ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа дайындық. ІV. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру Сөздік жұмыс: Сергіту сәті V. Жаңа материалды мұғалімнің бекітуі | Балалар бүгінгі жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақырыбымзға баайланысты видеофильм көріп алайық. - Балалар ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Астана-бас қала» Астана кеше ғана басқа қала, Айналды бәйтеректі Астанаға. 1.Мәтінді түсініп оқы. Астана- бас қала. -Біз бүгін еліміздің бас қаласы –Астана қаласына саяхатқа барамыз,- деп мұғалім оқушыларды үлкен қуанышқа кенелтті. Астана саяхатшылары Есіл өзенінен ескен қоңыр салқын самалымен,құшақ жайған кең даңғылдарымен қарсы алды.Бұл даңғылдар бойында жақында ғана салынған өте әсем ғимараттар: Президенттік мәдени орталық, Коргресс-холл,Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті,Пирамида,тағы басқа ғажап құрылыстар бой түзеген.Балаларға әсіресе ұнағаны ертегі гүліне ұқсайтын биік Бәйтерек мұнарасы болды. Оқушылар жол жөнекей мұғалімнің айтуынан 2008 жылы 6 шілдеде Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы аталып өткенін білді.Астанаға әлемнің көптеген елдерінің Президенттері, өзге де мәртебелі қонақтар жиі келіп тұрады.Бұрынғы облыс орталығы болған бұл қала азғана уақыт ішінде мүлде өзгеріп кетіпті.Ол планетамыздағы ең әсем қалалардың біріне айналған.Сол себепті оған ЮНЕСКО «Әсем қаласы »деген атақ беріпті. Енді біраз жылдан кейін мұнда ең кемі миллион адам тұратын үлкен қала болмақ. Қазақстан –бүгінгі мына өздерің сияқты жас балалар ертең ержетіп,Астананы бұдан да әсем етіп көркейте беретін болады,-деді мұғалім. Біздің Астанамыз неткен көркем! –деді Зерек жан-жағына таңырқай қарап .-Апай, біздің жеріміз өте үлкен дедіңіз ғой.Оны біз бір күннің ішінде қалай көріп шыға аламыз? -Рас, балалар ,біздің Қазақстанның жері өте үлкен.Оны бір күнде емес, бірнеше күн ішінде де аралап шыға алмаймыз.Сондықтан біз онымен анау көрнекі етіп ілінген Қазақстан Республикасының к артасы арқылы танысып шығуымызға тура келеді. Қазақстан- ежелгі ел.Бірақ ол әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылы ғана тәуелсіз мем лекет ретінде орын алды.Біздің Мемлекет Еуразия құрлығының дәл ортасында тұр. Ал Еуразия –Жер планетасындағы ең үлкен құрлық,- деп түсінік берді мұғалім. - Мына картаға неше түрлі суреттер салыныпты ғой,-деді Дарын. -Ол суреттер еліміздің қандай байлықтары бар екенін көрсетеді.Қазақстан күміс,хромит,қорғасын мен мырыш өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орында, мұнай,көмір,мыс,никель және фосфат шикізатын өндіру бойынша екінші орында,ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр.Қазақстанда мұнай мен газдың мол қоры бар. Республикамыз әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына кіреді,-деп сөзін аяқтады мұғалім. -«Қазақстанның пайдалы қазбалары » ойынын ойнайық. Сендер геолог екенсіңдер дейік. Міндеттерің –Қазақстанды тұтас шарлай жүріп , қазба байлықтары бар кен орындарын мүмкіндігінше қөбірек табу деп есептейік. -Қане, ойынымызды бастайық.Картада суреттер арқылы нелер көрсетілген? -Газ, мұнай шығатын жерлер, ғарыш айлағы,егін шаруашылығы , мал шаруашылығы орындары, көмір,алтын болат,мыс өндіретін кен орындары,Президент ғимараты,Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, тағы басқалар көрсетілген. -Дарынныңм атап шыққандарын өзгелерің төмендегі үлгіге қарап, таратып әңгімелеңдер. Үлгі:- Зерек, сен мал шаруашылығы туралы не білесің? -Менің білуімше, Қазақстанда мал шаруашылығы ерте заманда –ақ қалыптасып, дамыған екен.Мал шаруашылығына жылқы, сиыр,түйе, және қой мен ешкі малдары жатады.Оларды халқымыз төрт түлік мал деп атайды.Малдың бәрі де пайдалы.Мысалы,жылқының сүтінен ашытылатын қымыздың әрі сусын,әрі емдік қасиеті бар.Қойдың жүнінен мата тоқып, киім тігеді. Руда-кен ЮНЕСКО - Білім беру ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйым. 46 - жылы Париж қаласында құрылған. Конгресс хол - ағылшын тілінен аударғанда жиналыс бөлмесі. Пирамида - ертегі тастан салынған Мысыр перғауындарының мазары. 2.Мәтінді бөліктерге бөліп ,оларды біріңнен кейін бірін жалғастырып оқы. 3.Мәтіндегі не туралы айтылған. 4.Мәтіндегі жер-су ,кісі аттары қалай жазылған? 5.Қазақ жерінің табиғатын, кен орындарын, атақты адамдарын дәптеріңе топтап жаз. Таулары : Көлдері: Ағаштары: Кен байлықтары: Атақты адамдары: 6.Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен ірі құрылыстарын білесің? 7.Ойпат,өзек, ылғал,алып,қойнау сөздерінің мәнін түсініп, оларға мағынасы жақын келетін сөздер тауып жаз. | Жаңа тақырыппен танысады. Мұғалімді тыңдайды. Сөздікпен жұмыстанады. Сергіту сәтін орындайды. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. | Сабаққа белсене қатысады. Қызығушылықтарын көрсетеді. Сөздік дәптерлеріне жаңа сөзді жазады Сөздік қорларын молайтады. Ойын жинақтайды. Оқу ақпаратын модульдеп үйренеді. Қосымша ақпараттармен жұмыстану арқылы ой бөліседі. Алған ақпаратты пайдаланып, ойларын жазбаша білдіреді. Сергіту сәтін орындау арқылы бойларын жазып, сергіп алады. Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты меңгергендері көрінеді. |