Пән | Дүниетану |
Сабақтың тақырыбы | Денің сау болсын десең... |
Оқу мақсаты | 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар | Көптеген оқушылар | Кейбір оқушылар |
Адамның дене мүшелерінің атауын біледі, ажыратады. Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды екенін ұғады. Дене жаттығуларының маңызын түсінеді. | Дене мүшелері әртүрлі қызмет атқаратынын біледі. Дене мүшелеріне арналған әртүрлі жаттығулар ойлап табады және сыныптастарына орындатады. | Денсаулықты шынықтыру жолдарын біледі, өзге оқушылармен бөліседі. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, талдау, жинақтау. |
Бағалау критерийлері | |
Тілдік мақсаттар | Дене жаттығулары, дене мүшелері, денсаулық. |
Құндылықтарды дарыту | Жеке бас гигиенасын сақтауды оқушы бойына дарыту. Тән саулығын қалыптастырып,салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Математика. Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрайды. Дене шынықтыру. Дене мүшелеріне арналған жаттығулар жасайды. Жаратылыстану. Дене мүшелерін ажыратады. |
АКТ қолдану дағдылары | Оқулық, интерактивті тақта, иллюстрациялық суреттер, А-3 қағаздары, желім, маркер. |
Бастапқы білім | Адамға ең алдымен денсаулық қажет екенін, тазалық денсаулық негізі екенін біледі. |
Сабақ барысы |
Кезеңдері / Уақыты | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ойлау дағдылары | Кері байланыс/ ресурстар |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сабақтың басы мин | (Ұ) Топтастыру тәсілі «Дені сау адам қандай болу керек?» Адам силуэтын іліп қою. Қима қағазда адам денсаулығына қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылып тұрады. Сол қима қағаздардың керектісін силуэттің үстіне, қажетсізін астына жапсырады. Дұрыс,балалар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Денің сау болсын десең...» - Сабақтан нені біліп шығамын деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы, толықтыру) - Бүгінгі сабағымызда адамның өз денсаулығын күту және сақтау жауапкершілігін, яғни жеке бас гигиенасын және дене жаттығуларының маңызын, денені шынықтыру жолдарын қарастырамыз | Оқушылар тыңдайды. Оқушылар ізденеді. Топта талқылайдыЖауап береді. | Жинақтау, зерттеу | Кері байланыс: мұғалімнің ауызша кері байланысы. - Осы орындалған жұмыстарды қорытындылай келе бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) Оқулық, аудио, иллюстрациялық суреттер, А-3 қағазы, желім, маркер. |
Сабақтың ортасы 15 мин «Белсенді оқу» әдісі «Еңбек пен шығармашылық» құндылығы «Ойлан. Жұптас. Бөліс» тәсілі 3 мин «Белсенді оқу» әдісі «Еңбек пен шығармашылық» құндылығы «Сен білесің!» тәсілі | Оқушыларды «Стикер» тәсілімен топқа бөлу Алдын ала қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының суреттерін стикерге желімдеп қоямын. Оқушылар алдыңғы тапсырманы орындап жатқанда мен оқушылардың орындықтарының артына стикерлерді жабыстырып шығамын. Қабілеті жоғары оқушылардың орындықтарына бірыңғай 1 денсаулық сақтау ұйымының суретін жапсырамын. (Ол саралау тапсырмасын орындау үшін қажет) Сол арқылы 4 топқа бөліп отырғызамын. Топтық жұмыс 1-топқа «Күн тәртібін білеміз» тәсілі Суреттерді қара және күннің әртүрлі мезгілінде салауатты тамақтану мектебінің оқушылары немен айналысатынын жаз. 2-топқа «Дұрыс тамақтан!» тәсілі Берілген суреттерден дұрыс тамақтану пирамидасын құрайды. 3-топқа «Тазалық тамашалары» тәсілі Берілген суретке қарай отырып, сөйлемдерді аяқта 4-топқа «Салауатты өмір салты» тәсілі Берілген спорт түрін жұмбақтап, оқушыларға жасыр. Ол спорт түрлеріне қатысты 1 қауіпсіздік ережесін жаз. |
Топтық жұмыс. Берілген тапсырманы орындайды. Және А-3 қағазына желімдеп, жариялайды. | | |
Бағалау критерийі: | Дескриптор: |
Ал балалар осы тапсырмалар арқылы біз нелерді біле алдық. |
Жеке жұмыс Жұмыс дәптерінен 58 жұмыс парағы Бос орынға қажетті сөздерді қойып оқы. Көшіріп жаз. | |
Бағалау критерийі: Бос орынға қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазады. | Дескриптор: 1.Қажетті сөздерді анықтайды. 2.Қажетті сөздерді қойып оқиды. 3.Қажетті сөздерді көшіріп жазады. |
Ширату жаттығуы 3 мин | Әріптер сөйлейді А- О- И- Һ- Ха-ха- | Барлық оқушы қатысады. Қимылдар жасайды. | | |
Сабақтың соңы 4 мин «Саралау» әдісі «Ашықтық» құндылығы «Ойлан» тәсілі | Жұптық жұмыс 55-жұмыс парағы. Геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыр. Дене мүшелерінің атауын жаз. | Әр оқушы өз көршісімен жұмыс жасайды. Берілген тапсырманы орындайды. | Білу, ойлау, жинақтау | «Бағдаршам» арқылы Геометриялық фигуралар, А-3 қағазы, желім. |
Бағалау критерийі: Геометриялық фигуралардан адам денесін құрастырып, дене мүшелерінің атауын жазады. | Дескриптор: 1.Геометриялық фигураларды таңдайды. 2.Адам денесін құрастырады. 3.Дене мүшелерінің атауларын жазады. |
Кері байланыс 5 мин | Әр денсаулық сақтау ұйымы бір-біріне кері байланыс береді. Сабақ соңында бірін –бірі мадақтайды. | Барлық оқушы қатысады. Өз ойларын айтады. | Білу, қолдану | «Сымсыз телефон» әдісі |
Бағалау критерийі: Бүгінгі сабақта қандай тірек сөздермен яғни жаңа сөздермен таныстық? Адамның дене мүшелерін атай аласыздарма? Денің сау болу үшін не істеу керек? Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіне алдыңыздарма? | Дескриптор: 1.Берілген сұрақтарға жауап береді. 2.мәдениетті сөйлеуге үйренеді. |