Просмотр содержимого документа
«Дені саудың- жаны сау»
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау
Күні:
Қуағаш негізгі орта білім беретін мектебі
Мұғалім:Досаева Г.Г
СЫНЫП: 2
Қатысқан:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Сиқырлы дәрі жасаймын
Оқу мақсаты
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу
Бағалау критерийлері
Сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатыса алады.
Оқу мақсаттары
Денсаулық жайлы әңгімелеседі, өз пікірлерін ортаға салады, диалог барысында сұрақтар қойып, жауап беруге дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту
Жұмыс барысында қарым-қатынас мәдениетін сақтап, еңбек және шығармашылық, өз денсаулығына ұқыпты қарау үшін жауапкершілік құндылықтарын дарыту.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану пәнімен байланысты
Алдыңғы меңгерілген білім
Бұл бөлімде оқушылар денсаулықты күту тақырыбында оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіреді.
Жоспар:
Жоспарлан-ған уақыттар
Жоспарланған жаттығулар
қойыңыз)
Ресурстар
Сабақтың басы-7мин
Сабақтың ортасы
30 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ)Психологиялық дайындық
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
Мұғалім қобдишадағы затты/дәріні/ оқушыларға табуды ұсынады.Оқушылар сұрақтар қояды, ал мұғалім «иә немесе жоқ» деп жауап беру арқылы ойынды жалғастырады.
-Балалар, жасырынған зат не болып шықты?
-Дәріні адамдар қай кезде қолданады?
-Дәрінің қандай пайдасы бар?
-Дені сау болу үшін адамдар дәріні үнемі ішу керек пе?
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қалай ойлайсыңдар, сабақтың соңында қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, критерийлер ретінде тақтаға жазу.
(Ұ,Ө) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу сәті
Мақсаты: Оқушылардың көркем, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар тақтаға қарап отырып, күнді, Д д әріптері мен дәрі сөзін жазады. Сөздер талданады.
-Д –қандай дыбыс?
-Дәрі- сөзі қалай айтылады?Неліктен жіңішке болып айтылады?
«Айжанның алыс туысы аяқ астынан ауырып қалды. Анасы туысының дәрігер жазып берген дәрілерді ішпей жатқанын айтты. Айша туысын аурудан айықтыру жолдарын іздей бастады. Дереккөздерден денсаулықты сақтауға қажетті тағамдар туралы тауып оқыды. Көңіл-күйді көтерудегі тәттілердің қызметі оның ойынан шықты. Ол «Таптым!» деп айқайлап жіберді.
Қалай ойлайсыңдар, Айша туысын қалай емдейді? Ол қандай ем тапты?»
(Ж) Диалог ұйымдастыру
Мақсаты:Диалог барысында сұхбаттасын тыңдап, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз пікірлерін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Жағдаяттың соңында берілген сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырылады. Әр оқушы өз «емдеу тәсілін» ұсынады.
Біреуі «Оның көңілін көтеру үшін балмұздақ жегізу керек» десе, екіншісі «Бал – таптырмас ем» деуі мүмкін.
Оқушылардың денсаулықты күту жайлы ойларын тыңдау.
-Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?
Жаман Жақсы
-Спорт денсаулыққа пайдалы екенін қалай дәлелдейсіңдер?
-Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер?
-Спорттың қай түрлерін ұнатасыңдар?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Сергіту сәті
(Т,Қ)Топтық жұмыс
Мақсаты:Оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттері мен топта бірігіп жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Оқушыларға Айжанның туысына сиқырлы дәрі немесе ауырудан айығу үшін ем-шаралар жасау ұсынылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, А3 парағына емдеу жолдарын көрсетіп, постер жасайды.Топтар өз жұмыстарын қорғайды.
Өзара стикер арқылы бағалайды.
(Ұ,Қ)Диалог ұйымдастыру
-Балалар, Айжанның туысына қандай ақыл-кеңес береміз?
-Сонда дүниедегі ең басты бақыт пен байлық не екен ?
– Денсаулық туралы қандай мақал білеміз?
Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:1/Денсаулық – зор байлық.
2/Дені саудың-жаны сау.
3/Бірінші байлық –денсаулық.
4/Тазалық-денсаулық кепілі.
(Ө,ҚБ) Карточкамен жұмыс
Оқушыларға карточкалар беріледі.Оқушылар карточкадағы сөзді оқып, сөздерді толықтырып жазады.
Дәрі, дәрігер, дәріхана, дәрілік, дәріханашы.
тақтада жазылған сөздер
Қобдиша
Үлгі сөздер
«Көңілді жаттығулар» аудио материал
А3 парақтары мен маркерлер,желім,қима суреттер.
карточкалар
5 минут
Рефлексия:
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
Денсаулықты қалай күту керек?
Таза жүру, жуыну, жеміс-жидектер,таза ауа ,спорт туралы не айтуға болады?
Қосымша мәліметтер
Сабақтағы менің жетістігім қандай?
Күн сияқты ..................
Бұлтты күн сияқты ....................................
Жауынды күн сияқты ....................................