kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу "Республика рәміздері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Республика рәміздері

Сабақтың мақсаты:  Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып, үйрену,

рәміздердің әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу, суреттей білуге үйрету. 

Балалардың өз Отанына деген сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сөздік қорын молайту, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Ту, Елтаңба, мемлекеттік мекемелер суреттері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу "Республика рәміздері"»

Әдебиеттік оқу

Күні


Сабақтың тақырыбы: Республика рәміздері

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып, үйрену,

рәміздердің әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу, суреттей білуге үйрету.

Балалардың өз Отанына деген сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сөздік қорын молайту, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Ту, Елтаңба, мемлекеттік мекемелер суреттері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру






Әнұран орындалады.


ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сұрақтар

  1. Мемлекеттік тудың авторы кім?

  2. Онда қандай суреттер бейнеленген?

  3. Елтаңбаның авторы кім?

  4. Онда қандай суреттер бейнеленген?

  5. Әнұранның сөзін және әнін жазғандар кімдер?

ҮІ. Кіріспе (түсіндіру) Ендеше балалар бүгін «Республика рәміздері» туралы толығырақ танысамыз.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазайық. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба, Әнұран жататынын білеміз. Сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген азаматтар рәміздерді құрметтеуге міндетті.

а) Тудың көгілдір түсі-адалдық , кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Күн бейнесі-байлық пен берекенің белгісі. Қыран бүркіт нышаны әдетте билік, көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқындалады.

Мемлекеттік Ту- Республика Президенті сарайында, Парламеттің, Үкіметтің, Министрлердің ғимараттарында және мемлекеттік мекемелерде орнатылады.



Сонымен қатар Тудың алдында әскер адамдары Отанға адал қызмет етуге ант қабылдайды.











Ту 1992 жылы бекітілді. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.


Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

ә) Елтаңба бүкіл әлем мойындаған мемлекеттің ерекше маңызды нышаны. «Герб» сөзі неміс сөзінен аударғанда «мұра» немесе «енші» деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаны Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжаттарда да салынады. Тұрақты орнатылатын жері: Республика Президенті жұмыс бөлмесінде,Парламент мәжілістері өтетін залда, мемлекеттік мекемелер басшысының бөлмелерінде орнатылады.


Елтаңба Отанымыздың тәуелсіз,егеменді, дербес ел екендігін айқындайды.

Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы,

Шот-Аман Уәлиханов.

Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.

Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар атақты сәлетшілер.

б) Әнұран мәтінін жаттап алып,салтанатты жағдайларда қосылып айту әрбір адамның парызы.

Біз күн сайын Қазақстан телеарнасының бағдарламасы басталғанда, аяқталғанда мемлекеттік Әнұранды естиміз. Әуені көңілді толқытады,жаныңды шаттыққа бөлейді, елімізге деген қуаныш сезіді толтырады. Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, шет елдің мемлекет басшыларын қарсы алғанда және шығарып салғанда орындалады. Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, оң қолымызды көкірегімізге қойып тыңдаймыз. Бұл деген елімізге деген зор құрмет.


Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.


Ү. Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді тұтас оқыту.

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту-әрбір азаматтың парызы.


Тапсырма:

Мемлекеттік рәміздерді неліктен құрметтейміз?

Ту, Елтаңба қай жерлерде орнатылады?

Әнұранды естігенде қандай күйде боласыңдар?


Сабақты қорытындылау:

Балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер.

Сабаққа қатысқан оқушыларды деңгейіне қарай бағалау.


Үйге тапсырма: Өлеңді оқып, мазмұндау. Елтаңба , Тудың суретін салу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдебиеттік оқу "Республика рәміздері"

Автор: Бексеитова Бибинур Алибековна

Дата: 10.03.2018

Номер свидетельства: 461212

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?дебиеттік о?у : К?нтізбелік жоспар"
    ["seo_title"] => string(37) "diebiiettik-ok-u-kuntizbielik-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "255093"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447861804"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ш.Сариев. "Т?уелсіздік монументі" "
    ["seo_title"] => string(34) "sh-sariiev-t-uielsizdik-monumienti"
    ["file_id"] => string(6) "152115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420807665"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Конспект урока ?дебиеттік о?у  по названием "Т?рт тентек" "
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-diebiiettik-ok-u-po-nazvaniiem-tort-tientiek"
    ["file_id"] => string(6) "176044"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424355360"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?дебиеттік о?у «?аза?ты? д?ст?рлері» "
    ["seo_title"] => string(39) "diebiiettik-ok-u-k-azak-tyn-d-sturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "170079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423498431"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "саба? жоспары М?хтар  ?уезов  "К?ксерек" ?дебиеттік о?у"
    ["seo_title"] => string(50) "sabakzhosparymukhtaruiezovkoksieriekdiebiiettikoku"
    ["file_id"] => string(6) "330359"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464232845"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства