kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дауыссыз б мен п. 2 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: автормен таныстыру арқылы, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анық - тау.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дауыссыз б мен п. 2 сынып.»

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз б мен п

Мақсаты

1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне тоқталу.
2. Оқушының фонетика бойынша білімін кеңейту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін нығайту;
3. Күз мезгілінің ерекшелігін көре білуге, әдемілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі, типі: қайталау
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, талдау
Көрнекіліктер:көкөністер мен жемістер суреттері, сызба, дауыссыз дыбыс түрлері жазылған парақтар, оқулық

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
- Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә)
- Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
- Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
- я дыбысы (й+а) дыбыстарынан құралған. /иә/
- сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар»

Дауыссыз дыбыстар


Қатаң…

Ұяң...

Үнді...

Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады.

Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.


Көркем жазу: Бб Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап - кітабы, жіп - жібі.

Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу.

Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.


Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.

- Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар?

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Ой толғаныс

Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын анықтау. П дыбысына ауызша талдау жасау.
4. Ой қорыту. Үлестірме парақтардағы дауыссыз дыбыс түрлерін толықтыру. Сөздердегі керек әріптерді қойып, айту.

Үйге тапсырма


5-жаттығуды өздері орындап шығады.
5.Үйге тапсырма: дауыссыз дыбыс түрлерін жаттап келу, 3-жаттығу /12 бет/

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз қ мен ғ

Мақсаты

Білімділік: Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Сөздерде қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын әдісі.

Көрнекіліктері: «Әріптер әлемі» ертегісіне арналған сурет, тест,

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


Негізгі бөлімі: жаңа сабақ

«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты.

А, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.

Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары ағашқа қонып (ұяң) болып қалыпты.

К, қ, п, с, т, ф, х, ... ц, ч, ғ, ш, щ- дыбыстары ағаштың діңіне қонып (қатаң) болыпты.

Л, м, н, ң, р, й, (у)- дыбыстары бұлтқа қонып (үнді) болыпты.

Олар күні бойы қайғырып – жылап, «Не істейміз?» дейді. Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті. Бұларды біз бітірейік- деп, келіседі. Одан кейін олар әріптерден буын, сөз, сөйлем құрапты.


Бүгін дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз

Қ- дауыссыз қатаң

Ғ- дауыссыз ұяң


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Кітаппен жұмыс

Шығармашылық тапсрма

  1. Топ

Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Топыра..., шыра..., жола...ы, жоры..., қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.

Көшеде лақ жүр. Айгүлдің қуыршағы әдемі.

  1. Топ

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

Құлағы- құлақ.


Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Ой толғаныс

Ойын: «Артық сөзді тап» неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.

а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит, балық, май.

ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.

б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.

Қорытынды: Карточка және тесттік жұмыс.

Тест.

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді.

а) 2 ә) 3 б) 4

2. Жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а, ү, о, ұ ә) ы, ұ, а, у б) а, о, ы, ұ

3. Жіңішке дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а. е, о, ү ә) ә, ө, е, і, ү б) о, ә, а, е, ү

4. Жуан айтылған сөзді тап?

а) әже ә) ата б) әке

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) ө-зен ә) өз-ен б) өзе-н

6. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған

а) омар ә) Болат б) әлия


Үйге тапсырма


Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Рефлексия:

  • Сабақ өте ұнады қызыл

  • Сабақ ұнады жасыл

  • Сабақ ұнамады сары

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз к мен г

Мақсаты

Мақсаты:
а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы түсіндіру.
ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.
б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграмма т.б.
Түрі: аралас
Пәнаралық байланысы: дүниетану, ана тілі


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді еске түсіру, пысықтау
Дыбыс деген не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Дауысты

дыбыстар

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ

Жіңішке дауысты дыбыстар:ә, ө, ү, і, е

 

Дауыссыздар

Буын құрай алмайды

Түрлері: қатаң, ұяң, үнді

24 дауыссыз бар

Қатаң дауыссыз: қ, п, т, ш ,щ, ц, ч, ф, с, х, һ.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, з, ж

Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у

Ендеше, Қ қандай дыбыс?
Ғ қандай дыбыс?
Қ, Ғ дыбысының айтылуы туралы не білеміз?
Көкөністердің аттарын атайық.

Көкөністердің қандай пайдасы бар? 
(витамин, адам денсаулығына пайдалы емдік қасиеті бар).
Осы көкөністердің ішінен асқабақ, қызанақ, орамжапырақ сөздеріне Ы дыбысын қосып айтып көрейікші. (асқабағы, қызанағы, орамжапырағы). 
Бұл сөздердегі Қ дыбысы қалай өзгерді?

 

Е Р Е Ж Е:
Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Мысалы: Орақ – орағы, жапырақ – жапырағы. құлақ-құлағы


Мағынаны тану

Жаңа сабақ. 
Дәптерге бүгінгі күн ретін жазу. 
Көркем жазу.
Кк Гг
Оқулықпен жұмыс жасау

Қосымша тапсырмалар
1-тапсырма

Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру. 
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар.
К – дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?
Г – дыбысы ше?
К, Г - қандай дыбыстар?

2-тапсырма

Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.
Бас бармақ, 
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек, 
Кішкене бөбек.                                                                                                                                                                 

Үйрек + і – үйрегі
терек + і – терегі
шүмек + і – шүмегі
бөбек + і- бөбегі

Ережені бір оқушы дауыстап оқу, түсіндіру
Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, Кдыбысы Г-ге айналады. Мысалы: түлік – түлігі, жүзік – жүзігі, керік - керігі

Суреттегі заттардың атын жаз.
Сөздерге і дыбысын қосып айту, сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?
Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй. (бесік)
төсек, бесік сөзіне і әрпін қосып айту, жазу.

  Берілген сөздердің аяғына у әрпін қосып жазу: 
төк – төгу, төгілді, төгеді.
Ек – егу, егілді, егеді.
Тік- тігу, тігілді, тігеді. 
Сөк –сөгу, сөгілді, сөгеді.


Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Ой толғаныс

Топпен жұмыс жасау:

1-қатар 2 – қатар 3- қатар

тәулік көлік еңбек

шуақ жарық ойыншық

Берілген сөздерге і, ы дыбыстарын қосып айту, сөйлем құрау.



Шағармашылық тапсырма:

Балқарағай сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.


Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар,балға, арай, қарға, лақ, арал, айбар, бақа, т.б.


АНАГРАММА “К” әрпіне


1. Ыдыс аяқ

2. Тағам түрі

3. Киюге арналған зат

4. Бұрынғы, ежелгі сөзіне мағыналас сөз.

5.Қарама қарсы тізілген үйлер қатары

6. Су көлігі

Үйге тапсырма


Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Дауыссыз б мен п. 2 сынып.

Автор: Сариева Гүльнар Есенгельдиевна

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372477

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қазақ тілі "Дауыссыз қ мен ғ""
    ["seo_title"] => string(29) "k_azak_tili_dauyssyz_k_mien_g"
    ["file_id"] => string(6) "454621"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517740654"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(40) "kuntizbielik_tak_yryptyk_zhospar_2_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "399430"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489311217"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Дауыссыз к мен ? дыбыстары"
    ["seo_title"] => string(24) "dauyssyzkmiengdybystary1"
    ["file_id"] => string(6) "278432"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453091815"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Дауыссыз ? мен ? дыбыстары"
    ["seo_title"] => string(23) "dauyssyzkmiengdybystary"
    ["file_id"] => string(6) "271076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451371953"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Дауыссыз қ мен ғ"
    ["seo_title"] => string(17) "dauyssyz_k_mien_g"
    ["file_id"] => string(6) "375489"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483590053"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства