Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у "Шеше мен бала"»
Әдебиеттік оқу, 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала
Сабақтың мақсаты: оқушылар әңгімемен танысып, негізгі ойын ашады; байланыстырып сөйлеу дағдыларын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді; «үнемділік» деген ұғымға өз көзқарастарын білдіреді, жанашырлық, қайырымдылық сезімдерін ояту.
Инновациялық әдіс-тәсілдер: эссе, галереяны шарлау, ой қозғау, тірек сөздер, бағытталған оқу, ақыл сөздер жібі, ашық микрофон, өрмекшінің торы, формативті бағалау әдістері: табыс критерийлері, екі жұлдыз - бір тілек, басбармақ, ұжымдық шапалақ.
Сабақта қолданылған педагогикалық технология: СТО, АКТ (презентация, аудиожазба).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
1. Оқушылар түстер арқылы топтарға бөлінеді.
2. Сабақтың табыс критерийлерін ұсыну.
- Қандай үлкен тарауды оқып жатырмыз? Осы тарауда қандай шығармалармен таныстық? Олардың бәрін қандай ой біріктіреді деп ойлайсыңдар?
«Ана» ән әке мен ана тыңдайды.
- Қандай сезімдесіндер?
Үй тапсырмасын тексеру
1. бесік жыры айту
Қызығушылықты ояту
Алдарыңда кімнің портреті? Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?
Ой қозғау.
- «Шеше мен бала» әңгімесін оқымас бұрын мына ұғымдардың мағынасын ашып алайық:
Тірек сөздер.
- Бүгінгі біз оқитын әңгімеде қыз бала, шешесі, тентек бала, ақша, құс деген ұғымдар кездеседі.
- Әңгіме не жөнінде болуы мүмкін? (Топта болжап, әңгіме құрастырады). Әр топ әңгімесін ортақ топқа ұсынады.
Ситуациялық ж: Шешесі баласына таза , ұқыпты бол деп үйретеді. Бір күні ол мектептен келе жатып лай суға түсіп кеткен кішкентай күшікті көріп құтқармақшы болады. Бірақ есіне шешесінің сөзі түседі. Бірақ күшікті аяп батпақтан алып шығады. Күшікті үйге алып келеді. Шешесі есікті ашады
Неше адам сөйлесті?
Неше адам сөйлесе алады?
Диалог дегеніміз екі немесе көп адамның сөйлесуі.
Жаңа сабақ
Әңгіменің 1 бөлігін оқу.
- Қыз балаға сендер қалай жауап берер едіңдер? Неге?
- Сонда анасының берген ақшасын қызы басқа нәрсеге жұмсағаны дұрыс болды деп ойлайсың ба? Неге?
- Сауап деген сөзді қалай түсінесің?
- Шешесі қызына қандай жауап берді деп ойлайсың? (Топта болжайды, ортаға салады)
2 бөлімді 1 оқушы дауыстап оқиды.
- Шешесі не деп жауап берді?
- Бейшара деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Әңгімеде кемтарлықтан құсты сатуға жүрген-ау деген шешесінің сөзін қалай түсінесіңдер?
- Сіңлісі не деп сұрады?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, кімдікі дұрыс? Неге?
3 бөлімді дауыстап тағы 1 оқушы оқиды.
Ой толғаныс. – Балалар, қазір мен сендерді ашық микрофонға шақырамың. Осы әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?
- Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?
- Жақсылық жасаған адамның атын да сұрама дегенді қалай түсінесіңдер?
- Әңгіме ұнады ма?
Бес жол өлең
Өлен шығару.
«Өрмекшінің торы» - Бүгін сабақта не білдің? Не үйрендің? Бүгінгі сабағымыздың идеясы қандай болды?
Әңгімедегі қыз бала мен шешесінің қарым-қатынасы қандай?
- Сендер аналарыңмен өз ойларыңды айтып, бөлісесіңдер ме? Аналарың қандай ақыл айтады?
- Ал қазір табыс критерийлерге оралып, басбармақ тәсілі арқылы өз-өздеріңді бағалаңдар.
Үйге тапсырма: Әңгімені рөлмен оқып үйрену, конверттегі тапсырманы орындау. (Әр оқушыға конвертте жеке тапсырма берілді).