Сахна төріне №1 жұбымыз Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, жас ұстаз, өз ісінің білгірі, оқушылардың жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге бірдей Бұқарбаев Ердәулет пен 9 «Б» сыныбының оқушысы, әсем де сұлу, сыныптың сәні Амангелдиева Ботагөзді «Сыр сұлу» әнімен ортаға шақырамыз!

Келесі кезекте №2 жұп шәкірттерін аялаған, олар үшін бар білімін аямаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, әріптестерін басқара білетін, қоғамдық істерде белсеніп жүретін Қалымбетова Айгерім мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар, үздік шәкірті Алтынбекова Сабинаны «Өмір өзен» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.


-Енді ортаға №3 жұп - математика пәні мұғалімі, жас маман, студенттік өмірдің қызығын әлі ұмыта қоймаған, сонда да өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сүйкімді де сыпайы Қарамырзаева Меруерт пен мектептің жезтаңдай әншісі, қалалық ән сайыстарының жеңімпазы Еркинбаева Іңкәрді «Ақ Сұңқарым» әнімен ортаға шақырамыз.


Сахна төріне №4 жұп - өз ұжымына ардақты, атқарар жұмысы салмақты, үлкен мен кішіге бірдей, қысқасы ұстаздардың ішіндегі ай мен күндей, жүрегіне толған ұстаздық мейірімін шаша білген, шәкірттерінің жолын аша білген тарих пәнінің маманы Абжаппаров Мырзағали ағай мен сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты қызымыз Орынбасарова Анарды «Ана туралы жыр» әнімен қошеметтеп ортаға шақырамыз!


Енді ортаға №5 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Шланбаева Гүлжан мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Абсеметова Ақботаны «Әнім сен едің» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!

Сахна төріне №6 жұп - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Утегенова Рано мен сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Акимбаева Берекені «Кешікпей келем деп ең» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз!

-Ортаға №7 жұп - сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке кеше ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын, музыка пәні мұғалімі Сопбеков Сәбиет пен м екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті Паримбекова Айнұрды «Шынарым» әнімен қарсы алайық!

Келесі кезекте сахна төріне №8 жұп – айтқан сөзін орындайтын, ауыр істе мойымайтын, тәрбие ісінде алдына жан салмайтын, сайыстардың соңында ешқашанда қалмайтын, асудан асып, шыңға шыққан, шәкіртерінің талабын айтқызбай ұққан , өз пәнінің нағыз иесі Айтбаев Мақсат пен мерекелік шаралардың басында, тәрбие орынбасарларының қасында жүретін, шәкірттік міндетін атқара білген, ұстаздарын жанындай сүйген, белсенді де үздік оқушы Сұлтанбекова Арайлымды «Сыған серенадасы» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз!

-Келесі кезекте №9 жұп – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің білгірі, ана тілдің жанашыры, айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, шәкірттерінің сүйікті, бүгінде арамыздағы білікті мұғалім Құлманова Ляззат апай мен серілердей сырбаз, басқан ізі маңғаз, ашша көмекейі көрінген адал, сыныптың сәні, қыздардың әні, қисық қадамы жоқ, арман мен талабы көп оқушымызСұлтанбеков Бауыржанды «Ана туралы жыр» әнімен қарсы алыңыздар!


Жүргізуші: Осымен «Екі жұлдыз» жобасының 1 – кезеңі өз мәресіне жетті.

Әділқазылар алқасын шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз.

Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің жас таланттарын сахна төріне шақырамыз.

Ән: _________________________________________

Ән:___________________________________________

Ән:___________________________________________

Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» жобасының үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.

  1. Бұқарбаев Ердәулет ағай мен Амангелдиева Ботагөз

  2. Қалымбетова Айгерим апай мен Алтынбекова Сабина

  3. Қарамырзаева Меруерт апай мен Еркинбаева Іңкәр

  4. Абжаппаров Мырзағали ағай мен Орынбасарова Анар

  5. Шланбаева Гүлжан апай мен Абсеметова Ақбота

  6. Утегенова Рано апай мен Акимбаева Береке

  7. Сопбеков Сабит ағай мен Паримбекова Айнұр

  8. Айтбаев Мқасат ағай мен Сұлтанбекова Арайлым

  9. Құлманова Ляззат апай мен Сұлтанбеков Бауыржан

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Жүргізуші:

«Екі жұлдыз» жобасының 2 - кезеңіне өткен үміткерлерді құттықтаймыз!

«Екі жұлдыз» жобасының бүгінгі концерті осыменен аяқталды. Сіздерді ақпан айының

22 жұлдызында болатынын «Екі жұлдыз» жобасының 2 – кезеңіне шақырамыз.

Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!


























«Екі жұлдыз» ән жобасы

(2 - кезең)

Фанфар

Ақырын музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ән сүйер қауым!

«Екі жұлдыз» ән жобасының 2 – кезеңіне қош келдіңіздер!

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.


Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша осынау қауымды

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» ән жобасына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық,ағайын!

  1. Ортаға шығатын алғашқы жұбымыз қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жас маман Шланбаева Гүлжан мен сыбызғының үніндей сызылған үні бар 8 «В» сынып оқушысы Абсеметова Ақбота.

  2. Келесі ортаға шығатын жұп – математика пәнінің мұғалімі, жас бірақ өзі ісіне ас Қарамырзаева Меруерт пен жезтаңдай әнші, мектебіміздің мақтанышы Еркинбаева Іңкар.

  3. Сахна төріне №3 жұп – биология пәнінің мұғалімі, өз пәнінің білгірі Қалымбетова Айгерім мен мектебіміздің жас таланты Алтынбекова Сабина.

  4. Ортада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, майталман ұстаз Құлманова Ляззат апай мен мектебіміздің сал серісі, күміс көмей әншісі Сұлтанбеков Бауыржан.

  5. Келесі кезекте тәрбие саласында алдына жан салмаған Айтбаев Мақсат пен бұралған биші, өзі әнші, озат оқушы Сұлтанбекова Арайлым.

  6. Алдарыңызға шығатын келесі жұп тарих пәнінің мұғалімі, мектебіміздің жұлдызы Абжаппаров Мырзағали мен бұлбұл әнші қыз Орынбасарова Анар.

  7. Сахна төріне шығатын келесі жұп денешынықтыру пәнінің мұғалімі, қазақ жігітінің бар қасиетін бойына жинаған Бұқарбаев Ердәулет пен сыныбының сәні Амангелдиева Ботагөз.

  8. Сахнада музыка пәнінің мұғалімі, дәстүрлі әндерді нақышына келтіріп орындап жүрген ұстаз Сопбеков Сәбит пен Талапты да талантты қыз Паримбекова Айнұр.

  9. Сахнада жобаның соңғы жұбы ағылшын пәнінің мұғалімі, жас ұстаз, он саусағынан өнері тамған Утегенова Рано мен бармақтай болса да талабы таудай Акимбаева Береке.


Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, дей келе келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. ____________________________________________________________

  2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дариға Балажанова.

  3. Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Камалова.

  4. 2010жы «Екі жұлдыз» ән жобасының гран при иегері Гүлбижан Исатаева.

Ендігі кезекте «Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болайық.

Бүгінгі концерт жобаның екінші концертінде үміткерлеріміз 1 патриоттық ән шырқауы тиіс. Әндер жанды дауыста орындалады.

Үміткерлер келесі критерилер бойынша бағаланады.

  1. Сахна мәдениеті жоғарғы ұпай - 5 ұпай.

  2. Орындаушылық техникасы жоғарғы ұпай – 5 ұпай.

  3. Әртістігі жоғарғы ұпай – 5 ұпай.

Концерт соңында қазылардың шешімімен төмен ұпай жинаған 2 жұп жобадан кетеді

Ұстаздықты сүйіп қалай таңдаса,

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса.

Нағыз ұстаз міне осы дер едім,

Қиыны мен қызығына тоймаса дей келе үміткерлерімізге сәттілк тілеу үшін ортаға 2010 жылы өткен «Екі жұлдыз» ән жобасының бас жүлде иегері, ұстаздардың ұстазы Гүлбижан Исатаеваны шақырамыз!

Құрметті үміткерлер! Сіздерге сәттілік тілеп, сахна сыртына шығарып саламыз.


Жүргізуші:

Таңданайық өнерге тамсанайық,

Бишілер келсін ортаға қарсы алайық.

Шабыттансын, көңілі көтерілсін

Өнерліні мадақтап жар салайық.

Би: __________________________________________________________________


-Мерейім –нұрлана бер, азат күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін

  • Иә, «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан - қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Елім деп жүрегі соққан нағыз патриот азаматтар міне бүгін бас қосып отыр.

Олай болса халайық, ұлан ғайыр жерімізді, рухы мықты елмізді, Қазақстандай киелі шаңырақ, Атамекенмізді жырлайтын бүгінгі концертімізді бастаймыз.

Жүргізуші:

  1. Отаным менің кең байтақ Қазақстан

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін қазақтан?! Дей келе сахна төріне алғашқы жұбымыз Шланбаева Гүлжан мен Абсеметова Ақботаны «Қазақ елі» әнімен шақырайық!


Жүргізуші:

  1. Армысың ата-қоныс, атамекен,

Киелі қасиетті туған өлкем

Саған деген сезімім, сағынышым,

Жыр болып төгіледі жүрегімнендей келе сіздердің қошеметтеріңізбен Қарамырзаева Меруерт пен Еркинбаева Іңкарды «Атамекен» әнімен қарсы алайық.






Жүргізуші:

  1. Жас арудың жанарында – желтоқсан,

Қанды ғасыр табаныда – желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған – желтоқсан,

Қара тұман қабағында – желтоқсан.

Ауыздықты жасаған да – желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да желтоқсан.

Жазықсыз көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – желтоқсан, - дей келе Сахнаға Қалымбетова Айгерім мен Алтынбекова Сабина «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен шқырамы.

Жүргізуші:

  1. Қазақстан –міне бүгін, салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір–біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң,

Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан

дей келе сахна төріне сіздердің қошеметріңізбен Құлманова Ляззат апай мен Сұлтанбеков Бауыржанды «Алға, Қазақстан» әнімен шақырамыз.


Жүргізуші:

  1. Халқым менің! Саған қарап жұбанам,

Тарих беті қатар-қатар бұралаң.

Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,

Егеменді алғаныма қуанам.

дей келе сахна төріне Айтбаев Мақсат пен Сұлтанбекова Арайлымды «Егемен Қазақстан» әнімен қарсы алайық!


Жүргізуші:

  1. Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде.

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін Қазақстан жерінде, - дей келе ортаға жобаның №6 жұбы Абжаппаров Мырзағали мен Орынбасарова Анарды «Көк тудың желбірегені» әнімен шақырамыз!

Жүргізуші:

  1. Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,

Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.

Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,

Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда, Қарсы алыңыздар сахна төрінде Бұқарбаев Ердәулет пен Амангелдиева Ботагөз «Жаса, Қазағым» әнімен.

Жүргізуші:

  1. Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер, иа келесі сахна төріне шығатын жұп Сопбеков Сабит пен Паримбекова Айнұр, «Алтын бесік» әнімен. Қарсы алайық!


Жүргізуші:

  1. Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім? Деп сахнаға келесі жұпты шақырамыз. Алдарыңызда Утегенова Рано мен Акимбаева Береке «Қазақ елі осындай» әнімен.


Жүргізуші:

Қазақстан –міне бүгін, салтанаты жарасқан

Бір отбасы, бір туысқан бір–біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң,

Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Мінекей «Екі жұлдыз» ән жобасының 2-кезеңі де өз мәресіне жетіп қалды.

Әділқазылар алқасын шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз. Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша мектебіміздің мақтаныштары, жас өнерпаздарын сахна төріне шақырамыз.

Ән: ______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Жүргізуші:

Сахна төріне «Екі жұлдыз» ән жобасының үміткерлерін сіздердің ыстық қошеметтеріңізбен шақырамыз!

  1. Шланбаева Гүлжан мен АБсеметова Ақбота.

  2. Қарамырзаева Меруерт пен Еркинбаева Іңкәр.

  3. Қалымбетова Айгерім мен Алтынбекова Сабина.

  4. Құлманова Ляззат пен Сұлтанбеков Бауыржан.

  5. Айтбаев Мақсат пен Сұлтанбекова Арайлым.

  6. Абжаппаров Мырзағали мен Орынбасарова Анар.

  7. Бұқарбаев Ердәулет пен Амангелдтева Ботагөз.

  8. Сопбеков Сәбит пен Паримбекова Айнұр.

  9. Утегенова Рано мен Акимбаева Береке.

Жүзден жүйрік, шығады мыңнан тұлпар»

Деген мәтел асаудай тізгін жұлқар.

Баба- дана,

Сөзіне бас иемін,

Бола алмайды бабасыз елде сұңқар дей келе

Сөз кезегін әділқазылар алқасына берлік.

Жүргізуші:

«Екі жұлдыз» ән жобасының 3 – кезеңіне өткен үміткерлерімізді құттықтаймыз!

Соңғы кезеңде үміткерлерге еркін тақырып беріледі. Өз қалауы бойынша ән айтады.

Қойылатын бір шарт әнімен қоса шоу болу керек.

«Екі жұлдыз» жобасының соңғы кезеңі 3-кезең наурыз айының 1 жұлдызында болады.

Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Ән аманат сіздер үшін, сау болыңыздар, бар болыңыздар!!!




































«Екі жұлдыз» ән жобасы

(3 - кезең)

Фанфар.

Күй әуені.

Жүргізуші:

Армысыздар қадірменді халайық! «Екі жұлдыз» ән жобасының соңғы 3 – кезеңіне қош келдіңіздер!

Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі

Әрбір жанды қуанышқа теңеді.

Міне, бүгін құлын болып құйғытып,

Көк аспанға құс боп ұшқын келеді.

Көктем-думан! Бар қызыққа бөледі,

Айдын көлде жүзсе және демеді.

Нұр көктемді дария – суға теңесең

Сәукелелі құрақ болғың келеді.

Көктем – өмір бастауы. Иа көрермен қауым, бүгін көктемнің алғашқы күні.

Бүгінгі қуанышты күннің көктемнің алғашқы күніне пара-пар келуіде тегін емес шығар.

Олай болса халайық! «Екі жұлдыз» ән жобасының үміткерлерін ортаға шақырсақ.

  1. Алғашқы болып сахна төріне шығаты жұп - Шланбекова Гүлжан мен Абсеметова Ақбота, зор қогеметпен қарсы алайық!

  2. Алдарыңызға шығатын келесі жұп тарих пәнінің мұғалімі, мектебіміздің жұлдызы Абжаппаров Мырзағали мен бұлбұл әнші қыз Орынбасарова Анар.

  3. Сахна төрінде №3 жұп – биология пәнінің мұғалімі, өз пәнінің білгірі Қалымбетова Айгерім мен мектебіміздің жас таланты Алтынбекова Сабина.

  4. Келесі ортаға шығатын жұп – математика пәнінің мұғалімі, жас бірақ өзі ісіне ас Қарамырзаева Меруерт пен жезтаңдай әнші, мектебіміздің мақтанышы Еркинбаева Іңкар.

  5. Сахнада музыка пәнінің мұғалімі, дәстүрлі әндерді нақышына келтіріп орындап жүрген ұстаз Сопбеков Сәбит пен Талапты да талантты қыз Паримбекова Айнұр.

  6. Сахна төріне шығатын келесі жұп денешынықтыру пәнінің мұғалімі, қазақ жігітінің бар қасиетін бойына жинаған Бұқарбаев Ердәулет пен сыныбының сәні Амангелдиева Ботагөз.

  7. Сахнада ағылшын пәнінің мұғалімі, жас ұстаз, он саусағынан өнері тамған Утегенова Рано мен бармақтай болса да талабы таудай Акимбаева Береке.

  8. Келесі кезекте тәрбие саласында алдына жан салмаған Айтбаев Мақсат пен бұралған биші, өзі әнші, озат оқушы Сұлтанбекова Арайлым.

Жүргізуші:

Ендігі кезекте үміткерлеріміздің бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ қазы алқасымен таныстырып алайық.

  1. ___________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________

  3. ___________________________________________________________

  4. ___________________________________________________________

Ендігі кезекте «Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болайық.

Бүгінгі концерт жобаның соңғы шешуші концерті. Үміткерлеріміз бүгін өз қалаулары бойынша 1 ән шырқайды. Бірақ бұл концерттің бір ерекшелігі үміткерлеріміз сахнада шоу жасауы тиіс. Әндер жанды дауыста орындалады.

Үміткерлер келесі критерилер бойынша бағаланады.

  1. Сахна мәдениеті жоғарғы ұпай - 5 ұпай.

  2. Орындаушылық техникасы жоғарғы ұпай – 5 ұпай.

  3. Әртістігі жоғарғы ұпай – 5 ұпай.

  4. Шоу қойылымы жоғарғы ұпай - 5 ұпай.

  5. Ұстаздықты сүйіп қалай таңдаса,

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса.

Нағыз ұстаз міне осы дер едім,

Қиыны мен қызығына тоймаса дей келе үміткерлерімізге сәттілк тілеу үшін ортаға 2010 жылы өткен «Екі жұлдыз» ән жобасының бас жүлде иегері, ұстаздардың ұстазы Гүлбижан Исатаеваны шақырамыз!

Құрметті үміткерлер! Сіздерге сәттілік тілеп, сахна сыртына шығарып саламыз.

Жүргізуші:

Табады асыл сөзді ер данасы,

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып,

Тыңдасын мына халық шабыттанып, - дей келе құрметті халайық, жан күйер қауым және қонақтар! «Екі жұлдыз» ән жобасының шоу-концертін бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса сахнаға бірінші жұбымызды шақырамыз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шланбекова Гүлжан мен Абсеметова Ақбота. «Әриайдай» әнімен. Қарсы алайық!

Жүргізуші:

Келесі сахна төріне шығатын жұп – тарих пәнінің мұғалімі Абжаппаров Мырзағали мен Орынбасарова Анар. «Айқаракөз» Әнімен.

Жүргізуші:

Сахнаға биология пәнінің мұғалімі Қалымбетова Айгерім мен Алтынбекова Сабинаны шақырамыз. Қарсы алыңыздар «Көңілді күн» әнімен

Жүргізуші:

Ортаға математика пәнінің мұғалімі Қарамырзаева Меруерт пен Еркинбаева Іңкарды «Мереке» әнімен шақырамыз.

Жүргізуші:

Сахнаға музыка пәнінің мұғалімі Сопбеков Сәбит пен Паримбекова Айнұрды шақырамыз. «Айналайын» әнімен. Қарсы аламыз!

Жүргізуші:

Сахнада денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бұқарбаев Ердәулет пен Амангелдиева Ботагөз «Ханзада» әнімен.

Жүргізуші:

Сахнада ағылшын тілінің мұғалімі Утегенова Рано мен Акимбаева Береке «La isla bonita» әнімен.

Сахнаға соңғы жұпты шақырамыз. Қарсы аламыз Айтбаев Мақсат пен Сұлтанбекова Арайлым. Қазақ әндеріне «Папури»

Мінекей «Екі жұлдыз» ән жобасының 2-кезеңі де өз мәресіне жетіп қалды.

Әділқазылар алқасын шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз. Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша мектебіміздің мақтаныштары, жас өнерпаздарын сахна төріне шақырамыз.

Ән: ______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Ән:_______________________________________________________________

Жүргізуші:

Сахна төріне «Екі жұлдыз» ән жобасының үміткерлерін сіздердің ыстық қошеметтеріңізбен шақырамыз!

  1. Шланбекова Гүлжан мен Абсемемтова Ақбота

  2. Абжаппров Мырзағали мен Орынбасарова Анар.

  3. Қалымбетова Айгерім мен Алтынбекова Сәбина

  4. Қарамырзаева Меруерт пен Еркинбаева Іңкәр

  5. Сопбеков Сәбит пен Паримбекова Айнұр

  6. Бұқарбаев Ердәулет пен Амангелдиева Ботакөз

  7. Утегенова Рано мен Акимбаева Береке.

  8. Айтбаева Мақсат пен Сұлтанбекова Арай.

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Сөз кезегін бүгінгі жобаның қадірлі қонағы С. Байтереков атындағы саз мектебінің ұстазы, домбырашы, қаламыздағы қазақ тілі қоғамының төрағасы Ақылбеков Бауыржан ағайға береміз.

Бауыржан ағай сөйлейді.

Келесі сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Камалова Гүлмира апайда.

Марапаттау рәсімі.

Жүргізуші:

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!

Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.

Ән аманат сіздер үшін, Бар болыңыздар сау болыңыздар.








































«Екі жұлдыз» ән жобасының 1 - кезеңі

«Екі жұлдыз» ән жобасының 3- кезеңі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?дептілік бастауы

Автор: Шакыбаева Айсулув

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304269

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "С?лемдесу-?дептілік бастауы"
    ["seo_title"] => string(29) "s-liemdiesu-dieptilik-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "259260"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448705872"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?дептілік-?демілік (бастауыш сыныптар ?шін)"
    ["seo_title"] => string(43) "dieptilik-diemilik-bastauysh-synyptar-ushin"
    ["file_id"] => string(6) "248906"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446803692"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?дептілік-т?рбие бастауы"
    ["seo_title"] => string(27) "dieptilik-t-rbiie-bastauy-4"
    ["file_id"] => string(6) "320316"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461060492"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?дептілік - т?рбие  бастауы"
    ["seo_title"] => string(23) "dieptiliktrbiiebastauy1"
    ["file_id"] => string(6) "300430"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456731931"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты " ?дептілік – т?рбие бастауы""
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-dieptilik-t-rbiie-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "290866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455030061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства