| Сыныбы: | «Б» | Күні: 23.01.2014 |
| Пәні: | Әдебиеттік оқу |
| Сабақтың тақырыбы | Ж.Өмірбеков Асығым |
| Сабақтың мақсаты | Мәтінді оқып,мазмұны мен идеясын аша отырып, кейіпкерлерге баға беру. |
| Міндеттері | Өз бетімен талдауға,зерттеуге,шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау. Оқушылардың табиғатты,қоршаған әлемді,оның әсемдігін сөз арқылы, көркем әдебиеттегі адам сезімдері арқылы түсінуге жағдай туғызу. |
| Күтілетін нәтиже | Оқушылар шығарманың мазмұнына сай өз ойларын толық жеткізеді. Тақырыпқа сай берілген негізгі идеяны ашады. Асықтың пайдасын түсіненді. Қазақ халқының ұлттық ойыны туралы мағұлымат алады. |
| Дерек көздері: | 4 сыныптың әдебиеттік оқуы. 45 минут интернет порталы. |
| Әдіс-тәсілдер: | «ДЖИКСО», «Венн диаграммасы», «Зеріттеу әңгіме», АКТ,формативті түрде бағалау.Н.Зайцевтің шапшаң оқу әдісі. |
| Жұмыстың түрі: | Топтық, жұптық, жеке |
| Жаттығулар немесе тапсырмалар: | |
| |
| Сабақ барысы: | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Жұмыстың түрі |
| Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. | Оқушыларды топқа бөлінеді | Оқушылар топтарға бөлінеді. | Жеке жұмыс |
| Үй тапсырмасын сұрау 4 мин. | Оқушылар өз жұптарына «Қармаққа түскен шағала» мәтінін мазмұндап айтып береді. Бағалау парағына бағаланады. Тыңдап жүру арқылы оқушыларды сырттай бағалаймын. -Өткен сабақта қандай жаңа сөздермен танысып едік Сөздік жұмыс. Теплоход – кеме. Полуба – кеменің екінші, үшінші қабаты. Каюта – кеменің бөлмесі. Зәкірге – қармақтың инесі үш тармақты. Ұяласы – бір топтағы шағала. Топшасы – құстың аяғы. Шабақ – балықтың баласы. Шыжымдап тарту - аз-аздап, біртіндеп тартты. Бей күнә – күнәсіз. | Оқушылар жұптарынан сабақ сұрайды, сұрақ қояды, бағалайды. Оқушылар өткен сабақта танысқан жаңа сөздерді атайды. | Жұптық жұмыс Жеке жұмыс |
| Екі жақты күнделік 1 мин. | Сөздік жұмысы Ал, ендеше бүгінгі Ж.Өмірбеков «Асығым» өлеңінде Кеней-ұсақ асық сөзі кездеседі естеріңде сақтаңдар. | Оқушылар есте сақтайды | Жеке жұмыс |
| Мағынаны тану 3 мин. | Асық дегеніміз не? Білетіндерінді алдарындағы кестенің білемін бөлігіне толтырып жазыңдар | Білемін | Білдім | Білгім келеді | | | | | | Оқушылар асық туралы өздерінің білетіндерін кестеге жазады. | Жеке жұмыс |
| Жаңа сабақ 30 мин Акт-мен жұмыс Кітаппен жұмыс Топтық жұмыс | АКТ-ны пайдалану арқылы Автордың өмірбаянымен таныстыру. «Асығым» өлеңін Н.Зайцевтің әдісі бойынша ІІІ рет шапшаң оқыту. І топ Асықтардың тұрысы ІІ топ Асықпен ойналатын ұлттық ойындар ІІІ топ Асықты дайындау | Оқушылар өзгені тыңдай отырып мәнерлеп шапшаң оқиды | Жеке жұмыс Топтық жұмыс |
| Қорытынды. 4 мин | Венн диаграммасы Асықтың пайдасы мен зияны    | Білемін | Білдім | Білгім келеді | | | | | Кестенің білдім, білгім келеді бөліктерін толтырады. | Оқушылар топта талқылайды асықтың пайдасы мен зиянын қағаз бетіне түсіреді Оқушылар кестенің білдім бөлігіне өздерінің сабақта не үйренгендерін жазады. Білгім келеді бөлігіне тағыда нені білгілері келетіні жайында жазады | Топтық жұмыс Жеке жұмыс |
| Бағалау (Бағалау парағы) 3 мин | Оқушыларға сабақ бойы қойған бағаның қорытындысын айтуға ұсыныс жасау арқылы қорытынды баға шығару | Әр топтың бағалаушылары бағалау парақтары бойынша қойған бағаларын айтады | Жеке жұмыс |
| Рефлексия Шаттық шеңбері 3 мин | Қазақелі өз елдігін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін қанша қиындықты бастан кешірді атап айтар болсақ -Жоңғар шапқыншылығы -1930-1932 жылдары Ашаршылық -1937-1939 жылдары Ұлтшыл азаматтардың Репрессияға ұшырауы - 1941-1945 жылдары ІІ дүниежүзілікҰлы Отан Соғыс - 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы Біз осынлша қиындықпен жеткен ұлтымыздың тәуелсіздігімен, салт-дәстүрімізді ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Ендеше сендерді «Қазақтың дәстүрлері» әнін шырқауға шаттық шеңберіне шақырамын. | Оқушылар ортаға шығып ән салады. | |