Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у Дарабоз»
Сабақтың тақырыбы: Дарабоз.
Сабақтың мақсаты: 1. Тарихи тұлға Қабанбай батыр туралы оқушылардың
білімдерін толықтыру. Жаңа сабақта алған білімдерін
жинақтау арқылы мәтінмен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Көрнекіліктер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы.
1 топ. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы.
2 топ. Қазақ жасағын құрушы.
ІІІ. Жаңа сабақ. ИНСЕРТ ӘДІСІ.
- Жоңғар басқыншылығы, Қабанбай ерлігі туралы не білдік?
Білгендерімізді еске түсірейік.
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не білдік?
1. Соғыстың шығу себебін.
2. Алғашқы жасақ құрамы.
Қабанбай атануы.
Мұғалім: Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерекше ерлік көрсеткен. Бұқар жырау жырларына арқау болған қазақтың хас батыры – Қабанбай туралы білімдерімізді одан әрі Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» мәтінін оқи отырып толықтырамыз.
Ата – анасының бесікке саларда азан шақырып қойған аты – Қабанбай да, Дарабоз да емес, Ерасыл болатын. Он үш жасында бойы үлкендермен теңесіп, ауыл арасына мінген тай құнанның белін қайыстырып жүретін Ерасылды сорайған бойына қарап, жеңгелері «Нар бала» атап кетті.
Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы Шошқаға тап болғаны бар...Қасындағы Жүргенді қатар бала қабандарды көрісімен ауылға қарай шауып бүкіл елді дүрліктіріпті. Ауыл адамдары шапқылап жеткенде Ерасыл бір тастың үстінде демалып отырады. Қасында 2 шошқа теңкейіп жатыр екен.
Ал, енді мәтін неге «Дарабоз» деп аталған, Ерасылға «Дарабоз» атын берген кім? Ол туралы мәтіннен өздеріміз оқып білеміз.
Оқулықпен жұмыс:
Тізбектеп оқыту.
Топтық жұмыс:
Ерасылдың «Қабан батыр» атанатын тұсын тауып оқыту.
Абылай ханның Қабанбайдың ерлігіне берген бағасы айтылған тұсын тауып оқыту.
Іштей оқи отырып, түсініксіз сөздерді түртіп отыру.
Сөздік жұмыс:
Байлам – шешім, тоқтам
Неғайбіл – күмәнді, шүбәлі
Дәптермен жұмыс:
І топ: Сөздер арқылы өлең құрастыру.
Ақ боз ат, соғыс, Қабанбай.
ІІ топ: Шығармашылық диктант.
Қазыбек би –
Тайкелтір –
Балта керей Тұрсынбай –
Шақшақ Жәнібек –
ІІІ топ: Мәтіндегі оқиғаларға сүйене отырып, Қабанбай бейнесін топтастыру.