БҚО
Сырым ауданы
Тоғанас ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі
Беккужина Б.С
Тақырыбы: Әдепті қыз.
Мақсаты: Оқушыларға әліпбидегі әріптердің ретін меңгерту, мәтінді түсініп,
мәнерлеп оқуға төселдіру; оқушыларды сөйлеу мәдениетіне жетелей
отырып, ой-өрісін дамытып, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліпби кестесі, топшама, ойындар
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың құралдарын тексеріп, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-«Қазақ әліпбиі» өлеңін мәнерлеп оқытам.
- Әліпбиді сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Кубизм стратегиясын пайдаланамын
Әліпби деген не?
Әліпбиде неше әріп бар?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Жуан дауысты дыбыстарды ата
Тасымал дегеніміз не?
Д әріпі әліпбиде нешінші тұр? Ж әрпінен басталатын сөздер айт.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Суретпен жұмыс
Тақтаға 2 сурет ілінеді. Оқушылармен әңгімелесу барысында бүгінгі өтетін сабағымды хабарлау.
2.Оқулықпен жұмыс.
107 – жаттығу:
1. Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2. Оқушылардың кезекпен оқыту
3. Мәтін бойынша сұрақтар:
- Әңгіме не жайында?
- Маржан қандай қыз?
- Әдептілікті қалай түсінесің?
- Ә әрпі әліпбиде нешінші болып тұрады?
- Ә әрпінен басталатын сөздерді теріп жаз.
3. Сөздік жұмысы:
Тіл шыққан бастап – сөйлей бастағаннан
Құшып – құшақтап
Әдептілік – ізеттілік, сыпайылық
Тәбет – тамаққа ықыласы
108- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді әліпби ретімен жазу.
6.Толқын, 5.құмырсқа, 2.бұтақ, 4кептер, 1.аңшы , 3.жалға.
4.Сергіту сәті.
109-жаттығу ауызша орындалады.
Д
С мен У. Осы әріптерден басталатын сөздер айт.
5.Ой қозғау. Не деу керек?
1.Апаң сенің базардан, 2.Үй артында қоқысты,
Алма сатып әкелді. Жатқан көптеп үйіліп.
Ең үлкенін жақсысын, Тазалайды қарт кісі,
Саған таңдап әкелді. Белі зорға иеліп.
Не деп барып жеу керек? Не дегенін жөн еді?
- Рахмет айтып жеу керек. – Көмектесейін деу керек.
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді,
Қағыпм кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
- Кешіріңіз! деу керек.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Жақсы бала болу үшін оқушы қандай болуы керек? (Оқушылардың ой – пікірін сұрау)
2. Адасқан сөздерді өз үйшігіне орналастыру
«Қоянға көмек» ойыны ойналады.
3.Әдептілік туралы мақал-мәтелдер сұрау
4. Хат келеді. (ситуациялық сұрақтар)
Мысалы: Құрметті достар. Мен анамның өте жақсы көретін ыдысын сындырып алдым. Мен енді оны анама қалай айтып жеткізем, көмектесіндерші.
VІ. Үйге тапсырма.
Топшама
Берілген сөздерді әліпби ретімен жаз.
Жүрек, терезе, ғарыш, ауыз, ыдыс, вагон, хат, шар, фирма, радио.
VIІ. Қорытынды. Бағалау.