Просмотр содержимого документа
«Дауысты дыбыстар »
Құлмұратова Сания Амантайқызы «№ 4орта мектебі» ММ
1 сынып
Сабақтың тақырыбы :Дауысты дыбыстар. Тоқылдақ. Сабақтың мақсаты : 1) оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, дыбыс пен әріп туралы түсініктерін пысықтау. Тоқылдақ орман емшісі, құстардың пайдасы туралы түсінік беру; 2) сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту; 3) табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : құстар суреті, интерактивті тақта. Сабақтың түрі : кірістірілген сабақ. Сабақтың әдісі : ойын сабақ. Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң досым,
Сәтті күн сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестікке толсын.
Қазір білім еліне саяхатқа шығамыз.
І тіл орталығы
1)Сөз неден құралады?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Сөйлем дегеніміз не?
Соңынан на қалды?
Алфавитте неше әріп бар?
Дауысты дыбыс нешеу?
Дауыссыз дыбыс нешеу?
Балалар қазір қандай мезгіл?
2) Қыс айы
Қазір құстар, жәндіктер қайда?
Жылы жаққа кетті
Біздің ауылдан қандай құстар көреміз?
Торғай, қарға т.б
ІІ. Жұмбақтар шешіп ойнайық.
1.Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там тұмдап (қарға)
2.Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (көгершін)
3.Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ тоқ етіп соғады. (тоқылдақ)
Бүгін міне тоқылдақ туралы мәтінмен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
11-жаттығу. Оқып, көшіріп жазамыз.
Торғай жем дауысты дыбыстың астын сыз.
Торғай қалай айтылады? Жуан
Жем қалай айтылады? Жіңішке
Дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді екен.
Дауысты дыбыстар созылып айтылып буын құрайды.
Дауыссыз дыбыс созылмай, қысқа айтылады, буын құрай алмайды.
Сергіту.
Математика орталығы
Суретке қарайық. Мына бала қандай бала?
Әдепті, тәртіпті.
Барлығы неше торғай еді? Тоқып нешеуі ұшып кетті?
6-2=4 торғай
Ана тілі орталығы
Мәтінді дауыстап оқимын.
а) тізбелеп оқиды
ә) сұраққа жауап
б) мазмұны
Дүниетану орталығы
Құстар туралы ырым сөздер.
Торғайлар тыным таппай, үрпейісіптуссе күн суық болады.
Сауысқан шатыр астына тығылса, күн боран болады.
Тоталып қарқылдаса аяз болады.
Құстар аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар жауады.
Егер торғайлар дыбыс шығармай қоқақтап отырса, қар жауады.
Балалар құстар да ауа райын болжайтын қасиеті де бар екен.
Бекіту сұрақтары
Біз не үйреніп не білдік?
Торғай, тоқылдақ. Олардың пайдасы бар екенін. Дауыты дыбыстар туралы оқып үйрендік.
Ойын «Құстар»
Қарлығаш, шағала, аққу, құс, сұңқар.
Қорыту.
Балалар табиғатты аялаған малын бағып, бауырында саялаған. Табиғатты «Ана» деп аруақ тұтып, қамқорлығын ешқашан аямаған. Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы заңымыздың 38 бабында әркім табиғатты аялап, құрмет тұтуға міндетті атап көрсеткен.