Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Дені саудың жаны сау.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауда, қолдауда.Өмірдегі басты байлық-денсаулық.Денсаулық-бұл адамның еңбекке белсенді болуы,әрі ұзақ өмір сүруі,тәннің саулығын сезіну.
Бірінші байлық-денсаулық
Екінші байлық-ақжаулық
Үшінші байлық- он саулық,деп бекер айтпаған.Біз денсаулығымызды күтіп жүруміз керек.
II.Дәптермен жұмыс.
Денсаулық деген сөзге жұмбақ қарастырамыз.
Психологиялық жаттығулар
Қолдарыңды көтеріңдер- бір дейік ,
Көп отырып,қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық,басты бұрдық- екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та –үш дедік
Тағы жаңа жаттығулар жасалық.
Бір-бірімізге жақсы тілектер айту.
III.Денсаулыққа байланысты мақал-мәтел жазу.
Денсаулық зор байлық,
Тазалық денсаулық кепілі.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
IV.”Денсаулық”сөзінен сөздер құрастыру
Ық,саулық,қулық,ау,дау,қан, ауыл,улы,сан,сал,қас.
Дене шынықтыру оқушыларды жан-жақты үйлесімді дамытып жетілдіреді,денсаулығын нығайтады.Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып,қимыл қозғалыс қабілеттерінің негізін салады.Егер денім сау,сергек жүрем десең спортпен айналысқан дұрыс.Бұл өміржасыңыздың ұзаруына жас ұрпақтың шымыр да сымбатты болуына әсер етеді.
V.Сабақты бекіту.Денеміз сау болу үшін не істеуміз керек?