«Бұзауқан» төрт түлікке байланысты тыйым сөздер жазу
«Ботақан» төрт түліктің пайдасы туралы жазу
Мұғалім түсіндірмесі. Міне балалар төр түлікке байланысты тыйым сөздер өте көп, пайдасы да мол екен.
Қой төрт түліктің ұсағы.Күзгі терісінен тон қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Қойдың сүті қою, жағымды. Сиыр ірі қара мал. Оны көбіне көп сүті үшін ұстайды. Жылқы саусаң қымызы, мінсең көлік, суыққа төзімді, еті де, қымызы да ем. Түйе түлік басы. Көштің көлігі. Көбіне оған жүк артады.Сүтінен шұбат, қымыран алынады. Жүні жылы киім тоқиды.
Сергіту сәті: ән «Қошақаным»
Мақалмен жумыс: Малдың жайын баққан білер,
Отынның жайын жаққан білер
Ешкі малдың ептісі
Жылқы малдың тектісі. (мағыналарын ашу)
Қорытындылау: сабақтан алған білімдерін бейнелер арқылы көрсету.
Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
Бағалау: жұлдызшалар арқылы оқушылар жақсы деген бағаға бағаланды.