| Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сәлемдесу. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды Шаттық шеңбері. Денсаулық ол – шыныққан барлық дене мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол – күлуің, көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, ешбір жерің ауырмай. «Қауіпсіздік сабағы» Жаңа тақырып. Жақсы денсаулық — адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Ой қозғау. Қандай жағдайларда біз өз денсаулығымыздың дұрыс қалыпта болуын қамтамасыз етеміз? Иә, балалар, біз осы салауатты өмір салтын ұстансақ, біздің денсаулығымызға кері әсер ететін жағдайлардан құтыламыз. Жалпы салауатты өмір салты дегеніміз не? сұрағына бейнеролик арқылы жауап алайық Сергіту сәті. Holly Dolly биі Денсаулықтың қастары мен достары Қорытынды. Астында қымбат көлік, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма? Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма? 3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады – ол адам ше? Жоқ. Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен? - Денсаулық. - Қандай мақал білеміз? - Денсаулық – зор байлық. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек. Онда ауырмай әдемі, таза болу үшін өз - өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше. • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет? • Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек. • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. • Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек. | Әнұран шырқайды Өлең жолдарын қайталайды Оқушылар ӨҚН тақырыбымен танысып ережелерді есте сақтайды Тақырып бойынша түсінік алады Сұрақтарға талдау жасайды Оқушылар бейнероликті тамашалайды, талқылайды Әуен ырғағына қарай қозғалады | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=hF8DiGbHnK0 https://www.youtube.com/watch?v=8imYt96wknc |