мүшелеріне қарай талдай білуге білімдерін кеңейту.
2. Ауызша,жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып,
сөйлеуін ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа,іздемпаздыққа,сауаттылыққа әрі
көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,оқулық,нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,практикалық.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың типі: қайталау саабағы
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Сабақтың мақсатын айту.
2.Үй жұмысын тексеру.
3.Көркем жазу.
Вв
Вагон
Автобус
4. Қайталау
Мұғалім: -Балалар,бүгін біз әртүрлі қызықты планеталарға саяхат жасаймыз.Ол үшін бізге сиқырлы бұлт-поезд қажет.Міне,бұлт-поезд да бар.
«Жаңа жыл» планетасы. Сұрақтарға жауап беру.
-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
-Сөйлем мүшелерінің түрлерін атаңдар?
-Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
-Қаратпа сөз дегеніміз не?Мысал келтіріңдер.
(Жаңа жыл туралы музыка тыңдау)
. «Сәтсіздік» планетасы.
Мұғалім: -Балалар,бұл планетада тұратын балалардың жағдайлары нашар,өйткені олар DVD қарайды,компьютердегі ойындарды ойнайды,тіпті оқуды ұмытып,үлкенге- құрмет,кішіге-ізет,сыйластық дегенді ұмытқалы қашан.Қане,көмек берейік.
Оқулықпен жұмыс.221-жаттығу.
Мейрімді алғыс алса,
Мейрімсіз қарғыс алар.
Тапсырма: Мақалды көшіру,сөйлем мүшелеріне талдау,сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.
22-жаттығу.Өзіндік жұмыс.
. Сергіту сәті.
. «Туған күндер» планетасы. Торт құрастыру.Ол үшін мынандай тапсырмалар орындау керек:
а)Жұмбақ шешу;
ә)Сөзбен сөйлем құрау;
б)Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу;
Қызыл шам жанады.
Мұғалім: -Балалар,бізді біреу көмекке шақырып жатыр.Бұл кім еді?
Білгіш бала ауырып қалып,Дымбілмес тапсырманы орындай алмай отыр,яғни әріптерді сөздерді құрай алмай отыр екен.Ендеше көмек берейік.
А М А С Ұ Л Н Ы Қ
Б Ы Н Ш Ы И Б Е
Қ Ң О З Ы Қ М А Ғ Ы Р А
Ғ О Й Р А Т А Ж Ғ Қ А Ң
Тапсырма: Мағынасы жағынан бөлек сөзді табу.Сол сөзге дыбыстық талдау жасау.