Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу "Аңқау арыстан" ертегі»
№5 мектеп- лицей
Биоақпараттану және Синергетика технологиясының Ауызша сабақ-1 картасы
Тақырыбы: «Аңқау арыстан» ертегі
Әдебиеттік оқу
(Ашық сабақ)
Өткізген: Кужаниязова А.Ж.
Класс:2 «Б»
2017-2018 оқу жылы
Күні : 7.02.2018ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған асыл мұра. «Аңқау арыстан»
Сабақтың мақсаты: Ақылды, білімді болудың маңыздылығы туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері :
А) мәтіндегі негізгі ойды түсінуге көмектесу.
Ә) оқушылардың ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету; оқушылардың оперативті есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
-Балалар бүгін біз Биоақпараттану және Синергетика технологиясының Ауызша сабақ-1 картасы бойынша әдебиеттік оқу пәнінен жұмыс жасаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын ортаға сыныбымыздың көшбасшысын шақырамыз.
Бүгін біз Бибарысқа сөз береміз. Көшбасшы – Бибарыс:
Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба ?
Иә
Біз мектептің мақтанышы боламыз ба ?
Иә
Әдебиеттен «5» алып нәтижеге жетеміз бе?
Иә
Алға; алға; алға!
Ендеше оқушылар менде сіздерге сәттілік тілеймін.
-Өте тамаша отыра ғой, рахмет Бибарыс. Біздің сыныпта 25 оқушы бар, оның 63% пайызы деп отырғанымыз 15 оқушы. Ол үшін 15 оқушы «5» пен «4» алу керек.
Балалар біздер өткен сабақ бойынша бекіту жасап алайық. Өткен сабақта «Өрттен құтқарушы иттер» туралы айтқан болатынбыз. Осы ертегі бойынша мен сіздерге қарама –қарсы сұрақтар қоямын. Сіздер толық жауап бересіздер. Барлығымыз оқулықты жауып, мені мұқият тыңдаңыздар қоямыз.
Бәріміз мұқият болайық.Маған көңіл аударамыз.
Қарама –қарсы сұрақтар:
1.оӨрт болғанда балалар үйде қалып қоюы мүмкін ба?
Өрт болғанда балалар үйде жиі қалып қояды.
2. Оның себебі неде?
Өйткені олар қорқып, үнсіз тығылып жатады.
3. Өрт кезінде балаларды көруге мүмкіндік бермейтін не?
Өрт кезінде баланы көруге түтін мүмкіндік бермейді.
4. Осындай жағдайдан шығу үшін нелерді үйрете бастады?
Ол үшін иттерді үйрете бастайды.
5. Иттерді үйрету қай қаладан бастау алды?
Иттер Лондон қаласында үйретіле бастаған.
6. Осындай иттер үнемі кімдердің қасында болған?
Ондай иттер үнемі өртсөндірушілермен бірге болады.
7. Бұл иттерді өртсөндірушілер қайда жұмсайды?
Олар иттерді өрт болып жатқан үйге жұмсайды.
8. Және де не үшін жұмсайды?
Өрт шыққан үйден балаларды құтқарып, алып шығу үшін жұмсайды.
9. Осындай иттердің бірі неше баланы өлімнен құтқарды?
Осындай бір ит 12 баланы құтқарды.
10. Оның аты қандай?
Оның аты Боб екен.
11. Бірде қандай жағдай болды?
Бірде үй өртенді.
12. Өртсөндірушілер әлгі үйге келгенде кім жүгіріп шықты?
Алдарынан бір әйел жүгіріп шықты.
13. Ол неге жылап тұрды?
Себебі өрт қаулап жатқан үйде 2 жасар қызы қалып қойды.
14. Өртсөндірушілер осы сәтте ненің көмегіне жүгінді?
Бобтың яғни иттің көмегіне жүгінді.
15. ары қарай не болды?
Боб жүгіріп кіріп, түтіннің арсында көрінбей кетті.
16. Ит қызды құтқара алды ма?
Ит қызды құтқарып алып шықты.
17. Қалай құтқарды?
Боб қызды көйлегінен тістеп, котеріп алып шықты.
18. Ана қызының тірі екенін көргенде қуанды ма?
Анасы қызының тірі екенін көріп қуанды.
19. Қалай қуанды?
20. Өртсөндірушілер итті неге сылап-сипап қарады?
Иттің жарақаттанғанжері жоқ па екен деп.
21. Сол кезде ит не істеп тұрды?
Ит үйге ұмтылып тұрды.
22. Өртсөндірушілер не ойлады?
Үйде тағы бір тірі жан болуы мүмкін деп ойлады.
23. Осы сәттегі иттің қылығын қандай болды?
Ит үйге жүгіріп кіріп, аздан соң аузына бір нәрсені тістеп шықты.
24. Жұрт оның алып шыққан затын көргенде не істеді?
Анықтап көргенде, бәрі күлді.
25. Оның алып шыққаны не еді?
Оның алып шыққаны үлкен қуыршақ еді.
Ендеше балалар өткен тақырып яғни 1 кезең бойынша балымызды есептеп шығарайық.
Нәтижеге жеттік пе? 3 шапалақ.
Сабақтың мақсаты:
Жаңа сабақпен таныстыра отырып маңызын ұғындыру, ол адамды дамытатынын білгізу.
Оқушылардың оперативті есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Оқушыларға еңбектің, ақылдың маңызын ұғындыру, балаларды адал еңбек етуге, ақылды болуға тәрбиелеу.
Актуализация.
Өзі ширақ өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)
Бір аң бар қайратты, көп болған күші,
Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)
Жаңа сабақ «Аңқау арыстан» ертегісі. Бүгін біздер жаңа сабақ «Аңқау арыстан» ертегісімен танысатын боламыз. Бұл ертегіде Асылбектің кітап оқуға деген құлшынысының жоқтығы, жалқаулығы,еріншектігі айтылған.Сыныптасы Жазираның сабақты жақсы оқығанын ұнатпайды.Жазира өте ақылды, сабағын жақсы оқитын оқушы.Қазақ ертегілерін Жазира Асылбекке оқып беріп түсіндіріп жүрді.Соның арқасында ол сабағын жақсы оқитын оқушы болды.
Тірек сөздер:
1.Арыстан.
2.Түлкі.
3.Есек.
4.Қулық.
5.Ауру.
6.Ертегі.
7.Өтірік.
Оқушылар тақтада жазулы тұрған тірек сөздерге қарап, 30 секунттың ішінде жаттап алыңдар. Тірек сөздер жабылады. Уақыт аяқталғаннан кейін оқушылар берілген тірек сөздерді дәптерлеріне жатқа жазады. Жазып болғаннан кейін оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алмастырып тексеріп соңына санын жазып қояды. Қанша сөз жазғандарын хабарлайды. 1 минутта жазып болу керек.
Көп 6-7 сөз жазған оқушыларды + белгілеп қою керек. 2 кезең бойынша есептейміз.
Ендеше оқушылар оқулығымыздың 34 бетін ашамыз. «Аңқау арыстан» ертегісін толық оқып танысып шығамыз. 5 минут уақыт беріледі.Бұл ертегіде арыстанның аңқаулығы туралы әңгімеленген.
Оқушылар уақыт аяқталды. Мен сіздердің ертегіні қаншалықты түсінгендерің туралы білу үшін қарама-қарсы сұрақтар қоямын.
Қарама-қарсы сұрақтар
1. Бір күні түлкі неге кез болады?
2. Түлкі қандай еді?
3. Түлкі арыстанға не дейді?
4. Арыстан не сұрайды?
5. Түлкі қандай ем айтады?
6. Есекті табуға не көмектеседі?
7. Есекті тауып әкелгенде сен не істе дейді түлкі арыстанға?
8. Неліктен түлкі қулығына басады?
9. Сөйтіп ол неге кездеседі?
10. Есек қайда жайылып жүрген?
11. Түлкі есектің хал-жағдайын сұрағанда есек не дейді?
10. Түлкі көл жағасында жайылып жүрген есекке кездеседі? – Жоқ.
11. Есек түлкіге қуанышты хабар айтады? –Жоқ.
12. Түлкі есекті орманға апаратынын айтты? - Жоқ.
13. Сол жерде еркін өмір сүресің дейді? - Иә.
14. Бұған есек ашуланады? – Жоқ.
15. Есек түлкіден аулақ кетеді? – Жоқ.
16. Түлкі оны өліп жатқан арыстанның қасына әкеледі? – Иә.
17. Есек көк шалғынға тойынады? - Иә.
18. Арыстан оған ұмтылады, бірақ есек қашып кетеді? – Жоқ.
19. Түлкі арыстанға миды жемес бұрын көлге барып су ішіп кел дейді? – Жоқ.
20. Арыстан келгенде, түлкі оған миды дайындап қояды? – Жоқ.
21. Мынаның миы көп екен дейді арыстан? – Жоқ.
22. Арыстан сен сондай ақылдысың дейді түлкі? – Жоқ.
23. Түлкінің аңқаулығы байқалды? – Жоқ.
24. Арыстан өз-өзіне қуанады? – Жоқ.
25. Түлкінің іс-әрекеті әділ? – Жоқ.
Ендеше балалар 4 кезең бойынша балымызды есептеп шығарайық.
Нәтижеге жеттік пе? 3 шапалақ.
Ендеше оқушылар дәптерімізді ашып,өтіліп жатқан тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор жазамыз.(Сөздер қысқармай анық жазылады.) Мәтіннен түсінгенімізді жазамыз 5 минут уақыт беріледі. 31 сөз жазуымыз керек.
Шапалақпен бастаймыз.
5 минут уақыт аяқталған соң көршімізбен алмастырып, неше сөз екенін астына жазып қоямыз.
Енді оқушылар 31 сөзден жоғары кім жазды?
Ең жоғары сөз жазған оқушы оқиды.
Ең төмен сөз жазған оқушы оқиды.
Ендеше балалар 5 кезең бойынша балымызды есептеп шығарайық.